Қасым Аманжолов «Өзім туралы» өлеңі. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, презентация. 3 сабақ.
Сабақ мақсаты:
Шығарманы ғаламдық тақырыптармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалайды.
Қасым Аманжолов – өз ғұмырында өзіне өлеңнен ескерткіш қойған ақын. Ақынның «Өзім туралы» өлеңі – адам өмірінің мәні мен өнер табиғатын көркем жинақтайтын философиялық мағыналы туынды. Қасым Аманжоловтың «Өзім туралы» өлеңі – көп қырлы, терең мағыналы шығарма. Ақын бұл өлеңді шығармашылығының кемелденген тұсында жазған. «Өзім туралы» өлеңі автордың өз тағдыры туралы ойларынан басталып, кең арналы тақырыптарды көтереді. Олар: аға ұрпақ аманаты, келер ұрпақ парызы, адам тіршілігінің мәні, адамгершілік жайы, адамзат тіршілігіндегі жеке тұлғаның мән-мұраты, адамның болмыстағы орны, өткінші өмір, уақыт мәселесі, өшпес өнер табиғаты, ұрпақ пен дәстүр жалғастығы, ақынның келер ұрпаққа аманаты терең философиялық толғамдарда көркем сөз образдарымен шебер өрілген.
1-тапсырма. Аталған тақырыптар ашылған өлең шумақтарынан үзінділер келтіріңіз. Неліктен олар ғаламдық тақырыптар төңірегінен орын алады деп ойлайсың?
Дескриптор:
-ғаламдық тақырыптар бедерленген өлең шумақтарынан нақты мысалдар келтіреді;
-мәнін ашады.
Кері байланыс:
Балалар, бүгінгі сабақ ұнады ма?
Не қиын болды? Не ұнады? Қандай жаңа мәлімет алдыңдар? Сабақта кім ерекше белсенді болды?
Үйге тапсырма:
«Өмір мәні неде?» деген тақырыпта ақын өлеңімен ұштастыра отырып, ойтолғау жазу.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?