С. Елубай «Жалған дүние» романы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, сабақ жоспары. 3 сабақ.
Қысқа мерзімді жоспар
Сабақ: қазақ әдебиеті | Мектеп: Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||||||||||||||||||||
Уақыт: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||||||||||||||||
Сыныбы: 11 L1 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | ||||||||||||||||||||||
Тақырып/бөлім: | Қасым Аманжолов «Өзім туралы» өлеңі, С. Елубай «Жалған дүние» романы. | |||||||||||||||||||||||
оқу мақсаты | 11.1.2.1 әдеби шығармадағы көтерілген мәселелерді қазіргі өмірмен байланыстырып, ұлттық мүдде тұрғысынан ашу; | |||||||||||||||||||||||
сабақ мақсаты | Көркем шығармада көтерілген мәселерге байланысты шығармашылық жұмыс жазады, қазіргі өмірмен байланыстырып, креативті ой қозғайды. | |||||||||||||||||||||||
Құндылықтар | «Мәңгілік ел» жалпықоғамдық құндылығы: Мәдениет, тіл мен тарих бірлігі | |||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс: | Қазақ тілі, тарих пәндерімен байланысады. | |||||||||||||||||||||||
АКТ дағдылары: | таныстырылым, бейнебаян | |||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийі |
| |||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Сұрақтарға жауап беру барысында пайдалы тіркестер: Менің ойымша, ......... Менің пайымдауымша, ........... Егер өз сөзімді қорытындыласам, ............. | |||||||||||||||||||||||
Меңгерілген білім | ||||||||||||||||||||||||
Жоспар | ||||||||||||||||||||||||
Уақыт | Іс-әрекет | Дереккөзі | ||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 5 минут | Оқушыларды қарсы алу, сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстыру, бағалау критерийімен келісу. «Миға шабуыл» стратегиясы. Шығармадағы кейіпкерлер
| слайд | ||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 10 минут 20 минут | Оқушылар С. Елубай «Жалған дүние» романын оқып келеді. ЖЖ Тапсырма. №1. КРЕАТИВТІ МАТРИЦА. Көтерілген мәселені анықтайды. Оқушылар шығарма үзіндісінде берілген негізгі түсініктер мен сөз, сөз тіркестерін және көтерілген мәселелерді анықтайды.
Дескриптор. 1.Мәселелерді анықтайды; 2.Кімдерге қатысты екенін және орнын анықтайды. Бағалау. Жұптар дескриптор арқылы бірін-бірі бағалайды. Тапсырма. №2 Жазушы шығармада көрсеткен шынайы өмірдегі құндылықтардың қазіргі кездегі маңыздылығын сипаттап, өмірмен байланыстырып жаз. Қаламгердің жан дүниесінен бастау алған осындай құнарлы ойлардың романда өз жалғасын тапқанына куә боламыз. «Жалған дүние» романындағы Едігенің бойынан автордың өз «мені» мұндалап тұр. Автор адам тағдыры арқылы ғалам сырына, адамзат тағдырына көз тігіп, терең философиялық ой түйеді. Едіге де адамның ғаламның бір бөлшегі екенін жүрегімен сезіне біледі. Оқиға психологиялық арнада дамиды: «Телеграф бағанының Аспан үніндей күңіренісі мүлдем соны, тосын саз еді... Тозаңды дауыл қозғаған телеграф сымдары тербеле сарындап әндетеді. Таусыла боздайды. Ары жағындағы алабұртқан Аспан үні екен дейсің. Аспан үні, Аспан мұңы, Аспан жыры. Ұланғайыр шексіздік, кеңістік толғауы. Көмекейі көсілген, зор ауқымды аламан күңіреніс. Күй шерткен ғалам. Күңіренген ғалам. Бұл таң қалып, қалшиып тұрып тың тыңдады. Аласапыран табиғат ана жырына ұйыды.Ұлы жаратылыс тіл жетпес телегей теңіз сыр ақтарды. Мың сан қиял құсыңды сайратып, сан-саққа самғатады... Ақыл жетпес кеңістік өз табаны астындағы мынау бір қылтанақтай жан иесіне – Едігеге қарап тебіренеді. Өзінің ешбір өлшемге сыймас, уақытқа сыймас шексіздік мәңгілік болмысынан хабар береді» Дескриптор: 1.Құндылықтардың маңыздылығы; 2. Креативті ойлар жазу; 3.Құрылымдық ерекшелігін сақтау; 4. Сипаттаудың басымдылығана назар аудар. Бағалау. Мұғалім дескриптор арқылы бағалайды. | С. Елубай «Жалған дүние» | ||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Кері байланыс. «Сезім ағашы» Тақтада екі түрлі ағаш суреті берілген бірі – жайқалған ағаш, екіншісі – жалаң ағаш. Өзім мен сабақта көп ақпарат алдым, мен мақсатыма жеттім десе гүлденген ағашқа, мен өз жұмысыма қанағаттанбадым,маған қиын болды десе – жалаң ағашқа стикерлерін жабыстырады. Үйге тапсырма: Жазушы шығармада көрсеткен шынайы өмірдегі құндылықтардың қазіргі кездегі маңыздылығын сипаттап жаз. | |||||||||||||||||||||||
Қосымша ақпарат: | ||||||||||||||||||||||||
Дифференциация. Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау -Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қазақ әдебиеті, биология АКТ-мен байланыс. Презентация, бейнебаян ұсыныладыҚұндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | ||||||||||||||||||||||
Рефлексия |
Ойлану | Сабақты мақсатқа сай етіп құруда кейде мақсаттың саған жұмыс істеуге мүмкіндігі жетпей жатады. Ол үшін көп ойлауға уақыт керек. Бұл сабақта әдебиет теориясына көбірек көңіл бөлу керек болды. |
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?