Н. Айтұлы «Бәйтерек» поэмасы. Қазақ әдебиеті, 9 сынып, презентация. 2 сабақ.


Мәңгілік Ел – мәңгілік мұрат

Н. Айтұлы «Бәйтерек» поэмасы

Қызығушылығын арттыру.

 «Суреттер сөйлейді» әдісі.

Оқушылар суретті көру барысында қандай күйде болатындарымен бөліседі. Өткен тақырыпты еске түсіреді.

1-тапсырма.

Жұптық жұмыс

Ой сергіту.

Оқушылар өз ойын білдіріп, мына сұрақтарға жауап бере отырып, бір-бірімен ашық пікірлеседі:

Осы поэманың мазмұны қалай әсер етті?

Кім болуды армандайсыңдар?

Ақынның айтайын деген ойы не?

Дескриптор:

Білім алушы:

Оқушы өз ойын білдіреді.

Сұрақтарға жауап береді.

Бір-бірімен ашық пікірлеседі.

Терминмен жұмыс.

Көркем әдебиеттегі психологизм - көркем шығармада адамның жан дүниесін, ішкі сезімін терең ашып көрсетуге айрықша мән беру.

Қазақ әдебиетіндегі тырнақалды психологиялық роман – Ж. Аймауытовтың «Ақбілегі».

Психологизмнің ең алдыңғы қатарда тұратын тәсілі – ішкі монолог.

Мысалы: «Сорлы Ақбілек! Сен жыламай кім жыласын! Тас емшегін жібіткен, тар құрсағын кеңіткен, аруанадай анаңнан айырылдың. Келешектегі бақытты өміріңнің кілтіндей көріп, сары майдай сақтаған алтын қазынаңнан айырылдың! Ар-ұятың төгілді, адамшылығың жойылды. Жас нәуетек жүрегің – соқпай жатып өрт болды. Жаңа піскен жауқазын – піспей жатып жоқ болды. Шамшырақтай жас жаның-жанбай жатып шоқ болды. Есіл ерке балалық – аяққа құйған астайын шолтаң етті – тоқталды. Жыла жасың бұла! Жасыңмен қайғы жуылсын! Жасыңнан теңіз жиылсын!»

Психологизмнің негізгі қызметі - өмірлік шындық пен көркем шындықтың жанды тамырластығын сақтау.

Олай болса, психологизм дегеніміз – шығарма кейіпкерінің ойы мен іс-әрекетінің кереғарлығы, жан дүниесінің «ішкі дауылы», сана қақтығысынан тұратын ерекше көркемдік жүйе.

Бірақ әдеби психологизмнің бір ерекшелігі сонда, тіпті автор мен кейіпкердің ой-толғаныстары мен ой ағымдары, сана қақтығыстары қайшылыққа толы, қарама-қарсы көзқараста болса да, шығармадағы жүйелілік қайтсе де сақталады, бір жүйеден ауытқымайды.

«Бейтаныс жігіттің көздері жұмылып, еріндері кезеріп кетті, бірақ сол сәтте-ақ, ол қабағын қайта ашты, қайтадан маржандай қызара бөрітіп, еріндеріне қан жүгірді. /Оноре де Бальзактың «Шегірен былғары» романынан/

Психологиялық талдауда бейтарап /үшінші жақтан/ баяндаушы әңгімелесе, өзін-өзі талдауда көбіне бірінші жақтан баяндалады.

Дескриптор:

Білім алушы

Психологизмнің мән-мағынасын түсінеді.

Өздері оқыған шығармалардан мысалдар келтіреді.

Топтық жұмыс. 

2-тапсырма

Н. Айтұлы «Бәйтерек» поэмасынанан үзінділерді пайдалана отырып, поэмадағы психологизмді табады.

1-топ: «Ақын» тобы.

2-топ: «Психолог» тобы.

3-топ: «Сыншы» тобы. 

Бағалау.

Әрбір топтың жасаған жұмыстарына келесі топ сағат тілі бойынша баға беріп отырады.

Дескриптор:

Білім алушы:

Поэмадағы психологизмдерді табады. 

Поэмадағы психологизмге түсінік береді. 

Кері байланыс.

- Поэмадағы ақынның негізгі позициясы қандай?

Үйге тапсырма: Н. Айтұлы «Бәйтерек» поэмасын оқу.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу