Қ.Жұмаділов «Тағдыр» романы. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Заман, дәуір тұлғасы

Мектеп: Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Турлыбекова Салима Кеңесбековна

Сынып: 10 «» 1)

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Қ.Жұмаділов «Тағдыр» романы

Сабақтың мақсаты

10.1.1.1 - әдеби шығарманың сюжеттік-композициялық құрылысын талдау арқылы идеялық мазмұнын терең түсіну;

10.2.1.1 - әдеби шығарманың композициясын уақыт пен кеңістік тұрғысынан талдау

 Бағалау критерийлері

әдеби шығарманың сюжеттік-композициялық құрылысын талдау жасау арқылы идеялық мазмұнын терең түсінеді;

әдеби шығарманың композициясын уақыт пен кеңістік тұрғысынан талдайды.

Сабақта қамтылатын құндылықтар

Өмір бойы оқу: білуге құштарлық, шығармашылық және оқылатын материалға сыни қарау арқылы оқуға құштарлыққа баулу

Пәнаралық байланыс

Қазақ әдебиеті,тарих

АКТ қолдану дағдылары

Осы сабақ барысында оқушылар Power Point бағдарламасынан тақырыпқа қатысты көрнекі құралдарды пайдаланып, интербелсенді тақтаны қолданады.

Осыған дейін меңгерілген білім

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөз

дер

Сабақтың басы

10 минут

Ұйымдастыру кезеңі. Ж/ЖЖ/Т «Ойлан, бөліс,талқыла!»

 Қабдеш Жұмаділов кім, қандай шығармалары бар?

 Неге роман «Тағдыр» деп аталды екен?

Сабақ тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийі, күтілетін нәтижелер талқыланады.

Слайд

Сабақтың ортасы

25 минут

Мағынаны тану

Қабдеш Жұмаділовтің «Тағдыр» романы туралы қысқаша түсінікті тыңдатылады.

«Жорға сұрақтар»

  • «Тағдыр» романы қай жылы жарық көрді?
  • Автор “Тағдыр” романы үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығынн қай жылы алды?
  • Романның тақырыбы?
  • Роман тақырыбына қандай оқиға арқау болды?
  • Қазақтың қандай ерекшеліктері бейнеленеді?
  • Роман композициясы неше бөлімнен тұрады?
  • Романдағы басты кейіпкер кім?
  • Романның алғашқы бөлімі қалай аталады?
  • «Тағдыр талқысы» бөлімінде қандай оқиға баяндалады?
  • Бас кейіпкердің ұлты үшін жасаған еңбегі қай бөлімде берілген?
  • «Дар ағашы» бөлімі не туралы?
  • Романның идеясы?

Кері байланыс «Бір жұлдыз»

1-тапсырма. Романның қысқаша мазмұнын топта бірлесе оқу тапсырылады. «Аялдама» әдісімен өзара ақпараттарымен бөліседі.

2-тапсырма. Сюжеттік-композициялық талдау жаса.

Оқиғаның басталуы:

Оқиғаның дамуы:

Оқиғаның байланысуы:

Оқиғаның шиеленісуі:

Оқиғаның шарықтау шегі:

Оқиғаның шешімі:

Жұптық бағалау.

Дескрипторлар:

Білім алушы

  • шығарманы түсінеді;
  • ақпаратты анықтайды;
  • сюжеттік-композициялық талдау жасайды;
  • басталуын біледі; дамуын ажыратады;
  • шиеленісу кезеңін табады;
  • шарықтау шегін анықтайды;
  • шешімін біледі.

3-тапсырма. Топтық жұмыс. «Фишбоун» (Балық қабырғасының саны бестен кем болмауы керек)

Басы оқиғаның ̶ уақыты

Жоғарғы жағындағы сызбаларға ̶ оқиғалар

Төменгі жағынағы сызбаларға ̶ оқиғаның себептері

Құйрығына ̶ түйінді ой жазылады.

Дескриптор

Білім алушы

  • шығарманы уақыт пен кеңістік тұрғысынан талдайды;
  • себептерін көрсетеді;
  • түйінді ой жасайды.

Топтық бағалау.

https://bilimland.kz/kk/courses/qazaq-adebieti/11-synyp/lesson/qabdesh-zhumadilov-tahdyr-romany

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия «Бес саусақ»

Балалар параққа алақандарын қойып, оны жиегімен қаламмен айналдырып өтеді. Осыдан соң олар сабақ туралы мынандай сұрақтарға жауап беріп, салынған саусақтарына жазады:

1. «Бас бармақ» - басты мәселе. Бүгінгі сабақта ең құнды мәселе не болды?

2. «Балалы үйрек» - бірлесу. Қалай жұмыс жасадым, кімге көмек бердім, кімді риза жасадым?

3. «Ортан терек» - ойлану. Мен бүгін білім мен тәжірибе алдым?

4. «Шылдыр шүмек» - шынайылық. Сабақ маған ұнады ма? Неліктен?

5. «Кішкентай бөбек» - көңіл-күй ахуалы.

Үйге тапсырма: Шығарманы оқу.

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Топтық бағалау, өзін-өзі бағалау, тиімді кері байланыс арқылы жүзеге асады.

Тарих, қазақ әдебиеті пәндерімен байланысып, отанға құрмет құндылығы дамытылады.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

сы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу