Шахмардан Құсайынов «Томирис» драмасы. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары. 5 сабақ.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Заман, дәуір ̶ тұлғасы

Мектеп: Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Турлыбекова Салима Кеңесбековна

Сынып: 10 «» 1)

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Шахмардан Құсайынов «Томирис» драмасы

Сабақтың мақсаты

10.1.5.1 - шығармадағы ұлттық құндылықтардың әлемдік тақырыптармен үндестігін ашу.

 Бағалау критерийлері

  • ұлттық құндылықты түсінеді;
  • әлемдік тақырыптармен салыстырады;
  • ұқсастығын табады;
  • айырмашылығын ажыратады;
  • өзіндік бағасын береді.

Сабақта қамтылатын құндылықтар

Өмір бойы оқу: білуге құштарлық, шығармашылық және оқылатын материалға сыни қарау арқылы оқуға құштарлыққа баулу

Пәнаралық байланыс

Тарих,өнер

АКТ қолдану дағдылары

Осы сабақ барысында оқушылар Power Point бағдарламасынан тақырыпқа қатысты көрнекі құралдарды пайдаланып, интербелсенді тақтаны қолданады.

Осыған дейін меңгерілген білім

шығарманың идеясын жалпыадамзаттық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөз

дер

Сабақтың басы

5 минут

Ұйымдастыру кезеңі. Суреттер сөйлейді.

Бұлар кімдер?

Бұлардың арасында қандай ұқсастықтар болуы мүмкін?

Сабақ тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийі, күтілетін нәтижелер талқыланады.

сурет

Сабақтың ортасы

30 минут

Мағынаны тану Ж\ЖЖ «Ойлан,бірік!»

1-тапсырма. ЖЖ Берілген ақпараттарды оқып, ұлттық құндылыққа тән әрекеттерді «Фишбоун» әдісімен талқылаңдар.

Томирис

Сақ патшайымы Тұмар (Томирис) ханша (б.д.д. 570-520 жж.) - әлемдегі ең атақты әйел патшалардың бірі. Оның атақты болып, есімінің тарихта енуіне парсының әйгілі патшасы Кіреуке (Кир) (б.д.д. 558 – 530 жж.) себеп болатын. «Жеңілуді білмейтін», Орта Азияға басқыншылық жорықпен келген Кіреукенің әскерін Тұмар ханшаның тас-талқанын шығарғанын бүгінгі жұрт аңыз қылып айтып жүреді.

Қойылым үзіндісі

Томирис .̶ Спаргис, Жоғал! Тегінді тап! (аналық сезімді мүлде сызып тастау қандай ауыр қасірет)

Елес. ̶ Өзіне не қалды?

Томирис. – Сақ деген ел қалған жоқ па?! Сақтың сары даласы қалған жоқ па?! Өлді деп ешкім айтпасын...Өлгенімізді ешкім білмесін...Сақ біткен бізді тірі деп түсінсін...Біз сары далаға әлі сан рет ораламыз.

Басы ̶ көтерілген мәселе

Үстіңгі бөлігі ̶ құндылықтар

Төменгі бөлігі ̶ дәлелдер

Құйрығына ̶ түйген ой

Дескриптор

Білім алушы

  • құндылықтарды анықтайды;
  • дәлел келтіреді;
  • ой қорытады.

Жұптық бағалау жасалады.

2-тапсырма. Т Әлемде өзіндік орындары бар атақты әйел патшалары туралы мәліметтермен танысып, ВЕНН диаграммасымен (Томириспен) салыстыру жасаңдар.

Клеопатра

Египет елінің әйел патшасы. Македония династиясының соңғы басшысы, Александр Македонский Птоломейдің басты әскербасы. Египеттегі Александр империясы құлағаннан кейін жаулап алушы. Терең білім иесі, данагөй, жігерлі және өзіне сенімді Клеопатра халықты өзіне еліктіріп алатын қасиетке ие болған. Ер жігіттің қолында болған билікті, патшайым сәтті пайдалана білген. VII Клеопатра өзінің ағаларымен 21 жыл басқарған.

Жанна Д’арк , Орлеан қызы (фр. Jeanne d'Arc; 6 қаңтар 1412 ж. ш., Франция, Домреми — 30 мамыр 1431 Руан) — Францияның ұлттық батыр қызы. Жүз жылдық соғыс (1337 — 1453) кезінде француз халқының ағылшындарға қарсы азаттық күресін басқарған.

Жанна д’арк. басқарған жасақ үлкен жеңістерге жетіп, 1429 жылы 8 мамырда ағылшындардың қолында болып келген Орлеан қаласын азат етті. Осы еңбегі үшін халық оны Орлеан қызы деп атады. Әрі қарай жеңісті жорықтарды жалғастырған ол Реймс қаласына келіп жетіп, 1429 жылы 17 шілде күні Карл VІІ-ні таққа отырғызды.

Дескриптор:

Білім алушы

  • әлемдік тақырыптармен салыстырады;
  • ұқсастығын табады;
  • айырмашылығын ажыратады.

3-тапсырма. Ж «Елінің ертеңін ойлаған ̶ нәзік жандар» тақырыбына 5 минуттық шағын эссе жазыңдар.

«Еркін микрофон» әдісімен өз жұмыстарыңды таныстырыңдар.

«Бір тілек» кері байланыс беріңдер.

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия «3+2+1»

Ұнаған 3 кезең, ұнаған 2 сұрақ, келесі сабаққа 1 ұсыныс беру

Үйге тапсырма: Шығарманы оқу.

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Топтық бағалау, өзін-өзі бағалау, тиімді кері байланыс арқылы жүзеге асады.

Тарих,өнер пәндерімен байланысып, елінсүйгіштікке деген құрмет құндылығы дамытылады.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы бағ

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

сы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу