Заман, дәуір тұлғасы. Қ.Жұмаділов «Тағдыр» романы. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, дидактикалық материал. 3 сабақ.
Кейіпкер портреті
Оқушылар кейіпкерлерге портреттік мінездеме береді.
Кейіпкер | Тура мінездеу | Жанама мінездеу |
Демежан | ||
Ши-амбы | ||
Ли-шансың | ||
Еженхан | ||
Ақпатша |
Т.
«FILA толтыру» әдісі көркем шығармадағы кейіпкердің тұлғасын ашуға бағытталады. Топ құрамында төрт адам болады. Әрқайсысы «FILA толтыру» әдісі бойынша тапсырма түрлерін бөліп алады, қорытындысында жұмыстарын біріктіріп, кестені толтырады.
F (дерек) – шығармадан кейіпкер бейнесін ашатын деректер жинау;
I (пікір) – кейіпкер туралы өзінің ой- пікірі;
L (сұрақ) – кейіпкер тұлғасын ашатын сұрақтар;
A (іс-әрекет) – автордың кейіпкерді суреттеудегі қолданған тәсілі.
Деректер | Ойлар | Сұрақтар | Іс-әрекет |
Топтық бағалау.
- шығармадан кейіпкер бейнесін ашатын деректер жинақтайды;
- кейіпкер туралы өзінің ой-пікірін айтады;
- кейіпкер тұлғасын ашатын сұрақтар дайындайды;
- автордың кейіпкерді суреттеудегі қолданған тәсілін табады.
І топ
«Үш түрлі күнделікпен» жұмыс
1-қадам. Шығармадағы кейіпкерлерді анықтап, мәтінмен танысады.
2-қадам. Мәтінді оқу барысында жеке күнделік толтырады.
Мәтіннен ерекше әсер еткен жолдар | Жеке түсінік беру: осы дәйексөзді не үшін жаздыңыз? Қандай ой туғызды? Соған байланысты қандай сұрақ туды? | «Мұғалімге хат» (сұрақтар) |
3-қадам. Жұмыс нәтижесін топта талқылау. Шығарманың өздеріне ерекше әсер еткен үзінділерін мәнерлеп оқиды.
Топтық бағалау.
Дескрипторлар
- Шығармадағы кейіпкерлерді зерттейді;
- Өздеріне тән ерекшеліктерін танып біледі;
- Кейіпкерге талдау жасайды;
- Құндылықтармен байланыста қарайды;
- Шығармаға өз көзқарасымен бағасын береді.
ІІ топ
«Шығармашылық матрица»
Мұғалім оқушыларға шығармадан бірнеше үзінді таратады. Оқушылар Демежан, Ши-амбы образы мен іс-әрекетін сипаттайтын тірек сөздерді матрицаға орналастырады. Олар осы сөздердің Демежан, Ши-амбы образын ашудағы нақты әсерін, автордың образ жасауда осы жолды неліктен таңдағанын талқылайды.
Мәселе | |||
Кімге? | |||
Қайда? |
Оқушылар берілген мәселені шешуде ең дұрысырақ жауаптарды басқа топтарға таныстырады. Өз жұмыстарын сыни бағалайды.
Топтық бағалау.
Дескрипторлар
- Шығармадағы кейіпкерлерді зерттейді;
- Өздеріне тән ерекшеліктерін танып біледі;
- Кейіпкерге талдау жасайды;
- Құндылықтармен байланыста қарайды;
- Шығармаға өз көзқарасымен бағасын береді.
ІІІ топ.
«Кейіпкерді зерттеу»
Оқушылар шағын топтарда шығарма кейіпкерлерін тану, зерттеу тапсырмаларымен жұмыс жасайды.
1. Жазушының кейіпкерді суреттеуі, олардың портреттері;
2. Кейіпкердің іс-әрекеті, сөз саптауы, ойлау ерекшелігі,
3. Кейіпкер мінезін ерекшелеп тұрған сөздер мен суреттеулер;
4. Кейіпкерлердің өзара қарым-қатынасы, диалогы, қоршаған ортаға қарым-қатынасы;
5. Кейіпкер бойындағы ұнамды-ұнамсыз қасиеттер тізбесін жасау.
Топтық бағалау.
Дескрипторлар
- Шығармадағы кейіпкерлерді зерттейді;
- Өздеріне тән ерекшеліктерін танып біледі;
- Кейіпкерге талдау жасайды;
- Құндылықтармен байланыста қарайды;
- Шығармаға өз көзқарасымен бағасын береді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?