Қасым Аманжолов «Өзім туралы» өлеңі. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ: қазақ әдебиеті

Мектеп: Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Уақыт:

Мұғалімнің аты-жөні: Темешова А.А.

Сыныбы: 11 L1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Тақырып/бөлім:

Қасым Аманжолов «Өзім туралы» өлеңі, С. Елубай «Жалған дүние» романы.

оқу мақсаты

11.1.4.1 көркем шығармалардан алған үзінділерді ғаламдық тақырыптағы өзекті мәселелермен байланыстырып, шығармашылық жұмыстарда қолдану;

сабақ мақсаты

Көркем шығармалардан алған үзінділерді ғаламдық тақырыптағы өзекті мәселелермен байланыстырып, шығармашылық жұмыстарда қолданады.

Құндылықтар

«Мәңгілік ел» жалпықоғамдық құндылығы: Мәдениет, тіл мен тарих бірлігі

Пәнаралық байланыс:

Қазақ тілі, тарих пәндерімен байланысады.

АКТ дағдылары:

таныстырылым, бейнебаян

Бағалау критерийі

  • көркем шығармалардан алған үзінділерді ғаламдық тақырыптағы өзекті мәселелермен байланыстырады;
  • шығармашылық жұмыс орындайды.

Тілдік мақсаттар

Сұрақтарға жауап беру барысында пайдалы тіркестер:

Менің ойымша, .........

Менің пайымдауымша, ...........

Егер өз сөзімді қорытындыласам, .............

Меңгерілген білім

Жоспар

Уақыт

Іс-әрекет

Дереккөзі

Сабақтың

басы

5 минут

Оқушыларды қарсы алу, сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстыру, бағалау критерийімен келісу.

слайд

Сабақтың ортасы

30 минут

Қызығушылықты ояту.

Оқушылар 3 топқа бөлініп, «Сіз білесіз бе?» жаттығуын орындайды, шығарма желісі бойынша сұрақтарға жауап береді,бірін – бірі толықтырады.

1-топ: С. Елубай «Жалған дүние» романында қандай ірі оқиғалар орын алған? Олардың орны мен уақыты туралы не білеміз?

2.-топ: Романдағы басты кейіпкерлер кім? Олардың тағдыры қандай еді?

3-топ: Романда көтерілген мәселені жаһандық байланыста қарастырсақ, нені тілге тірек етер едік?

Мұғалімнің сөзі:

«Жалған дүние» романының алғашқы беттерінен бастап-ақ тығырыққа, тұйыққа тірелу образы бой көрсетеді. Бірінші тарауда автор Хансұлудың қазіргі жағдайымен таныстырады. Оның трагедиясын күшейтетін жағдайлар: Шегенің өлімі, жесірлік тауқыметі, қызы Үміттің «бағының жанбауы», күйеу баласының асылып өлуі, баласы Түгелханның отбасымен ажырасуы, араққа салынуы т.б. Тұйықтан шыға алмау идеясы Едігенің де өмірінен сезіледі. Бұл мотив роман барысында тереңдей отырып, жаңа детальдармен толығады. Жеке тұлға тағдырының тұйыққа тірелуі жазушы шығармаларында әлеуметтік реңкке боялған. Әлеуметтік тұйық біртіндеп рухани тұйыққа айналады. Жазушыны кеңестік қоғамда орын алған әділетсіздіктер, жеке тұлға өміріндегі трагедиялық жағдайлар ғана қызықтырып қоймайды, ол адамдардың мінез-құлқын, әсіресе ішкі қарама-қайшылықтарды шешуге талпыныс жасаған жеке тұлғаның рухани әлемін зерттейді. Осы ретте романда басты қаһарман Едігенің образы қызықты. Қоғамнан қысым көрген Едіге рухани, адамгершілік тұйыққа тіреледі. Оны «Тірліктің мәні неде? Не үшін өмір сүрдім? Жаратқан Иенің адамды жаратудағы мақсаты не, не үшін жаратты, не үшін Жер бетіне жіберді?» дегендей ауқымды сұрақтар мазалайды. Шығарма шешімінде тұйықтан шығу мүмкіндігін таңдауда автор дауысын аңғарамыз.

1-тапсырма. Берілген үзінді бойынша өзіндік пікір білдіріңдер.

Осы тұста жел екпіні үдей түсіп, Аспан асты ұлы ағысқа ілесе үдере көшеді. Сол ұлы көшкіннің екпіні Едігені «қалт-құлт еткен бір жалғыз түйір жаңқадай» қалтақтатып, итеріп әкетеді. Дедектеп келе жатқан Едігенің көңілі де қым-қиғаш, сезімі алай-дүлей бұрқанысқа толы. Жел екпіні екілене соғып, кейіпкерді ұшыра жаздайды. Ұйытқып, қым-қиғаш аласұрады. Жүгіріп басып келе жатқан қаһарманның ширыққан тебіренісі: «Осы кеткені кеткен. Кейін қайтпақ емес. Біржола кетеді. Мына заман, мына қоғам, мына тозақ тірліктен өстіп, қашып құтылады. Қашып барады Едіге. Бұ заман, бұ қоғамның өгей баласы екен, енді аялдайтын несі қалды?! Кетеді. Бет ауған жаққа безеді. Жоғалады... Қарасын батырады. Екі қолын төбесіне қойып, бас ауған жаққа қаңғып кетеді. Сөйтіп, «мәселені шешеді». Мына қым-қуыт аласапыран шудан азат болады. Мәңгі азат болады. Бұған кер заман сыртын берген екен, бұл неге сол кер заманға сыртын бермеске?! Едігемен ұстасқан, Едігемен тістескен заман!!! Кер заман!!! Мен жеңілдім! Сен жеңдің! Мен жалғыз да, сен – көпсің. Сен қал! Мен кеттім! Қарамды батырдым. Қош!!! Едігесіз қалғанына бұл қоғам, бұ заман қуанбаса, қуармайтын тәрізді. Жалғызға қашанда жабыла кетуге бейім, ылғи да жалғызды жайпап тастауға бейім, қатыгез де әділетсіз дүние кәзірде құлан тұтып тұр, бұны тезірек қыр асыра тұрып қарасын батырғысы келетіндей. Тездетіп ізін сипап өшіргісі келетіндей. Сол үшін жанталасатындай...

 Жазушы шығармада қандай мәселелер көтерген? Жазушы көтеріп отырған маңызды деген үш мәселені ұсыныңыз. Автор көтеріп отырған маңызды мәселені өз көзқарасыңызбен дәлелдеңіз.

 ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 2-тапсырма. Кестемен жұмыс.

 

 Жазушы көтеріп отырған маңызды деген үш мәселені атаңыз

Автор көтеріп отырған маңызды

мәселені өз көзқарасыңызбен

дәлелдеңіз.

 

 

 

 

 

 

 

 Дескриптор:

 - Жазушы көтеріп отырған маңызды деген үш мәселені анықтайды;

- Автор көтеріп отырған маңызды мәселені өз көзқарасыңызбен дәлелдейді.

 3-тапсырма

 Шығарманың құрылымына, әңгімешінің бейнесіне, шығармадағы адамдар тағдырына, кейіпкерлердің қабылдаған шешіміне, жазушының көзқарастарына байланысты

 5 проблемалық сұрақ ойлап жазыңыз.

  •  ………………………………………………………………………………………
  •  ………………………………………………………………………………………
  •  ………………………………………………………………………………………
  •  ………………………………………………………………………………………
  •  ………………………………………………………………………………………

Дескриптор:

-5 проблемалық сұрақ құрастырады;

-шығармадағы маңызды мәселелерді қамтиды.

Бағалау. Мұғалімнің бағалауы.

С. Елубай «Жалған дүние»

Сабақтың соңы

5 минут

Кері байланыс. Балалар, бүгінгі сабақ ұнады ма?

Не қиын болды? Не ұнады? Қандай жаңа мәлімет алдыңдар? Сабақта кім ерекше белсенді болды?

Сабақтан алған әсерлерін 2 жұлдыз, 1тілек әдісімен бағалайды.

Үйге тапсырма: С. Елубай «Жалған дүние» романындағы көркемдегіш құралдарды анықтау, мәнін ашу (10 мысал теріп жазу).

Қосымша ақпарат:

Дифференциация. Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау -Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қазақ әдебиеті, биология

АКТ-мен байланыс.

Презентация, бейнебаян ұсыныладыҚұндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Рефлексия

Ойлану

Сабақты мақсатқа сай етіп құруда кейде мақсаттың саған жұмыс істеуге мүмкіндігі жетпей жатады. Ол үшін көп ойлауға уақыт керек. Бұл сабақта әдебиет теориясына көбірек көңіл бөлу керек болды.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу