Заман, дәуір тұлғасы. Қ.Жұмаділов «Тағдыр» романы. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, презентация. 3 сабақ.
Сабақтың тақырыбы:
Заман, дәуір тұлғасы
Қ.Жұмаділов «Тағдыр» романы
Оқу мақсаты:
Т/Ж3. Көркем шығармадағы образ
10.1.3.1 - көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау.
Сабақтың мақсаты:
«Тағдыр» романындағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау.
Бағалау критерийлері:
Т/Ж3 бойынша:
көркем шығармадағы образды анықтай алады;
әдеби туындыдағы кейіпкердің типтерін сипаттауда дәлелді мысалдар келтіре алады.
кейіпкерлерді қазіргі өмірмен байланыстыру арқылы қорытынды жасай алады;
кейіпкерлердің іс-әрекетіне баға бере алады.
«5 қадам» ойыны.
Әр топтан өз қалауымен бір оқушыдан шығып, мұғалім тарапынан қойылған сұраққа жылдам 5 рет қадам жасап, 5 түрлі жауап айтады.
Сұрақтар:
1. Романдағы өзіңе ерекше әсер еткен 5 сюжетті сипатта.
2. Демежанға 5 сөзбен мінездеме бер.
3. Ши-амбыға 5 сөзбен мінездеме бер.
4. Шығармада көтерілген 5 мәселені ата.
5. Романдағы 5 кейіпкерді ата.
Ж/Ж.
Кейіпкер портреті
Оқушылар кейіпкерлерге портреттік мінездеме береді.
Топтық жұмыс
«FILA толтыру» әдісі көркем шығармадағы кейіпкердің тұлғасын ашуға бағытталады. Топ құрамында төрт адам болады. Әрқайсысы «FILA толтыру» әдісі бойынша тапсырма түрлерін бөліп алады, қорытындысында жұмыстарын біріктіріп, кестені толтырады.
F (дерек) – шығармадан кейіпкер бейнесін ашатын деректер жинау;
I (пікір) – кейіпкер туралы өзінің ой- пікірі;
L (сұрақ) – кейіпкер тұлғасын ашатын сұрақтар;
A (іс-әрекет) – автордың кейіпкерді суреттеудегі қолданған тәсілі.
І топ
«Үш түрлі күнделікпен» жұмыс
1-қадам. Шығармадағы кейіпкерлерді анықтап, мәтінмен танысады.
2-қадам. Мәтінді оқу барысында жеке күнделік толтырады.
3-қадам. Жұмыс нәтижесін топта талқылау. Шығарманың өздеріне ерекше әсер еткен үзінділерін мәнерлеп оқиды.
ІІ топ
«Шығармашылық матрица»
Мұғалім оқушыларға шығармадан бірнеше үзінді таратады. Оқушылар Демежан, Ши-амбы образы мен іс-әрекетін сипаттайтын тірек сөздерді матрицаға орналастырады. Олар осы сөздердің Демежан, Ши-амбы образын ашудағы нақты әсерін, автордың образ жасауда осы жолды неліктен таңдағанын талқылайды.
Оқушылар берілген мәселені шешуде ең дұрысырақ жауаптарды басқа топтарға таныстырады. Өз жұмыстарын сыни бағалайды.
ІІІ топ.
«Кейіпкерді зерттеу»
Оқушылар шағын топтарда шығарма кейіпкерлерін тану, зерттеу тапсырмаларымен жұмыс жасайды.
1. Жазушының кейіпкерді суреттеуі, олардың портреттері;
2. Кейіпкердің іс-әрекеті, сөз саптауы, ойлау ерекшелігі,
3. Кейіпкер мінезін ерекшелеп тұрған сөздер мен суреттеулер;
4. Кейіпкерлердің өзара қарым-қатынасы, диалогы, қоршаған ортаға қарым-қатынасы;
5. Кейіпкер бойындағы ұнамды-ұнамсыз қасиеттер тізбесін жасау.
Топтық бағалау.
Дескрипторлар
Шығармадағы кейіпкерлерді зерттейді;
Өздеріне тән ерекшеліктерін танып біледі;
Кейіпкерге талдау жасайды;
Құндылықтармен байланыста қарайды;
Шығармаға өз көзқарасымен бағасын береді.
Топтар ортаға шығып, өз жауаптарымен таныстырады.
Кері байланыс/Рефлексия
«3Қ"
Не қызық?
Не қажет?
Не қиын?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?