Қасым Аманжолов «Өзім туралы» өлеңі. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, дидактикалық материал. 1 сабақ.
1-тапсырма. Берілген үзіндіні оқып, өз ойыңды білдір.
Осы тұста жел екпіні үдей түсіп, Аспан асты ұлы ағысқа ілесе үдере көшеді. Сол ұлы көшкіннің екпіні Едігені «қалт-құлт еткен бір жалғыз түйір жаңқадай» қалтақтатып, итеріп әкетеді. Дедектеп келе жатқан Едігенің көңілі де қым-қиғаш, сезімі алай-дүлей бұрқанысқа толы. Жел екпіні екілене соғып, кейіпкерді ұшыра жаздайды. Ұйытқып, қым-қиғаш аласұрады. Жүгіріп басып келе жатқан қаһарманның ширыққан тебіренісі: «Осы кеткені кеткен. Кейін қайтпақ емес. Біржола кетеді. Мына заман, мына қоғам, мына тозақ тірліктен өстіп, қашып құтылады. Қашып барады Едіге. Бұ заман, бұ қоғамның өгей баласы екен, енді аялдайтын несі қалды?! Кетеді. Бет ауған жаққа безеді. Жоғалады... Қарасын батырады. Екі қолын төбесіне қойып, бас ауған жаққа қаңғып кетеді. Сөйтіп, «мәселені шешеді». Мына қым-қуыт аласапыран шудан азат болады. Мәңгі азат болады. Бұған кер заман сыртын берген екен, бұл неге сол кер заманға сыртын бермеске?! Едігемен ұстасқан, Едігемен тістескен заман!!! Кер заман!!! Мен жеңілдім! Сен жеңдің! Мен жалғыз да, сен – көпсің. Сен қал! Мен кеттім! Қарамды батырдым. Қош!!! Едігесіз қалғанына бұл қоғам, бұ заман қуанбаса, қуармайтын тәрізді. Жалғызға қашанда жабыла кетуге бейім, ылғи да жалғызды жайпап тастауға бейім, қатыгез де әділетсіз дүние кәзірде құлан тұтып тұр, бұны тезірек қыр асыра тұрып қарасын батырғысы келетіндей. Тездетіп ізін сипап өшіргісі келетіндей. Сол үшін жанталасатындай...
Дескриптор:
- Шығарма үзіндісін талдайды;
- өз көзқарасын білдіреді.
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?