Ш.Мұртаза «Тәуекел той» әңгімесі. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, қосымша материал. 1 сабақ.
Жазушының өмірі мен шығармашылығы
Шерхан Мұртаза 1932 жылы Жамбыл облысы, Жуалы ауданында дүниеге келген. Жамбыл қала-сындағы орта мектепті бітірген ол Москва полиграфия институтының редакциялық-баспалық факультетіне оқуға түседі. 3-курстан М.А.Ломоносов атындағы Москва мемлекеттік университетінің журналистика факультетіне ауысып, оны 1955 жылы тамамдады. Еңбек жолын Қазақтың мемлекеттік Көркем әдебиет баспасының редакторлығынан бастаған жазушы «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Àлаш») және «Социалистік Қазақстан» газеттерінің (қазіргі “Егемен Қазақстан”) тілшісі қызметтерін атқарды. Одан соң бірнеше республикалық газет-журналдарда, баспаларда түрлі қызмет жасаған жазушы Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының секретарі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік телерадио компаниясының төрағасы (1992–1994) және ҚР Парламенті Мәжілісінде депутаты да болды.
Осы жылдары ол қазақ әдебиетінің рухани қорын «Құрылысшы Дәку» (1958), «Табылған теңіз» (1964), «Бұлтсыз күнгі найзағай» (1965), «Белгісіз солдаттың баласы» (1966), «Мылтықсыз майдан» (1969, 1977), «41-жылғы келіншек» (1972), «Ахметжанның анты» (1973), «Интернат наны» (1974), «Қызыл жебе» (1978, 1980), Екі томдық таңдамалы шығармалары (1982), «Тұтқын бала» (1983), «Қара маржан» (1986), «Жүрекке әжім түспейді» (1987), «Жұлдыз көпір» (1984, 1991), «Не жетпейді?» (1990), «Тамұқ» (1994), «Ай мен Айша» (1997), «Елім, саған айтам, ел басы, сен де тыңда!» (1998), «Ақындар мен әкімдер» (2002) атты кітаптарымен байытты. Оның туындылары шет тілдеріне аударылды.
Осымен қатар ол Г.Х.Андерсеннің әңгімелерін, венгер халық ертегілерін, Ш.Айтматовтың «Ботагөз», «Қош бол, Гүлсары», «Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет», «Боранды бекет», «Жанпида» шығармаларын, Мұстай Кәрімнің «Біздің үйдің қуанышы» повесін, Э.Эрскиннің «Марыкчан балалары» романын, Л.Лагиннің «Хоттабыч қарт» повесін қазақ тіліне тәржімеледі.
Қосымша мәтін.
Шерхан Мұртазаның «Тәуекел той» әңгімесінде даңқ пен дақпырт
Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әңгімелерінің көркемдік деңгейін көтеруге Ш. Мұртаза, М. Мағауин, Қ. Жұмаділов, Б. Нұржекеұлы, Т. Нұрмағамбетов, Қ. Түменбай, Ә. Тарази сынды қаламгерлер үлес қосты.Ш. Мұртазаның шағын жанрды ұмыт қалдырмай, оған өзіндік үлес қосып жүргендігін «Алапар мен Динго», «Бұршақ», «Тәуекел той» сықылды әңгімелері растайды. «Тәуекел той» әңгімесінің атының өзі айтып тұрғанындай, шығармаға қазіргі замандағы бәсеке тойы арқау болған. Бақталастық пен күндестіктің шегінен асқынғандығы сонша той десе жанын салатын қазақ бүгінде дәстүрлі тойларды жоғалтып, тойдың өзін бәсекеге айналдыра бастады. Даңқ пен дақпыртқа мастанған жандардың өзгеден асып түсу мақсатында тойдан кейін қарызға белшесінен батып жатуы бүгінгі күннің шындығы.Жазушы Шерхан Мұртаза ағамыздың «Тәуекел той» деген әңгімесі бар. Бәлкім, оқыған шығарсыздар. Онда ауыл адамының ағайынға ауқатты болып көріну үшін ғана жалаң мақтангерлікке салынғаны және дұрыс ойластырмаған олақ есебінің соңында бармақ тістегені туралы баяндалады. Бір жағынан күлесің, бір жағынан аяйсың.«Қазақтың бір тойғаны – шала байығаны». Бұл әңгіменің кейіпкері де сол сияқты, мұрын астындағы өз қисынына өзі сенген. Қаржысы тапшы, қалтасы жұқа. Бірақ, «көрпесіне қарап көсілгісі келмейді». Дүркіретіп, 300-400 адамды шақырып той жасамақ. Ағайындарына, ауылдастарына өзінің кім екенін көрсетпек. Мейрамхана иесімен қарызға келісіп, тапсырыс береді. Кеш соңында тиісті барлық ақыны алақанға салмақ болып келіседі. Той жасаушының ішкі есебі бойынша, шақырылған қонақтар құрқол келмейді. Содан түсетін ақшаның сомасын күні бұрын есептегенде, көздерінің күлімдеп кеткенін өзі де байқамайды. Ол қаржы той шығынын түгел жауып, бірталай таза пайданы тағы әкеледі екен. Бұдан артық не керек! Нартәуекел!Бірақ та нақты өмірдегі көрініс мүлдем басқаша, оған қарама-қарсы болып шығады. Ағайын-туыс, дос-жарандар ол күтіп отырған ақшаның орнына орамал, жейде немесе гүл шоқтарын ғана болады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?