І. Есенберлин «Қаһар» романы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, дидактикалық материал. 13 сабақ.


1-жұп

  • Үзіндідегі кейіпкер бейнесін ашу үшін кейіпкерге қысқаша сипаттамалар тізімін жасаңыз:
  • Жазушының кейіпкерлерді суреттеуі, олардың портреттері;
  • Кейіпкерлердің іс-әрекеті, сөз саптауы, ойлау ерекшелігі;
  • Кейіпкер мінезін ерекшелеп тұрған сөздер мен суреттеулер;
  • Кейіпкерлердің өзара қарым-қатынасы, диалогы, қоршаған ортаға қарым-қатынасы.
  • Бұл кейіпкер туралы журнал жазыңыз. Шығарманың басқа үзінділерін тыңдай отырып, бөлім бойынша қажет кезде журналыңызға қосымша мәліметтер қосып, өз үзіндіңіздегі кейіпкерлерді қадағалаңыз.
  • Өз кейіпкерлеріңіз қадағалаған соң, кейіпкердің айтқан сөздері туралы ойларыңызды дауыстап оқыңыз. Өз үзінділеріңіз бойынша бір-біріңізге пікір айтыңыз.

Таң әлетінен жау қуғандай жөңкіген жұрт бір жаманатты аңғартқаңдай. Оларды қоршауға алып, суыт келе жатқан сойыл шокпар ұстаған жүзден артық ер азаматтар тобы бар. Бәрінің де астында сүмбілдей сәйгүлік жүйрік, шайқала ырғалған жорға. Түстері суық. Шекпен-шапандарының етек-жеңі түріңкі. Бұлардың ішінде қайыңның безіндей берік, казан тастай шомбал, төртпақ келген біреу ерекше көзге түседі. Астында есік пен төрдей, ақтабанды жайма жал қара көк айғыр. Такымында келте шоқпар, қарына темір бауырлы қайың сойыл ілген. Үлкен өткір қара көзді, ұзын, кою кара мұртты адам. Таңмен бірге ашыла түскен қара сұр жүзі ақ сұпыдай. Бұл осы көштің басшысы, Баянауылдағы Қаржастан шыққан Азнабайұлы Сейтен. Қазіргі беті Балкаш көлінің маңындағы кең алкап. Ал арғы мақсаты осыдан үш жыл бұрын Алтын, Алтай, Тоқа, Уақ руларының қырық мың шаңырағын ертіп Қоқан хандығы қарауындағы Сыр бойына өтіп кеткен Қасым төренің балалары Есенгелді, Саржанға қосылу.

2-жұп

  • Үзіндідегі кейіпкер бейнесін ашу үшін кейіпкерге қысқаша сипаттамалар тізімін жасаңыз:
  • Жазушының кейіпкерлерді суреттеуі, олардың портреттері;
  • Кейіпкерлердің іс-әрекеті, сөз саптауы, ойлау ерекшелігі;
  • Кейіпкер мінезін ерекшелеп тұрған сөздер мен суреттеулер;
  • Кейіпкерлердің өзара қарым-қатынасы, диалогы, қоршаған ортаға қарым-қатынасы.
  • Бұл кейіпкер туралы журнал жазыңыз. Шығарманың басқа үзінділерін тыңдай отырып, бөлім бойынша қажет кезде журналыңызға қосымша мәліметтер қосып, өз үзіндіңіздегі кейіпкерлерді қадағалаңыз.
  • Өз кейіпкерлеріңіз қадағалаған соң, кейіпкердің айтқан сөздері туралы ойларыңызды дауыстап оқыңыз. Өз үзінділеріңіз бойынша бір-біріңізге пікір айтыңыз.

Сейтенмен үзеңгілес түксиген қабақты, кескен томардай келте қара сұр жігіт келеді. Сары ала кынапты қисык табан келте қьілыш тағынған. Кісі өлтірген адамдай түсі зәрлі. Бұл Қубет ұлы Ожар. Бір кездегі барымтаға да, жауға да катар шапкан Сейтеннің үзеңгілес досы. Соңғы үш-төрт жыл ішінде Акмола аға сұлтаны Құдайменденің Қоңыркұлжасының қасында болып, жакында ғана өз еліне қайтып келген. Маңыраған қой, мөңіреген сиыр, кісінеген жылкы үніне дабырлай сөйлеген адам даусы қосылып, таңертеңгі табиғаттың бейкүнә тамылжыған шырқын бұзып, кең даланы басына көтерді. Жасыл құрак арасында бұйығып жаткан топ елік орындарынан үрпиісе түрегеліп, көл жағалай зыта жөнелді... Інінен жаңа ғана шығып, таң намазын окыған молда тәрізді, шоқиып отырып алып, шақылдай жөнелген семіз суыр дабырлаған үнге сәл кұлағын түріп тындай калды да, кенет қалың ши арасына кіріп жок болды. Беймезгіл келген жұрттан сескенген көл үстіндегі кұс у-шу, абыр-сабыр.

Көл жағасына дамылдаған көш түйенің комын алмай қазан көтеріп ас ішпей, сәл тыныстады да қайта көтерілді. Су маңайы бір әуенге түскен кезде шомбал кара Ожар қайтадан Сейтеннің касына келді. Астындағы төрт аяғы тең жорға кара көктің тізгінін тежей түсіп, кеше тәмәмдай алмай қалған әңгімесіне қайта кірісті.

— Ата мекен Көкшетауын тастап, Қасым төре неге Қокан хандығына карай көшті? — деді ол сөзін алыстан козғап.

— Қазақта макал бар емес пе «Бөтен елде сұлтан болғаныңша, өз еліңде ұлтан бол» деген. — Қасым төре кай жерде жүрсе де султан, — деді Сейтен жақтырмағандай алая қарап.

— Бүлік басы бұзықта дегендей, пәле ақ патшаның Жылқы жылғы ұстабынан басталған жоқ па...

3-жұп

  • Үзіндідегі кейіпкер бейнесін ашу үшін кейіпкерге қысқаша сипаттамалар тізімін жасаңыз:
  • Жазушының кейіпкерлерді суреттеуі, олардың портреттері;
  • Кейіпкерлердің іс-әрекеті, сөз саптауы, ойлау ерекшелігі;
  • Кейіпкер мінезін ерекшелеп тұрған сөздер мен суреттеулер;
  • Кейіпкерлердің өзара қарым-қатынасы, диалогы, қоршаған ортаға қарым-қатынасы.
  • Бұл кейіпкер туралы журнал жазыңыз. Шығарманың басқа үзінділерін тыңдай отырып, бөлім бойынша қажет кезде журналыңызға қосымша мәліметтер қосып, өз үзіндіңіздегі кейіпкерлерді қадағалаңыз.
  • Өз кейіпкерлеріңіз қадағалаған соң, кейіпкердің айтқан сөздері туралы ойларыңызды дауыстап оқыңыз. Өз үзінділеріңіз бойынша бір-біріңізге пікір айтыңыз.

— Ұстап деген атының өзінен расында жан шошырлық... Ақ патшаның уысында ұстауға шыққан заң екен соның өзі... Осы ұстап бойынша Орта жүз сегіз өкірге бөлінді емес пе... Әр өкірге бір рулы елдің он бес-жиырма болысы кіреді. Әр болыста он-он екі ауыл. Әр ауыл Арқа жерінде, өзіңе белгілі, жүз қаралы үй. Ауылды үш жылға жұрт сайлаған старшын, ал болысты Шыңғыс тұқымынан шыққан сұлтандар басқарады. Өкірге үш жылға сұлтандар сайлаған аға сұлтан ие... — Япырмай, ә, ақ патша өкірді қазақтың аға сұлтандарына басқартқандағы ойы: өз қотырын өзі касып жатсын дегені ме екен? Сейтен ақырын мысқылдай күлді. — Үшқалақтанбай тұра тұр. Ақ патша қазақ ісін екіге бөлген. Бірі — ауыл арасындағы жесір дауы, алыс-беріс секілді кәкір-шүкір. Мұны ақсақалдар мен билер өзі шешсін деген. Екіншісі — кісі өлімі, барымта, үкіметке бағынбау тәрізді ауыр күнәлар. Мұны аға сұлтан басқарған өкірлік пірказ қарайды. Өкірлік пірказ екі патша қызметкері және екі жылға сайланған екі қазақ жәсиәтірден* құралады. Бұлардың шешімін гүбірналық сот бекітеді. Онда бірде-бір казақ жоқ. Сөйтіп біздің тағдырымыз бәрібір өз қолдарында... Сейтен сәл үңдемей қалды. Шұбырьш келе жатқан көшке бұрыла бір көз тастап күрсінді де, қайтадан сөйлеп кетті.

— Сол ұстапта: «қазақ Мұхамбет пайғамбардың жолын берік ұстаған діншіл халық емес, оны шоқындырып алу оңай, тек ауылға уәкілдер жіберілсін» делінген. Ожар күлгендей боп тісін ақситты.

— Және ол ұстапта ешкімді зорлау болмасын, әркім шоқынғысы келсе, өз еркімен шоқынсын деген де сөз бар ғой... Сейтен атының басын жедел тартып алды.

— Сен оны кайдан білесің? Ожар екі үшты жауап қайырды.

— Ел құлағы елу...

Сейтен атын тебініп кап, кенет қызулана сөйлеп кетті.

— Қасым төре біз секілді ақымақ емес еді. Арқа жерінде сегіз өкірігтің не үшін құрылғанын бізден бұрын түсінді.

4-жұп

  • Үзіндідегі кейіпкер бейнесін ашу үшін кейіпкерге қысқаша сипаттамалар тізімін жасаңыз:
  • Жазушының кейіпкерлерді суреттеуі, олардың портреттері;
  • Кейіпкерлердің іс-әрекеті, сөз саптауы, ойлау ерекшелігі;
  • Кейіпкер мінезін ерекшелеп тұрған сөздер мен суреттеулер;
  • Кейіпкерлердің өзара қарым-қатынасы, диалогы, қоршаған ортаға қарым-қатынасы.
  • Бұл кейіпкер туралы журнал жазыңыз. Шығарманың басқа үзінділерін тыңдай отырып, бөлім бойынша қажет кезде журналыңызға қосымша мәліметтер қосып, өз үзіндіңіздегі кейіпкерлерді қадағалаңыз.
  • Өз кейіпкерлеріңіз қадағалаған соң, кейіпкердің айтқан сөздері туралы ойларыңызды дауыстап оқыңыз. Өз үзінділеріңіз бойынша бір-біріңізге пікір айтыңыз.

Батыс Сібірдің тұрғын жұрты мен жер айдалып барған адамдардың арасында әйел жынысының өте жеткіліксіздігін еске алып, Бірінші Николай патша 1825 жылы 11 февраль күні, қазақша Тауық жылы ақпан айының он бірінде Сібір генерал-губернаторы мен Орынбор соғыс губернаторына Сібірмен шектес қазақ секілді «бұратана» ұлттардың жас қыз балаларын қолға түсіруге жарлық берген. Бұл жолда қандай амал болмасын колдануға рұқсат етілген. Сатып алуға да, алдап алуға да болады делінген. Осы жарлық бойынша қолға түскен қыз балалар шоқындырылып, әйел жынысына мұқтаж семьяларға тапсырылуға тиісті. Асырап алған адамдарға азық-түлік ретінде он бес жасқа толғанға дейін көмек көрсетіліп, ал қыз балаларды әкелген кісіге қолма-қол он бес сом сыйлық берілетін. Міне, осы жарлық Сейтеннің туған інісі Тайжанның жеті жасар кызы Алтыншашты да қармаққа түсірген еді. Тайжан патшаға қарсы ереуіл ұйымдастырғаны үшін бес жыл бұрын Омбы Орданс-Гаузе сотының үкімімен өлім жазасына кесілген. Оның ер жетіп қалған үш ұлы Сібірге Туринскіге айдалған. Белгісіз адамдар беймәлім жаққа әкетіп бара жатқан ағаларының соңынан қалмай шырылдап жүгірген жеті жасар Алтыншашты карауыл басы офицер иемденіп, Омбьщағы бір сәудегерге саткан-ды. Жас қыздың көркіне таң калған Сібір корпусының штаб бастығы генерал-майор Фондерсон оны әлгі сәудегерден қалап алады. Алтыншаштан көз жазып қалған Сейтен, үш жыл өткеннен кейін оның әкесін өлтірушілердің бірі Фондерсонның қолында үй сыпырушы болып жүргенін естиді.

5-жұп

  • Үзіндідегі кейіпкер бейнесін ашу үшін кейіпкерге қысқаша сипаттамалар тізімін жасаңыз:
  • Жазушының кейіпкерлерді суреттеуі, олардың портреттері;
  • Кейіпкерлердің іс-әрекеті, сөз саптауы, ойлау ерекшелігі;
  • Кейіпкер мінезін ерекшелеп тұрған сөздер мен суреттеулер;
  • Кейіпкерлердің өзара қарым-қатынасы, диалогы, қоршаған ортаға қарым-қатынасы.
  • Бұл кейіпкер туралы журнал жазыңыз. Шығарманың басқа үзінділерін тыңдай отырып, бөлім бойынша қажет кезде журналыңызға қосымша мәліметтер қосып, өз үзіндіңіздегі кейіпкерлерді қадағалаңыз.
  • Өз кейіпкерлеріңіз қадағалаған соң, кейіпкердің айтқан сөздері туралы ойларыңызды дауыстап оқыңыз. Өз үзінділеріңіз бойынша бір-біріңізге пікір айтыңыз.

Бір кезде қанжығалас серік болғанменен, ол Ожардан аздап күдіктенеді. «Адам сыры — сандық ішіндегі қазына. Онда алтын жатыр ма, бақыр жатыр ма, бірден білу қиын. Кілтін іздеу керек». Сондықтан да ол енді Ожардан сыр тарта сөйледі.

— Сол ұстап бойынша біз қазынаға жүз қарадан бір қара жасақ төлеуге тиісті едік. Бірақ сол заңның өзін кім дұрыс қолданып жүр? Аға сұлтандардың малы жұтқа іліксе — зекет төле. Жандаралдың, пристаптың үйі өртенсе — үлесінді апар...

— А қ патшаның салық туралы қосымша әмірі шықты деп жүргендері қайда? — деді Ожар түнере.

— И ә, шыққаны рас. Бірақ одан қара қазаққа қандай пайда? Қ оян жылы мамыр айында патшаның салықтан босатқан бес жылы өткеннен кейін, жаңа жарлық шықты... Бұл жарлық бойынша өкім ет қызметінде жүргендерге, аға сұлтан, болыс, жәсиәтірлерге бірталай, жеңілдік берілді. Олардың біраз малдары салықтан босатылды. Тек өздеріне меншікті төлеңгітгері үшін ғана салық, төлейтін болды. Бұл жарлықтан ұтқан Сәмеке, Бөкей, Уәли ханның тұқымдары ғана. Патша ағзамға жаққан қызметтері үшін төре тұқымның шаңырақ ие сұлтандары мың жылқы, мың жарым қара мал, мың жарым сом ақшаға дейін өмір бақи жасақ төлеуден ада етілді.

— Жоқ, мен патша ағзамның бұл жарлығын айтып келе жатқан жокпын...

— Енді қай жарлығын?

— Жасақ төленетін мал саны үш жылда бір саналғанмен, жұт жылы жасақты тек қолда қалған малға төлейді деп жүргендері қайда?..

— Оның рас. Бірақ қазакка он ірі қарадан бір тұсақ төледі не, жүз тұсақтан бір ірі қара төледі не, бәрібір емес пе? Байқаймын көмейінде бірдеме тұрған іспеттес. Онда сен ақ патшаның бізге істеген жаксылығы болса соны айтшы?

— Көмейімде қара халықтың мұқтажына қиналған запыран тұр, — деді Ожар қабағын түкситіп.

— Одан бөтен не болушы еді менде!? Сейтен Ожарға жылы жүзбен қарады. «Мен осыдан бекер күмәнденіп келем-ау. Қанына тартпағанның қары сынсын демей ме қазақ, қанына тартып-ақ келе жатыр-ау бейбақ. Әкесі Қубет Қаржастың бел баласы еді...»

6-жұп

  • Үзіндідегі кейіпкер бейнесін ашу үшін кейіпкерге қысқаша сипаттамалар тізімін жасаңыз:
  • Жазушының кейіпкерлерді суреттеуі, олардың портреттері;
  • Кейіпкерлердің іс-әрекеті, сөз саптауы, ойлау ерекшелігі;
  • Кейіпкер мінезін ерекшелеп тұрған сөздер мен суреттеулер;
  • Кейіпкерлердің өзара қарым-қатынасы, диалогы, қоршаған ортаға қарым-қатынасы.
  • Бұл кейіпкер туралы журнал жазыңыз. Шығарманың басқа үзінділерін тыңдай отырып, бөлім бойынша қажет кезде журналыңызға қосымша мәліметтер қосып, өз үзіндіңіздегі кейіпкерлерді қадағалаңыз.
  • Өз кейіпкерлеріңіз қадағалаған соң, кейіпкердің айтқан сөздері туралы ойларыңызды дауыстап оқыңыз. Өз үзінділеріңіз бойынша бір-біріңізге пікір айтыңыз.

— Әйткенмен, қалауын тапса қар жанады, — деді Ожар қайтадан үн қатып.

— Ак патшаның да тілін таба білген жөн. Осыдан екі жыл бұрын көктемде Қараөткелдің аға сұлтаны Құдайменденің Қоңырқұлжасы қазақтар балаларымызды сыпайға — солдатқа алады деп сескенетінін арыз етіп Петерборға барғанында, патша ағзамның өзі қазақ жігіттері еш уақытта да сыпайға алынбайды деп бұзау терісіне мөрін басып уағдасын жіберген ж ок па? «Осының өзі қай соқпаққа апара жатыр?» — деп Сейтен тағы да сезіктене қалды. Сөйтсе де:

— Бұзау терісі емес, бұзау терісінен істелген кағаз десетін. Қап-қалын болатын, өзім көргем, — деді ол жайбарақат.

— Сол қағаздан кейін аға султан Қоңырқұлжаның кадірі ұлан-асыр өсті. Соның арқасы ғой бұ күні қалың арғынды шашау шығармай ұстап отырғаны. Үйірін бермес осындай бір марғаска айғырлар болатын.

— Сейтен сәл үндемей қалды да, күрсіне қайта сөйледі, — жиырма мың жылқы айдаған Құдайменде баласы ондай кағазды алудың бір амалын тапкан шығар. Бірақ ак патша әділетті болса Қасым төренің арызын неге тындамады?

— Қандай арызын?

— Қасым төре қазақ жеріне бекініс салып, пірказ құруды тоқтатуын талап етіп осыдан он жыл бұрын қағаз жазған жоқ па? Одан не шықты? Жауап берудің орнына жерімізге әскер үстіне әскер төкті. Ақмола, Аякөз, Баянауыл өкірігінің кіндік ортасына Ақтау бекінісін сала бастады. Бұнысы енді бүкіл Арқаны қанды шеңберіне аламын дегені емес пе? Осыны сезген Қасым төре Қоқан хандығына қарай ауысты ғой. Ондағы ойы Сыр бойындағы қалың қазақты Абылайдың ақ туының астына жинап, діні бір Қоқанмен тізе қосып жұртымызды тыныш, алаңсыз ету емес пе еді.

— Бірақ Қасым төренің ол ойынан не шықты? — Ожар мысқылдап күлген тәрізді, — Ташкент құшбегінен Есенгелді мен Саржанның аман қайтуының өзі екі талай...

7-жұп

  • Үзіндідегі кейіпкер бейнесін ашу үшін кейіпкерге қысқаша сипаттамалар тізімін жасаңыз:
  • Жазушының кейіпкерлерді суреттеуі, олардың портреттері;
  • Кейіпкерлердің іс-әрекеті, сөз саптауы, ойлау ерекшелігі;
  • Кейіпкер мінезін ерекшелеп тұрған сөздер мен суреттеулер;
  • Кейіпкерлердің өзара қарым-қатынасы, диалогы, қоршаған ортаға қарым-қатынасы.
  • Бұл кейіпкер туралы журнал жазыңыз. Шығарманың басқа үзінділерін тыңдай отырып, бөлім бойынша қажет кезде журналыңызға қосымша мәліметтер қосып, өз үзіндіңіздегі кейіпкерлерді қадағалаңыз.
  • Өз кейіпкерлеріңіз қадағалаған соң, кейіпкердің айтқан сөздері туралы ойларыңызды дауыстап оқыңыз. Өз үзінділеріңіз бойынша бір-біріңізге пікір айтыңыз.

1824, яғни қазақша Мешін жылы Көкшетау приказы құрылды. Бұл — ақ патшаның Абылай ұрпағының ата мекеніне ауыз салуы еді. Осы жылдан бастап Қасым төре баласы Саржан сұлтан кол жинап патша әскері мен ұстапты жақтайтын Сәмеке, Бөкей, Уәли хандардың ұрпақтарына, Көкшетаудың аға сұлтаны Қара Тоқаның Зілқарасына қарсы күрес бастады. Кейде жеңіп, кейде жеңіліп, басынан сан айқасты өткізеді. Ақырында Қоқан хандығының қол астына еніп, 1834, яғни Жылқы жылы осы хандықтың бас күші Ташкент құшбегі, тәжіктің Қалпы руынан шыққан Мәмет Әліммен тізе қосып, қазақ жерін Россия империясынан бөліп алмақ болып, алты мың әскермен Ұлытау өңіріне келлі. Осы өңірге Корған атты бекініс тұрғызып, бізге қосылыңдар деп жан-жағына жар салады, аға сұлтан, ел билеген ақсақалдарға ат шаптырады. Бір жағынан шағын-шағын жасақ аттандырып, Қараөткел, Көкшетау жеріндегі қалың арғын елін шаба бастайды. Мұны естіген Сібір губернаторы Ұлытауға генерал-майор Броневский басқарған алты зеңбіректі бір мың әскер жібереді. Броневский көп кешікпей Ұлытауға таяйды. Жақын қалған патша әскерінен қорыққан Ташкент құшбегі Қорғанға азғантай сарбаздарын қалдырып, Бетпакдалаға қарай қашады. Ал Қорған бекінісі көп соғыспай Броневскийге беріледі. Ташкент құшбегі Мәмет Әлім казак жерін Россия патшалығынан оңай ала алмайтынына көзі жетіп, күресті бірден тоқтатады. Одақтасының мұндай опасыздығын көрген Қасым төре балалары енді Сыр бойындағы казақтарды жинап, Қоқан хандығының ықпалынан құтылмақ болады. Бірақ Ташкент құшбегі бұны сезбегенсиді, ақ патшамен күресуге қайта қол жиямыз, кеңеске балаларыңды жібер дейді Қасым төреге. Ал ол құрылған қақпанды аңғармайды, Ташкентке жиырма жігітгіен қолбасшы балалары Есенгелді мен Саржанды, шұбыртпалы Ағыбай батырды, Саржанның жиырма жасар баласы Ержанды жолға шығарады. Бұлардың Ташкентке кеткені Арқаға да жетеді. Ожардын айтып келе жатқаны осы жәйт. Сейтен бұл хабарды бұрын естісе де, мысқылдай сөйленген сөзден бір суық кекесін аңғарып қалды. Ожарға сескене қарады. Кенет есіне осьдан үш күн бұрын қойнынан жұлып алып тастаған шұбар жылан түсті.

8-жұп

  • Үзіндідегі кейіпкер бейнесін ашу үшін кейіпкерге қысқаша сипаттамалар тізімін жасаңыз:
  • Жазушының кейіпкерлерді суреттеуі, олардың портреттері;
  • Кейіпкерлердің іс-әрекеті, сөз саптауы, ойлау ерекшелігі;
  • Кейіпкер мінезін ерекшелеп тұрған сөздер мен суреттеулер;
  • Кейіпкерлердің өзара қарым-қатынасы, диалогы, қоршаған ортаға қарым-қатынасы.
  • Бұл кейіпкер туралы журнал жазыңыз. Шығарманың басқа үзінділерін тыңдай отырып, бөлім бойынша қажет кезде журналыңызға қосымша мәліметтер қосып, өз үзіндіңіздегі кейіпкерлерді қадағалаңыз.
  • Өз кейіпкерлеріңіз қадағалаған соң, кейіпкердің айтқан сөздері туралы ойларыңызды дауыстап оқыңыз. Өз үзінділеріңіз бойынша бір-біріңізге пікір айтыңыз.

Айдын көлді, жасыл белді, қарағай, қайың сыңсыған қатпарқатпар жартасты Баянауылдан аттанған Сейтен Қараменді тауы етегін басып, Балқаштың теріскей тұмсығындағы Мың аралдың батыс жағына өтпек еді. Осыдан үш күн бұрын бұлар Қараменді тауының шұрайлы етегіне жеткен. Бір жетіден бері ат үстінен түспеген Сейтен көш орнығысымен, жан-жағы анық көрінетін бір жартасты төбенің басына шығып, көз шырымын алдырмақ болған. Ұйықтап кеткен екен. Үстінен бір суық леп өткендей сезілді. Көзін ашып алды. Ештеңе де көрінбейді. Ел жым-жырт ұйқыда. Аспанда күміс ай ғана ақырын жылжиды. Мұны оятқан не? Сейтен қозғалмай үн-түнсіз сәл жаггы. Сол мезетте-ақ кеуде тұсында бірдеме жыбырлаған сияқтанды. Алақанын сәл жұма, оң қолын кеудесіне қойып ұйықтайтын әдеті бар еді. Кенет аш қарнына сұп-суық бірдеңе тиді. Сейтен жылан екенін бірден сезді. Қозғалуға болмайды. Таулы жердің жыланы уытты келеді. Жылан сырғып кеудесіне таман келе жатыр. Мұндай суық, мұндай ызғарлы болар ма! Талай ажалға қарсы ұмтылған Сейтен батыр, жүрегі аттай тулап демін әзер алды. Баяу сырғыған жылан бір кезде Сейтеннің сәл жұмулы алақанының арасына басын сұқты. Лақа бас, білектей жуан, кайрақ тас түстес тау жыланының өзі. Егер саусағының бірі дір етсе бітті, улы тілін салып алуы кәміл. Енді жылан басын алақан қуысынан өткізіп, әрі қарай жылжи берді. Сірә, тамақ тұсына келіп оралмақ. Сейтен бала жасынан жылан-шаяннан қорқып көрген емес. Мұндайдың талайын табанына басып улы тілін суырғаны бар. Әдет қылған қолдың білектей жуан жыланның алқым тұсынан қышқаштай боп қалай жұмыла қалғанын Сейтен оны қойнынан алып шыққанда бір-ақ білді. Жылан иретіле, бұлқына білегіне оралғанмен, күшті қол алқымынан бір-екі рет мытып-мытып қысып жіберді де, бос бүйендей өлексесін солбаң еткізіп анандай жерге топ еткізді.

«Мынау Ожар да қойнына кіргелі тұрған сондай шұбар жылан емес пе екен?» Ожар қанша шомбал болғанмен Сейтеннің құрыштай қатты қарулы қолының бір мытығанынан қалмайды. Бордай опырылып ат үстінен құлап түседі.

9-жұп

  • Үзіндідегі кейіпкер бейнесін ашу үшін кейіпкерге қысқаша сипаттамалар тізімін жасаңыз:
  • Жазушының кейіпкерлерді суреттеуі, олардың портреттері;
  • Кейіпкерлердің іс-әрекеті, сөз саптауы, ойлау ерекшелігі;
  • Кейіпкер мінезін ерекшелеп тұрған сөздер мен суреттеулер;
  • Кейіпкерлердің өзара қарым-қатынасы, диалогы, қоршаған ортаға қарым-қатынасы.
  • Бұл кейіпкер туралы журнал жазыңыз. Шығарманың басқа үзінділерін тыңдай отырып, бөлім бойынша қажет кезде журналыңызға қосымша мәліметтер қосып, өз үзіндіңіздегі кейіпкерлерді қадағалаңыз.
  • Өз кейіпкерлеріңіз қадағалаған соң, кейіпкердің айтқан сөздері туралы ойларыңызды дауыстап оқыңыз. Өз үзінділеріңіз бойынша бір-біріңізге пікір айтыңыз.

Ожар Сейтеннің ашулы қабағынан бір сұмдықты сезді ме, жаңағы аңғырт айтып қалған сөздерін жуып-шайды.

— Қоқан құшбегілеріне сену қиын. Жеңілтек әйел тәрізді, өздерінің көңіл ауған жағына қарай жалт ете түсулері оп-оңай... Есіл ерлер аңғалдықпен мерт болып жүрмесе нетсін. «Жоқ, Ожар баяғы Ожар. Мұнымен бірге бір қайыққа мінуге болады». Сейтен жан-жағына ойлана көз тастады. Күн кешкіріп қалған екен. Дала құмайт топырақтанып, жаз ортасы ауып сары балақтана түскен таспа жоңышқа мен жатаған шеңгел кездесе бастаған. Әр тұста ойдым-ойдым қалың қарағай көрінеді. Күн соңғы сәулесін адыр үстіне жайып салып, меңіреу даланы қызғылт сәулеге бөлеп, батуға айналған. Аздан соң көш қалың қопалы, көкпеңбек ойпатқа енді. Бұл ара Қаржас руының ең шалғай жайлауы. Бұдан әрі Балқаш өлкесі, Сарысу алабы, Сыр бойы басталады. Самсай көшкен жұрт арт жақтарында бұлдырай қарауытқан Арқа тауларына аландай бастады. Қазір күн батады, жабылған ымыртпен бірге туған өлкенің ең соңғы селеуіті де өшпек. Арттарына бұрылып қараған сайын жүрегіне суық семсер тигелі тұрғандай көңілге мұң, көзге жас келді. Алда не күтіп тұр? Бақыт па? Михнат па? Дәл осы сәтте батып бара жатқан күнменен бірге азалы, зарлы үн естілді. Ылдиға қарай ентелей құлаған көштің бір бүйірінен, жал-құйрығы күзеулі тайға мінген, екі бүйірін таянып алып, «Елімай» әнін салған он төрт-он бес жасар кара торы қыз бала көрінді. Табиғат қинаған бейкүнә еліктің баласындай жылап келеді. Көшке ерген жұрттың көңіл күйін дәл шерткендігінен бе, тірі пенде оның әнін бұзар емес. Төмен қарап уһлей береді. Сейтеннен «тоқтат» деген бұйрық болмаған соң, жұрт әнді мұңая тындауда. Қыз бала шырылдай толқиды:

Туған жердің қия алмай тау мен тасын,

Біз келеміз тыя алмай көздің жасын,

Не жазып ек, жасаған, таптатардай,

Көрінгенге халқымның алтын басын...

Арман етіп жазылмас жан жарасын,

Ата-мекен тастадық кең даласын.

Өз жеріңе сыя алмай барғанында

Өгей елден, қайран жұрт, не табасың?

Шықпай жатып бесіктен қайғы торып,

Сарғалдақтай жаңбырсыз қалған солып,

Қайда барсаң алдында Қорқыт көрі,

Неге тудық бақытсыз халық болып.

Қыз баланың әні Сейтеннің көкірегін тырнап жатқан тәрізді, қабағы салбырап тұнжырай түскен. Егер ән бұдан әрі созылса сонау артта қалып бара жатқан туған жеріне деген қасіреттен жүрегінен қан тамшылайтындай көріңді. Осы бір бұлқан-талқан болып келген күйікке шыдай алмаған Сейтен «тоқтат!» деп қолын көтерді, қыз әні пышақ кескендей үзілді.

10-жұп

  • Үзіндідегі кейіпкер бейнесін ашу үшін кейіпкерге қысқаша сипаттамалар тізімін жасаңыз:
  • Жазушының кейіпкерлерді суреттеуі, олардың портреттері;
  • Кейіпкерлердің іс-әрекеті, сөз саптауы, ойлау ерекшелігі;
  • Кейіпкер мінезін ерекшелеп тұрған сөздер мен суреттеулер;
  • Кейіпкерлердің өзара қарым-қатынасы, диалогы, қоршаған ортаға қарым-қатынасы.
  • Бұл кейіпкер туралы журнал жазыңыз. Шығарманың басқа үзінділерін тыңдай отырып, бөлім бойынша қажет кезде журналыңызға қосымша мәліметтер қосып, өз үзіндіңіздегі кейіпкерлерді қадағалаңыз.
  • Өз кейіпкерлеріңіз қадағалаған соң, кейіпкердің айтқан сөздері туралы ойларыңызды дауыстап оқыңыз. Өз үзінділеріңіз бойынша бір-біріңізге пікір айтыңыз.

Енді көш шұбаландамай, алды-артын жиып, көлді ығыстай таяп келеді... Алдарында жазық алаң, одан өтсе, арада қол созым жерде өздері қашып бара жатқан өгей өлке. Сейтен бірдемеден сескенгендей атының басын тартты. Алдынан қолмен қатарласа созылған қалың қопа қамыстың өздері беттеген көз жетер-жетпес бір тұсынан, әлдене қараң ете түскен тәрізденді. Көзі қанша қырағы болса да не екенін анық айыра алмады. Аң дейін десе, кісі бойы қамыстан қалай көрінеді? Адам дейін десе елсіз қалың қопаның арасынан не таппақшы? Ұры қары дерлік, бұл ара қара жолдан шалғай... Әлде бұлардың ізін андыған жау ма? Сейтеннің көңіліне күмән кірді. Бірақ Ожар оны бұл күдіктен ада етгі. Сейтен көргенді бұ да көрген екен. — Сейтеке, — деді ол атын тебініп таяй түсіп, — көшті жинақы ұстамаса болмас. Бұл Мыңарал қойнауы қорқынышты. Қабан да, жолбарыс та бар десетін. Жаңа байқадыңыз ба, әне бір тұстан жүгірген қасқырды?..

— Мен адам ба деп едім. — Бұл араға адам қайдан келсін. Мен анық көрдім. Қасқыр. Сірә қоян қуып жүрген болуы керек, секіре жүгірген түрі сойқан.

— Қасқыр болса қасқыр шығар. Жассың ғой, анық көрген болсаң... Енді көш бұрынғысынан жинақы жүрді. Сойыл, шоқпар ұстаған қарулы жігіттер жан-жағынан қоршап, мал біткенді ортаға ала, шашау шығармай, тұтаса түсті. Тек түн ортасы ауған кезде, жағасы атты кісі көрінбес қалың анақурайлы Баскөлдің тұсына келгенде ғана:

— Осы арада азырақ көз шырымын алдырсақ қайтер еді, Сейтеке, — деді Ожар.

— Қатын, бала әбден қалжырады, жігіттердін де кейбіреулерін ат соғып тастағанға ұқсайды. — Әлі де жүре түссек... Қонуға бір кауіпсіз алаңтаппасак болмас. Көшке бұл өңір мүлде бейтаныс. Жолды қан-сөлсіз сұр беггі, шілтиген Сәмен ғана біледі. Ж өн көрсетіп келе жатқан да сол. Ол Ожарға бір көз тастап, Сейтенге карады.

— Мұндай жедел жүріске жұрт шыдар емес. Ат шалдыруға да осы ара дұрыс. Бұдан әрі шалғын азаяды да, қамыс-қурай көбейеді.

— Айтқандарың болсың... — Сейтен өзі бірінші боп аттан түсті.

— Жұрт таң сыз бергенше көз шырымын алсын...

11-жұп

  • Үзіндідегі кейіпкер бейнесін ашу үшін кейіпкерге қысқаша сипаттамалар тізімін жасаңыз:
  • Жазушының кейіпкерлерді суреттеуі, олардың портреттері;
  • Кейіпкерлердің іс-әрекеті, сөз саптауы, ойлау ерекшелігі;
  • Кейіпкер мінезін ерекшелеп тұрған сөздер мен суреттеулер;
  • Кейіпкерлердің өзара қарым-қатынасы, диалогы, қоршаған ортаға қарым-қатынасы.
  • Бұл кейіпкер туралы журнал жазыңыз. Шығарманың басқа үзінділерін тыңдай отырып, бөлім бойынша қажет кезде журналыңызға қосымша мәліметтер қосып, өз үзіндіңіздегі кейіпкерлерді қадағалаңыз.
  • Өз кейіпкерлеріңіз қадағалаған соң, кейіпкердің айтқан сөздері туралы ойларыңызды дауыстап оқыңыз. Өз үзінділеріңіз бойынша бір-біріңізге пікір айтыңыз.

Алты күннен бері «қуғыншыға кездесіп, соңымнан ерген жүртты қырғынға ұшыратпасам етті» деп қобалжи шаршаған көңілдің орныға бастағанынан ба, әлде көптен бері ат үстінен түспеген денесі талмаусырады ма, Сейтен аспанда ақырын жүзген айға қарап жатып ұйықтап кетті. Дәл осы кезде Ожар мен Сәмен көштің алдыңғы жағындағы қалын қамысты түбек тұсынан айнала өтіп бара жатқан-ды. Олардың құлағына қамыс арасынан: — Ожар, біз дайын, — деген әлдекімнің дірілдей сыбырлаған үні естілді. Ожар кілт тоқтай қалды. Бұрылмастан:

— «Қақпанды қоя білмеген қасасын қалдырар», әкеңн ің аузын... Бағана күн батарда біреуің көзге түсіп, Сейтенге елең туғыздындар. Ж аңа ғана жатты. Біз қазір оны байлаймыз. «Аттан!» деген ұран шыққанда, қапы қалмандар!.. — деді ақырын ғана. Ол көшті айнала жүре берді. Бүйірден қосылған Сәменге:

— Қазір Сейтенді аламыз, - деді. — Ояу жатқанда ма?! — Сәменнің үнінен қорқыныш лебі аңғарылды.

— Ендігі ұйықтап кеткен шығар. Ұйықтамаса да алу керек! Жақып, сен Сақыпқа бар, шөккен түйелерді калқалай аяқ жағынан келсін. Өзің кұбыладан. Дыбысын шығартпай басайық.

— Құп.

Сейтен сергек ұйықтайтын. Үстінен құс өтсе де оянатын. Сыбырды сезіп, орнынан атып тұрмақшы болды. Бірақ кенет үстін албастыдай басып алқымынан қышқаштай жабысқан темір саусақтар үнін шығартпады. Кеудесіне мінген шойындай ауыр шомбал дене мен екі қолын ұстаған екі балуан жігіт бұны тырп еткізбеді. Әне-міне дегенше екі қолы артына қыл шылбырмен маталып, аузына орамал тығылды. Екі көзі су қараңғы болып байланды. Сейтеннің көкейінде: «Әттең! Әттең» деген арман ғана булыға тулады.

— Бұның кебіні кигізілді, — деді өзіне таныс күңгірт дауыс, — Сәмен, сен осы арада бол. Ал сендер сарбаздарға жетіңдер. Белдеріне байлаған аттардың шылбырларын кесіңдер, ер-тоқымдарының оң үзеңгілерін шешіп алындар! Сейтен қыл шылбырды білегіне батыра бұлқынып-бұлкынып түсті. «Япырмау, мыңау дауыс кімдікі? Ожар ғой! Сорлы жүрек, бекер сес бермеген екенсің? Қап! Қап!» Ол аздан кейін өзінің жалғыз қалғанын аңғарды. «Жоқ жалғыз емес шығармын. Жаңа ғана Ожар «Сәмен, осы арада бол» деген жоқ па еді? Сонда бұл да жау болғаны ма? Шыққыр көзім, нені көргенсің!» Сейтен ауға түскен мекіредей жанталаса тулай берді.

12-жұп

  • Үзіндідегі кейіпкер бейнесін ашу үшін кейіпкерге қысқаша сипаттамалар тізімін жасаңыз:
  • Жазушының кейіпкерлерді суреттеуі, олардың портреттері;
  • Кейіпкерлердің іс-әрекеті, сөз саптауы, ойлау ерекшелігі;
  • Кейіпкер мінезін ерекшелеп тұрған сөздер мен суреттеулер;
  • Кейіпкерлердің өзара қарым-қатынасы, диалогы, қоршаған ортаға қарым-қатынасы.
  • Бұл кейіпкер туралы журнал жазыңыз. Шығарманың басқа үзінділерін тыңдай отырып, бөлім бойынша қажет кезде журналыңызға қосымша мәліметтер қосып, өз үзіндіңіздегі кейіпкерлерді қадағалаңыз.
  • Өз кейіпкерлеріңіз қадағалаған соң, кейіпкердің айтқан сөздері туралы ойларыңызды дауыстап оқыңыз. Өз үзінділеріңіз бойынша бір-біріңізге пікір айтыңыз.

— Жау келді! Жау келді! Аттан! Аттан! Сейтен аға! — деп құлындағы даусы құраққа шығып жар салды. Барымта, шабуылға үйренген жұрт орындарынан атып-атып тұрды. Таң қылаң беріп қалған кез еді, қалың қамыстан қуғынға жіберілген қырық-отыз салт атты сыпайлар да шыға келді. Шаңқ-шұңқ еткен білте мылтықтың даусы естілді. Үрген ит, жылаған бала... Атылған мылтық... «А, құдай, өзің сақта» деп үріккен, қорықкан дауыстар жан-жақтан үрейлене жамырай, жаңа ғана ұйқыда жатқан бейқам көш азан-қазан болды да қалды. Кенет:

— Алға, жігіттер! — деген қатты үн шықты, Сейтеннің есік пен төрдей тоқпақ жалды қара көк айғырын ойната Ожар өзгеден бөліне берді. Басында орамал, білегін сыбанып алған. Қолынла жалаң қылыш, шабатын қасқырдай екі көзі оттай жайнайды.

— Өлсек шәйітпіз, өлтірсек бәйітпіз, — делі ол тағы да күшті дауыспен, — кәне, еріндер соңымнан!

— Ожар! Баста, Ожар! — деді аттарына мініп үлгірген кей жігіттер. Ожардың қасына шоғырлана қалған, тастай түйілген шағын топ «А, құдай», «Аруақ!», «Айдабол!», «Қаржас!» деп біріне бірі ұрандаса жел беріп, сойылдарын көтере, қарсы жаққа лап қойды. Алдарында Ожар. Бірақ ол қарсы шепке жетер-жетпестен атының жалын құша құлады. Мылтықтың суық үніне үйрене қоймағаң есіл ерлер, қолбасшыларынан айырылған соң бөгетке келіп қарқыны басылған толқындай, жау шебіне таяй түсіп шашырана тоқтады. Кейбіреулері аттарының басын бұрып алып, кейін қарай шапты. Қылышын көтеріп үстіне төніп келген қуғыншы жағының екі жауынгеріне, жерде домалап жатқан Ожар зекіп: — Түсіндер аттан, иттің балалары! — деді. — Байлаңдар тез менің қолымды! Апарыңдар тез Сейтеннің қасына... Қалаға таянғанда босатарсыңдар, елден шыққанша бірге ұстаңдар! Ожардың қолын артына байлап, у-шу болған жұрттың қақ ортасы мен, бір шетте тұрған Сейтенге апара жатқанда ол әлдекімнің: — Арманда кетгіндер-ау, қос арысым! — деген қүңіренген даусын естіді. Ожар аңқау елдің бетіне қарауға жүзі шыдамай, аяғын шалыс басып өте берді...



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу