С.Елубай. «Жалған дүние» романы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, сабақ жоспары.


«Таныстым»

Қазақ тілі әдістеме бірлестік жетекшісі

_____________

Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ: Қазақ тілі мен әдебиеті

Мектеп:

Уақыты:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сыныбы: 11 Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

С.Елубай. «Жалған дүние» романы

Оқу мақсаты

11.2.3.1

Әдеби шығармадағы көтерілген мәселелерді қазіргі өмірмен байланыстырып, ұлттық мүдде тұрғысынан ашу.

Бағалау критерийі

Күтілетін нәтиже

Оқушылар шығарма арқылы өзіндік көзқарасын дамытады, басты кейіпкер Едігені қазіргі заман адамымен салыстырып, айырмашылығын анықтайды.

Құндылықтар

«Мәңгілік ел» жалпы қоғамдық құндылығы:

  • Тіл мен мәдениет

Мектеп құндылығы:

  • Құрмет;
  • Ынтымақтастық;

Аталған құндылықтар сабақ тақырыбы арқылы оқушылардың топтаса және жеке отырып жұмыс жасаулары, сын тұрғысынан ойлай білу, ақпаратты өңдей білу,өзіндік көзқарасын дәлелдей алу дағдылары негізінде жүзеге асады.

Пәнаралық байланыс:

Тарих

АКТ-ны қолдану дағдылары:

Презентация, бейнебаян

Тілдік мақсаттар

Тіл мәдениетін дамыту

Осыған дейінгі меңгерілген білім

Жоспар

Уақытты жоспарлау

Іс-әрекет

Дереккөз

дер

Сабақтың

басы

5-6 мин

Бірінші сабақ.

Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу. Назарын сабаққа аудару. Бүгінгі сабақтың мақсатымен танысу. Күтілетін нәтижелер анықтау.

Үй жұмысын сұрау

Мұғалім нұсқаулы

ғы

Сабақтың

ортасы

5-6 мин

5-6 мин

10 мин

10 мин

Мұғалім «Жалған дүние» романының қысқаша мазмұнын оқушылардың есіне түсіріп өтеді.

Мұғалімнің сөзі:

Жазушыныңаң қазіргі қазақ прозасында өзіндік із қалдырған тақырыбы тың, ойы өзекті шығармаларының шоғыры – «Ақ боз үй» трилогиясы. Ол үлкен бір дәуірдің сипатын беретін «Ақ боз үй», «Мінәжат», «Жалған дүние» атты жеке кітаптардан тұрады. Трилогия қазақ қоғамының жиырмасыншы жылдардағы аумалы-төкпелі дәуір шындығын: жаппай ашаршылық, елге төнген нәубет, асыра сілтеу, қазақы дәстүрімізді, ұлттық құндылықтарымызды қирату, одан бергі кезеңдерде жалғасын тапқан заман құқайын, тағдыр тауқыметін шынайы бейнелеп – барлығы біртұтас дүниені құрайды.

С

Сыныппен бірге басты кейіпкер Едігенің іс-әрекетіне талдау жасау.

Ж

Тапсырма №1

Едігенің монологы арқылы сол кездегі өмір мен қазіргі кезді байланыстырып, ұлттық мүдде тұрғысынан қорға.

... Адам тірлігінің мәні, мақсаты неде? Адам өмірінің мәні – қарынның тоқтығы, көйлектің көктігі ме? Жарық дүниеге келген соң адам баласы үшін тәннің қажеттілігі мен жанның қажеттілігі бар. Бірақ адамға, ең алдымен, жанның қажеті, рухтың азығы қажет. Соны ұмытқан сәттен бастап, адамның хайуаннан көп айырмасы болмайды.

Бағалау критерийі:

  • Кейіпкердің көтеріп отырған мәселесін түсінеді;
  • Қазіргі өмірмен байланыстыра алады.

ЖЖ (Мұғалім тапсырманы бермес бұрын, шағын бейнебаян көрсетеді)

Тапсырма №2

Оқушыларға романнан үзінді беріледі.Үзіндіге сүйене отырып, адам мен табиғаттың байланысын 3-4 сөйлеммен дәлелдеп жазады.

Оқиға психологиялық арнада дамиды: «Телеграф бағанының Аспан үніндей күңіренісі мүлдем соны, тосын саз еді... Тозаңды дауыл қозғаған телеграф сымдары тербеле сарындап әндетеді. Таусыла боздайды. Ары жағындағы алабұртқан Аспан үні екен дейсің. Аспан үні, Аспан мұңы, Аспан жыры. Ұланғайыр шексіздік, кеңістік толғауы. Көмекейі көсілген, зор ауқымды аламан күңіреніс. Күй шерткен ғалам. Күңіренген ғалам. Бұл таң қалып, қалшиып тұрып тың тыңдады. Аласапыран табиғат ана жырына ұйыды.Ұлы жаратылыс тіл жетпес телегей теңіз сыр ақтарды. Мың сан қиял құсыңды сайратып, сан-саққа самғатады... Ақыл жетпес кеңістік өз табаны астындағы мынау бір қылтанақтай жан иесіне – Едігеге қарап тебіренеді. Өзінің ешбір өлшемге сыймас, уақытқа сыймас шексіздік мәңгілік болмысынан хабар береді» [2, 513-514].

Қосымша көмек

Мұнда астрофизикалық құбылыс Едігенің өмірімен салыстырылады. Аспан астындағы Едігенің ертеңгі тағдыры көмескі, ал Аспан – мәңгі, құпиясы мол қол жетпейтін жұмбақ. Қаламгер назарын Едігенің алай-дүлей сезіміндегі арпалысқа бұрады. Адамзат табиғатына қашанда тылсым күштер алдындағы шарасыздық, дәрменсіздік тән, Едіге сол күштердің сырын ұғуға талпынады.

Бағалау критерийі:

  • Адам мен табиғаттың байланысын 3-4 сөйлеммен жаза алады;
  • Ұлттық мүддемен байланыстыра алады.

Жұмыстарын оқып, комментарий беру арқылы өзара бағалау

https://articlekz.com/kk/article/23505

С. Елубай

дың «Жалған дүние» ро

манындағы экзистенциалистік мәселелер

https://www.youtube.com/watch?v=d3yEWefWanc

Адам мен табиғаттың байланысы

Сабақтың

соңы

2-3 мин

Әрбір оқушы іштей мына сұрақтарға жауап беріп, өздеріне «5» балдық өлшеммен бағалайды.

  • Менде бәрі сәтті шықты ...
  • Мен үйрендім ...
  • Сабақта мен орындай алдым ...
  • Бәрінен маған ұнағаны ...
  • Бәрінен маған қиын болғаны ...

Үйге тапсырма: С.Елубайдың «Жалған дүние» романының 1 бөлімін оқып келу.

Қосымша ақпарат

Бөліп оқыту – көбірек қолдау көрсету үшін сіз не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай күрделі тапсырма бересіз?

Бағалау – оқушылардың білімін қалай тексересіз?

Бас бармақ әдісі арқылы

Пәнаралық байланыс.

Қауіпсіздік ережелері

АКТ.

Құндылықтар.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу