Қ.Аманжолов «Өзім туралы» өлеңі. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, сабақ жоспары. 2 нұсқа.


 «Таныстым»

 Қазақ тілі әдістеме бірлестік жетекшісі:

_____________

Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ: Қасым Аманжолов «Өзім туралы» өлеңі

Мектеп:

Уақыты:

2-сабақ

Мұғалімнің аты-жөні:

Сыныбы: 11

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Белгілі бір оқыту мақса

ты; Осы сабақтың сол мақсатқа қол жеткізуде тигізетін үлесі

11.2.4.1 көркем шығармадағы ғаламдық тақырыптарға креативті ой қосып, шығармашылық жұмыс (эссе, әдеби және еркін тақырыптарға шығарма) жазу;

Сабақ мақсаты

  • эссе, әдеби және еркін тақырыптарға шығарма жазу;

Бағалау критерийі

  • көркем шығармадағы ғаламдық тақырыптарға креативті ой қосып, шығармашылық жұмыс (эссе, әдеби және еркін тақырыптарға шығарма) жазу;

Тілдік мақсаттар

ата-ана, құрмет, үлкенді сыйлау, кішіге ізет көрсету, туыстық атаулар

Осыған дейінгі меңгерілген білім

Қ.Аманжолов «Өзім туралы»

Құндылықтар

- құрмет

- ынтымақтастық

Жоспар

Уақытты жоспарлау

Іс-әрекет

Дереккөздері

Сабақтың

басы

5 минут

Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу. Бүгінгі өтілетін тақырыппен және мақсаттармен бөлісу – тақтаға жазу. Күтілетін нәтижелер анықталады.

Ортасы

5 минут

5 минут

5 минут

15 минут

Қызығушылықты ояту

Қазақстан ұлттық арнасының «Таңғы хабар» бағдарламасынан Сырым Аманжанның орындауындағы Қ.Аманжоловтың "Өзім туралы" әнін бірге айтады.

Білгенге маржан!

Қасым Аманжолов «Өзім туралы» өлеңінде қандай ақпараттар айтты?

Жеке өміріне қатысты не айтты?

Шығармашылығы сөз болды ма?

Өзінің бойындағы қандай қасиеттері туралы айтылды?

«Өзім туралы» тақырыбында массагет сайтынан алынған әдеби шығармамен танысады. Мұғалім оқып береді.

 Өзім туралы айта берсем өте көп гой... Сондықтан тек қысқаша қана айтайын.Атырау қаласы Махамбет ауданы Алға селосында тұрамын.Мен массагетке келгелі көп болған жок шамамен 3-4 ай болды кездестіргеніме бірақ осы 2 айлықта ғана тіркелдім.Массагет керемет сайт екен жаңалықтарды бейнебаяндарды көбіне соларды көремін!!!Массагетке келгелі көп адамдарменде танысып улгерген жоқпын...Маган білмегенімді үйретерсіздердеп ойлаймын…    

 Мен 1999 жылы 2 ақпанда туылдым қарапайым отбасында турамын бауырларым бар.Алға қойган мақсаттарым көп...         Мінезіме келер болсақ тек ашуланымын бірақ тез ұмытып кетемін көп кездерді шыдамсызбын адамдар, көпшілік орталарды жақсы көремін.Қараңғы бөлме әсерлі музыка көп ұната бермеимін.Жалғыз қалғанды да дәл солай ұнатпаймын.Көбіне ұстаныммен өмір сүремін оданда қатты жалығатын кездерім көп болады.Ренжіген,көңіл күйім мүлде жок болған кездері ақ парақпен тілдесемін.          

Көбіне класстастар достарым арасында унемі қуанышты жүремін достарымның қалжындап айтқан кейбір ауыр сөздерін көтере білемін оларға ренжіп қалатын кездерім өте сирек. Қазір 8-сынып оқушысымын мінезім өзім туралы айтқанда сүйікті естерімдіде айта кетейін. Мен кәсіби суретші болмасамда сурет сала бергенді ұнатамын,фотоға тусірігендіде өте жақсы көремін түсіріп қана қоймай көбіне өзім түсемін...

1-тапсырма

Әр оқушы Қ.Аманжоловтың «Өзім туралы» өлеңін негізге ала отырып, үлгіге сай «Өзім туралы» тақырыбында шығарма (120-150 сөз) жазады.

Дескриптор:

- көркемдік құндылығын сақтай отыра өзі туралы жаза алады;

- грамматикалық ережелерді сақтайды;

- сөз санын сақтайды;

- креативті жазады.

Жұптық бағалау.

https://www.youtube.com/watch?v=4kjRt7YtG1g

https://massaget.kz/blogs/4867/

Соңы

5 минут

Рефлексия: Екі жұлдыз, бір тілек

Үйге тапсырма:

Өлеңдегі кейіпкерлер бейнесі бар тұстарды жаттап келу.

Қосымша ақпарат

Бөліп оқыту – көбірек қолдау көрсету үшін сіз не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай күрделі тапсырма бересіз?

Қабілеті жоғары оқушыларға мәтін беру арқылы жұмыс жасатамын. Мәтінді көркем тілмен мазмұндауға дайындаймын

Бағалау – оқушылардың білімін қалай тексересіз?

Өзара бағалау, топтық бағалау, топ ішінде бір бірін бағалау әдісін қолданамын.

Пәнаралық байланыс.

Биология, астрономия, география пәнімен байланыстырамын.

Қауіпсіздік ережелері

Адам өмірі-бәрінен де қымбат.

АКТ.

Шығармадан үзінді көрсету арқылы, топтық жұмыста АКТ қолдандырамын.

Құндылықтар.

Мектеп құндылықтары арқылы тәрбиенің негізін беремін.

 

 

 

 

 

 

 

 Өзім туралы айта берсем өте көп гой... Сондықтан тек қысқаша қана айтайын.Атырау қаласы Махамбет ауданы Алға селосында тұрамын.Мен массагетке келгелі көп болған жок шамамен 3-4 ай болды кездестіргеніме бірақ осы 2 айлықта ғана тіркелдім.Массагет керемет сайт екен жаңалықтарды бейнебаяндарды көбіне соларды көремін!!!Массагетке келгелі көп адамдарменде танысып улгерген жоқпын...Маган білмегенімді үйретерсіздердеп ойлаймын...           

 Мен 1999 жылы 2 ақпанда туылдым қарапайым отбасында турамын бауырларым бар.Алға қойган мақсаттарым көп...         Мінезіме келер болсақ тек ашуланымын бірақ тез ұмытып кетемін көп кездерді шыдамсызбын адамдар, көпшілік орталарды жақсы көремін.Қараңғы бөлме әсерлі музыка көп ұната бермеимін.Жалғыз қалғанды да дәл солай ұнатпаймын.Көбіне ұстаныммен өмір сүремін оданда қатты жалығатын кездерім көп болады.Ренжіген,көңіл күйім мүлде жок болған кездері ақ парақпен тілдесемін.          

 Көбіне класстастар достарым арасында унемі қуанышты жүремін достарымның қалжындап айтқан кейбір ауыр сөздерін көтере білемін оларға ренжіп қалатын кездерім өте сирек. Қазір 8-сынып оқушысымын мінезім өзім туралы айтқанда сүйікті естерімдіде айта кетейін. Мен кәсіби суретші болмасамда сурет сала бергенді ұнатамын,фотоға тусірігендіде өте жақсы көремін түсіріп қана қоймай көбіне өзім түсемін...

ӨЗІМ ТУРАЛЫ

Өзге емес, өзім айтам өз жайымда,Жүрегім жалын аткан сөз дайында.Тереңде тұнып жатқан дауыл күйдіТербетіп, тулатып бір қозғайын да…

Аманжол Рақымжанның Қасымымын,Мен қалған бір атаның ғасырымын.Біреуге жұртта қалған жасығымын,Біреуге аспандағы асылымын.

Шарлаған жолым жатыр жер бетінде,Көрінер көлеңкесі келбетімде.Қай жерде үзіледі қайран сапар,Түйін боп өмірімнің бір шетінде?

Сол жерге қалармын ба мәңгі тоқтап,Жоғалып жер бетінен сүрлеу-соқпақ?Немесе бастармын ба екінші өмір,Жалынды жыр жолында қызыл шоқ қап?

Дүние, жалт-жұлт еткен кең мекенім,Көре алмай көп жерінді мен кетемін.Арпалыс алақұйын заманаларАрбасып тұрып алды, мен не етемін?!

Өмір жоқ түскен жерде бір арнаға,Көп күттім, көп тіледім құмарлана.Қайтейін, жетер емес қысқа өмірім,Алыстан көрінгенмен мұңарлана.Сен неткен бақытты едің, келер ұрпак,Қараймын елесіңе мен таңырқап.Жаңғыртып жер сарайын сен келгенде,Көрпемді мен жатармын қырда қымтап.

Жүзінде кәрі жердің әжімі көп,Ізімді табарсындар әзер іздеп.Оқырсың сонда, мүмкін, бұл жырымды,«Досың да, туысың да біздерміз», – деп.

Ризамын туғаныма адам болып,Өкінбен қаламын деп бір күн солып.Адамзат сапарының мейманымызБір мезет жер бетіне кетер соғып.

Екі көз – екі жұлдыз мандайдағы,Көруші ең қүбылысты кай-кайдағы.Япырмай, сен де бір күн сөнермісіңҚап-қара түнек болып маңайдағы?!

Өкінбен мен де бір күн өлемін деп,Өкінем ұқсата алмай келемін деп.Күніне жүз ойланып, мың толғанам,Өзіммен бірге өлмесін өлеңім деп.

Барым да, бақытым да осы өлеңім,Жақыным, жүрегімнің досы өлеңім.Өмірге келгенім жоқ бостан-босқа,Мен қайтіп босқа жасап, босқа өлемін?!

Гүрілдеп жалын атқан кеудем – көрік,Сөз соғам құлашымды еркін керіп.Суарып шынықтырам күйге малып,Болсын деп әрі әдемі, әрі берік.

Құя алман үгітілген балшық өлең,Көңілімде көл жасаман тамшыменен.Серінің семсеріндей сертке таққанӨлеңнің өткірін бір алшы менен.

Ежелден еркебұлан Қасым едім,Бұлқына тасып едім, басып едім.Жүзім – жаз, көңілім – көктем, кең пейілді,Жақсының жүрегіне ғашық едім.

Сөзім – жыр, лебізім – күй, ерке едім,Өз жерім, өз елімде еркеледім.Өмірдің алтын сарай аспанынаҚиялым қақты қанат ерте менің.

Кең жайдым құлашымды дүниеге,Білдім мен қайғыра да, сүйіне деӘйтеуір, әрі-сәрі болғаным жоқ,Ұқтым мен көңілімнің күйі неде…

Аяған жүрегім жоқ жолдасымнан,Сый көрді небір сараң мол Қасымнан.Жолдастың жүзін қайта алдым жинап,Айрылсам ала көңіл он досымнан.

Қасыммын, сол баяғы бір Қасыммын,Бақытын ойламаймын құр басымның.Тымырсық түнек болсаң – дұшпаныңмын,Ақ көңіл адал болсаң – сырласыңмын.

Боламын ақын Қасым әлі де менӨлеңін бөбегіндей әлдилеген.Қанатын қағып жылдам келер жылдар,Бәрін де қарсы аламын ән-күйменен.

Бір күн от өмірім қалса өшіп,Қайран ел туған жерден кетпес көшіп.Торқадай жамылып ап топырағын,Жатармын өз жерімде бір төмпешік.

Дариға, о, дариға, шіркін дәурен,Басымнан таярмысың бір күн, дәурен?!Жалт беріп жоғалар ма нажағайдайЖүзіңде шалқып тұрған күлкім, дәурен.

Тоқтамас өмірімнің сағатындайЖүрегім енді қанша соғар тынбай?Тыншыр ма ақтық рет бір талпыныпМерт болған балапанның қанатындай?

Түсірген ой сәулесін шап тарапқа,Ақылдың алты оты сөнген шақта,Бұл күнде саңқылдаған сұнқар үнім,Кетерсің судай сіңіп табиғатқа.

Сондықтан ап кел бері домбырамды,Кеудеме күй қанатты қондыр әнді.Берейін өмірімнен өлең жасап,Шашайын оңды-солды мол мұрамды.

Дүниеге келер әлі талай Қасым,Олар да бұл Қасымды бір байқасын.Өртке тиген дауылдай өлеңімдіҚасымның өзі емес деп кім айтасың?!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу