file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Заман, дәуір тұлғасы. Қ.Жұмаділов «Тағдыр» романы. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, презентация. 2 сабақ.


Сабақтың тақырыбы

Заман, дәуір тұлғасы

Қ.Жұмаділов «Тағдыр» романы

Оқу мақсаты:

Т/Ж 2. Әдеби шығарманың тұжырымдамасы

10.1.2.1 - әдеби шығармадағы көтерілген мәселелерді ұлттық мүдде тұрғысынан ашу.

Сабақтың мақсаты:

«Тағдыр» романында көтерілген мәселелерді ұлттық мүдде тұрғысынан ашады, талдау жасайды.

Бағалау критерийлері:

Т/Ж2 бойынша:

берілген материалдың мазмұнын толық түсіне алады;

әлеуметтік-қоғамдық мәселенің астарлы мағынасын дұрыс анықтайды;

әңгімедегі қоғамдық мәселені анықтай алады;

өз пікірін өмірмен байланыстырып талқылауға қатысады.

Қызығушылықты ояту.

ЖЖ. Ішкі және сыртқы шеңберлер

Тақырыпты бүгінгі өмірмен байланыстырып сөйлейді.

60 секундтан соң ішкі шебер оқушылары тоқтап, сыртқы шеңберде отырған оқушылар сөйлей бастайды, екі шеңбер оқушылары музыка әуенімен айнала жүреді, белгілі уақыттан соң орындарын ауыстырып, жаңа жұбына өз көзқарасын білдіріп әңгімелеседі. Көзқарастарын сұрақтарға жауап бере отырып дәлелдейді.

«Сын тұрғысынан ойлауды дамыту сұрақтары» (Б.Блум бойынша)

Білімді игеруге бағытталған 6 қадам

1.Оқылған шығарма мазмұнын еске түсіру:

Шығарма кім туралы? Қашан, қалай болды?

2.Оқиғалар, идеялар, деректер, құндылықтар арасындағы байланысты анықтау және ойын түсіндіру:

Шығарманың ең қызық жері? Неліктен?

3.Қолдану: Сіз Демежанның орнында болсаңыз қайтер едіңіз? Әңгіменің тарихи негізі неде?

4.Талдау: Демежанға тән қасиеттерді атаңыз.

5.Жинақтау: алынған ақпаратқа толық логикалық қорытынды жасау, оқиғаның себебі мен салдарының байланысын толық түсіну.

6.Бағалау: алынған ақпаратқа пікірталас жасай отырып, жеке өзіндік көзқарастарын қалыптастыру. Шығарма мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, талдайды, қорытады, бағалайды.

Дескрипторлар:

Шығарма мазмұнын біледі;

Оқиғалар, идеялар, деректер, құндылықтар арасындағы байланысты анықтайды;

Әңгіменің тарихи негізін анықтайды;

Демежанға тән қасиеттерді атайды;

Романдағы оқиғалардың себебі мен салдарының байланысын толық түсінеді;

Шығарма мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;

Ойын қорытып, баға береді.

Ж/Т.

«Талдап білу»

Талқылаушы – мазмұны мен тақырыбын талқылайды.

Белгілеуші – мазмұны бойынша сұрақ дайындайды.

Байланыстырушы – шығарманы тарихи шындықпен байланыстырады. ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы империялық құрсаудағы Шығыс Түркістан, оның ішінде Тарбағатай өңіріндегі шиеленісті оқиғалар туралы баяндайды

Топ шешені – көтерілген мәселені ел бірлігі, ұлт мүддесі мәселелерімен байланыстырады. Халық үшін басын талай бәйгеге тігіп, өзге жұрттың өктемдігіне барынша тойтарыс бере білген Демежан әрекетіне талдау жасайды.

Қорытындылаушы – шығармадағы тұлғалық болмысты гуманистік тұрғыдан талдап қорытындылайды.

Қ.Жұмаділовтің «Тағдыр» романындағы: «Бәріміз де пендеміз ғой… Бір-бірімізді сөге-жамандамай, жақсы көңілмен еске алатын болайық» – деген түйін сөзге әкелген қандай құндылық?

 

Дескрипторлар:

берілген материалдың мазмұнын толық түсіне алады;

мазмұны мен тақырыбын талқылайды;

мазмұны бойынша сұрақ дайындайды;

шығарманы тарихи шындықпен байланыстырады;

әлеуметтік-қоғамдық мәселенің астарлы мағынасын дұрыс анықтайды;

шығармадағы тұлғалық болмысты гуманистік тұрғыдан талдап, қорытындылайды.

Рефлексия:

Бүгінгі сабақта алған ақпараттың алдағы өміріңізде пайдасы бар ма?

Сабақта қай тапсырманы орындау қиындық туғызды?

Сізге қиындықты жеңу үшін не істеу керек деп ойлайсыз?



Толық нұсқасын 25 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу