І. Есенберлин «Қаһар» романы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, сабақ жоспары. 6 сабақ.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
ӘБ жетекшісі:
Пән: Әдебиет | Мектеп: | |||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||||||||
Сынып: 11Т1 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||
Бөлім | Тарихтың шертіп пернесін | |||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | І. Есенберлин «Қаһар» романы | |||||||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | А/И5 Қазақ және әлем әдебиетіндегі құндылықтар 11.2.5.1 қазақ әдебиеті мен әлем әдебиетіндегі ортақ бағыт, әдеби ағым, жалпыадамзаттық құндылықтарды анықтау, талдау жасау. | |||||||||||||||
Сабақтың мақсаты | Оқушылардың барлығы: жалпыадамзаттық құндылықтарды түсінеді, анықтайды және талдайды; Оқушылардың көпшілігі: қазақ әдебиеті мен әлем әдебиетіндегі ортақ бағыт, әдеби ағымды анықтап, талдау жасайды; Оқушылардың кейбіреуі: шығармашылық танытады. | |||||||||||||||
Бағалау критерийі |
| |||||||||||||||
Құндылықтар | Жалпыадамзаттық құндылықтарды дәріптеу (ұлтжандылық сезім, туған жерге деген жанашырлық, адалдық сезім, азаматтық міндет) | |||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестері: тарихты қопара жазған, тарих тасасына дидарын жасырып үлгермеген, ізін суытпай, қазақтың қойын кітабына айналған құнды туынды, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні.... т.б. | |||||||||||||||
Алдыңғы білім | І. Есенберлин «Қаһар» романы | |||||||||||||||
Жоспар | ||||||||||||||||
Уақыт | Жоспарланған жұмыс түрлері
| Ресурстар | ||||||||||||||
Сабақтың басы 8 минут | Оқушылар 4 топқа бөлінеді: Көшпенділер, Алмас қылыш, Жанталас, Қаһар (әр топ өздеріне берілген тірек сөздердің мағынасын ашып, сол сөзге қатысты ақпарат беруі керек) Көшпенділер:1976жыл, XV-XIX ғасырлар, қазақ хандығы, «көшпенділер» деген кімдер? Алмас қылыш: 1971 жыл, ХV –ХVІ ғасырлар, қазақ хандығы, Әбілқайыр, Жәнібек, Керей, қазақ рулары; Жанталас: 1973 жыл, ХVІІ –ХVІІІ ғасырлар, шетел басқыншылары, Әбілқайыр хан, Ресей патшалығы, Қалмақ хандығы, Алакөл маңайы, Ордабасы өңірі, «жанталас» сөзі қандай мағына береді? Қаһар: 1969 ж., ХVІІІ ғасыр, Абылай хан, қалмақ басқыншылары, дербес Қазақ хандығы, Ел тәуелсіздігі; БОЛЖАМ ЖАУАПТАР: "Көшпенділер" трилогиясы 1976 жылы жинақталып жазылды. «Көшпенділер» трилогиясында бес ғасырлық оқиға қамтылған, яғни, XV-XIX ғасыр аралығындағы Қазақ хандығы өмір сүрген кезең суреттеледі. "Алмас қылыш" романы 1971 жылы жазылған. «Алмас қылыш» романында ХV –ХVІ ғасырларда Қазақ хандығының құрылуы, Әбілқайыр, Жәнібек, Керей хандардың тақ үшін таласы, қазақ руларының бірлесу идеясы суреттеледі. "Жанталас" романы 1973 жылы жазылған. «Жанталас» романында ХVІІ –ХVІІІ ғасырлардағы Қазақстанның шетел басқыншыларымен күресі және Әбілқайыр ханның Қазақстанның Батыс бөлігімен Ресей патшалығы қол астына кіруі сипатталады. Қалмақ хандығының қазақ еліне опасыздық шапқыншылығы, Алакөл маңайында, Ордабасы өңірінде болған қырғын ұрыстар, Ресей патшалығының қол астына кірген Әбілқайырдың түпкі армандарының жеке басындағы түңілістері туралы жазылған. "Қаһар" романы 1969 жылы жазылған. «Қаһар» романында ХVІІІ ғасырда Абылай хан бастаған қазақ халқының қалмақ басқыншыларын біржолата талқан етуі, Абылайдың қазақ елін дербес Қазақ хандығына біріктіру әрекеттері және Абылай хан мен оның батырларының ел тәуелсіздігі үшін күрестегі ерлік, даналық істері баяндалады. Абылай ханның қазақ елін біріктіру жолындағы жанталас күйзелістері суреттеледі. | |||||||||||||||
Сабақтың ортасы 27 минут | 1-топ Үзіндіні оқыңыздар Ілияс Есенберлин — қазақтың арғы тарихын алғаш қопара жазған дəуір суреткері 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасында жастардың жүрегіне намыс отын жаққан, жалындаған рухына май құйған ресми саясат тықпалаған Павлик Морозовтың ерлігі емес, Ұлы Отан соғысындағы қазақтардың қаһармандығы, Бауыржанның жасындай жарқылдаған өрлігі, композитор Шəмші Қалдаяқовтың жүрек қылын шертетін патриоттық əндерімен қатар, жазушы Ілияс Есенберлиннің дара шығармалары, Кенесары-Наурызбай, Шұбыртпалы Ағыбай, Жеке батыр, Таймас, Жанайдар, Мəнжі, Бұқарбай сияқты батырлардың ерліктері еді. Бодандыққа мойын ұсынбай, ондаған жылдар бойы қаһарлы күрес жүргізген хан Кененің ардақты есімін «Алашта Кенекеме ер жетпейді» деп жырлаған ХХ ғасырдың басындағы Мағжан Жұмабаевтан кейін халқымен қайта қауыштырған І.Есенберлин болды. Тапсырма: Өздеріңіз оқыған әлем әдебиетінен тарихты қопара жазған қандай жазушының шығармасын білесіздер? Қазақ әдебиеті мен әлем әдебиетіндегі ортақ бағыт пен әдеби ағымды анықтай отырып, жалпыадамзаттық құндылыққа талдау жасаңыздар. 2-топ Үзіндіні оқыңыздар «Қаһар» — «Көшпенділер» трилогиясының үшінші кітабы Ілияс Есенберлин тудырған тарихи шығармалардың танымдық-тəрбиелік қуатының күштілігі мен көркем шығарма ретіндегі эстетикалық пəрменінің қуаттылығы ерекше болса, бұл сипат алғаш дүниеге келген «Қаһар» романының өзінде-ақ айрықша мол болды. «Қаһардың» алғашқы аты «Кенесары» екенін біреу білсе, біреу біле бермейді. Цензурадан өткізу үшін жұмсартқандағы түрі —«Қаһар». Жазушы осы романы арқылы тарихи тақырыпты игеру жөніндегі батыл жаңашылдық көрсетті. Филология ғылымдарының докторы, профессор Қ.Алпысбаевтың пайымдауынша, автордың алғашқы кітаптан басталмай («Алмас қылыш» романы), трилогиясының соңғы бөлігі «Қаһардан» бастауында мынадай себептер болған сияқты. Біріншіден, суреттеліп отырған кезең біздің дəуірімізге біртабан болса да жақын, тарих тасасына дидарын жасырып үлгермеген. Екіншіден, ел ішінде ізін суытпай аңызға айналып, халық жадында жатталып, жазылып қалған тарихи оқиға мен нақты адамдар тағдыры авторды қызықтырған. Сондықтан Ілекең соны жазуды діттеген. Үшіншіден, Кенесары Наурызбай қозғалысы жайында жазылған еңбектерді саяси жағдай түгел отқа жаға алған жоқ. Яғни қолына түсіп, жинақталған материалдар жазушыны шабыттандыра түскені шындық. Тапсырма: Өздеріңіз оқыған әлем әдебиетінен тарихи шындықты жазған, жаңашылдық көзқарасын көрсете білген қандай жазушының шығармасын білесіздер? Қазақ әдебиеті мен әлем әдебиетіндегі ортақ бағыт пен әдеби ағымды анықтай отырып, жалпыадамзаттық құндылыққа талдау жасаңыздар. 3-топ Үзіндіні оқыңыздар Бір ғана Ақмола бекінісін алу оқиғасы арқылы Кенесары Қасымұлының асқақ бейнесін көруге болады. 1838 жылдың 7 тамызы - Кене ханның Ақмола бекінісін өртеп, патшаның отаршыл саясатының пəрменін қайтарған тарихи күн. Ілияс Есенберлиннің «Қаһар» тарихи романындағы Ақмола бекінісін алған тарихи оқиғаны зерделей отырып, қазақ батырларының тұлғалық бейнесінен тағылым аламыз. Зиялылықтың жібін жалғаған талантты жазушы қамалға кірген Басықара батыры оққа ұшқан сəттегі Кене ханның «Тастамаңдар Басықара батырды жау қолына!» деген жан айқайын, жау қамалына жеке кетіп шауып бара жатқан Кенесарыны көргенде өзгелері де орындарында тұра алмады» деген жолдардан батырлық рухты көреміз. Ақмола бекінісін алған күн қазақ тарихында мəңгі қалды. Кене хан еліне сүйенді, елі Кенені отаршылдық бұғауынан азат етуші хан ретінде қабылдады. Жалпы алғанда, I.Есенберлиннің «Қаһар» романы — қазақ халқының азаттық жолындағы күрес шежіресіне қосылған, оның Кенесары қозғалысы сияқты аса ірі кезеңінің ішкі сырларын көркем түсінуге көмектесетін елеулі тарихи шығарма. «Қаһар» - қазақтың қойын кітабына айналған құнды туынды. Тапсырма: Өздеріңіз оқыған әлем әдебиетінен тарихи шындықты, батырлық рухты дәріптеген қандай жазушының шығармасын білесіздер? Қазақ әдебиеті мен әлем әдебиетіндегі ортақ бағыт пен әдеби ағымды анықтай отырып, жалпыадамзаттық құндылыққа талдау жасаңыздар. 4-топ Үзіндіні оқыңыздар «Қазақ хандығын» жазғандығынан қатарластары «Мұзжарғыш» атаған І.Есенберлин өзінің бір жазбасында: «Мен көздеген тақырыбымның ішінде жүзіп жүрем ылғи», — депті. Демек, жазушының көкейінде — Кене хан, қиялында — Қазақ хандығы, есінде — Есім хан, қаперінде — Қасым хан, жадында — Жəнібек пен Керей хандар, ділінде — Дешті Қыпшақ, ақыл-ойында — Алтын Орда дəуірі, арманында азаттық болған. Осы тұрғыдан келгенде қазақ əдебиетіндегі мұрты бұзылмай жаткан тарихи тақырыптың алғашқы мұзжарғыш кемесі Ілияс Есенберлин болғанын əсте ұмытпауымыз керек. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні ретінде қорытындылап айтсақ: Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» жəне «Алтын Орда» трилогиялары бізді мыңдаған жылдық тарихы бар ұлт екенімізді айдан анық дəлелдеп берді. Жазушының осы екі трилогиясын өткенді айта отырып оны қазіргі өмір құбылыстарына байланыстыра білу — көркем шығарманың эстетикалық өзектілігін арттыратын көркемдік фактор екенін дəлелдейтін, уақыт рухы көрінетін, жаңа концепция əкелген шығармалар деуге болады. Тапсырма: Өздеріңіз оқыған әлем әдебиетінен тарихи шындықты бүкпесіз жазған, жаңа концепция әкелген қандай жазушының шығармасын білесіздер? Қазақ әдебиеті мен әлем әдебиетіндегі ортақ бағыт пен әдеби ағымды анықтай отырып, жалпыадамзаттық құндылыққа талдау жасаңыздар. Бағалау критерийі 1-2,2-3,3-4,4-1 топтар бір-бірін бағалайды.
ҚОРЫТЫНДЫ ТҮЙІНДІ ОЙ: мұғалім-оқушы Сонымен, тарихи романдар дегеніміз өткен тарихтың маңызды оқиғаларын қайта жаңғыртып, оларды көркем түрде баяндап қана қоймай, жалпыадамзаттық құндылықтарды, адамгершілік, психологиялық, мәдени мәселелерді біртұтас көтеруге көңіл бөледі екен. | |||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 минут |
Үйге тапсырма: «Мұхтар Əуезовтің «Хан Кене» пьесасы 1934 жылы Қазақ мемлекеттік драма театрында бір-ақ рет қойылып, аяғы үлкен дауға айналып, сахнадан алынып, солақай саяси сындардың астында қалғаны белгілі. Бұл еңбек кейіннен араға жарты ғасырдай уақыт салып барып, жазушының жиырма томдық шығармалар жинағының 14-ші томында алғаш рет жарияланды» Қалай ойлайсыздар, осы жылдар аралығында неге драманың қойылуына, жариялануына тиым салынды? «Хан Кене» пьесасынан дәлел келтіріп айтыңыздар. | |||||||||||||||
Қосымша мағлұматтар | ||||||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | ||||||||||||||
Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады. Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады. | Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз. | Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе? Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме? Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма? Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар? | ||||||||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| |||||||||||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?