Ш.Мұртазаның «Тәуекел той» әңгімесіне әдеби сын жазу. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары. 21 сабақ.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

4.Мәңгілік Ел – мәңгілік мұрат

Мектеп: Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:Смагулова Р.А.

Сынып: 10 Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Ш.Мұртазаның «Тәуекел той» әңгімесіне әдеби сын жазу

Оқу бағдарламасына сілтеме

Б/С Әдеби сын

Сабақтың мақсаты

10.3.4.1 - шығарманы идеялық жағынан мазмұндас туындылармен салыстыра отырып, әдеби сын жазу

Бағалау критерийлері

Білім алушы

  • шығарманы идеялық жағынан мазмұндас туындылармен салыстырады.
  • Әңгіменің жазылу барысына әдеби сын жазады.

Тілдік мақсаттар

Қазақтың салт-дәстүрлерінің атауы мен маңызын түсіндіру;

Әдеби сын жазудың құрылымын меңгерту, мәтіндерден бағалуға қажетті көркемдегіш тіл орамдарын тауып қолдану

Сабақта қамтылатын құндылықтар

Өмір бойы оқу, құрмет,ынтымақтастық

Пәнаралық байланыс

Қазақстан тарихы

АКТ қолдану дағдылары

Оқушыларға берілетін тапсырмалар үшін презентация қолданылады.

Осыған дейін меңгерілген білім

Ш.Мұртазаның «Тәуекел той» әңгімесі

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Басы

5 минут

Қызығушылығын арттыру.

Бейнебаяннан той өткізу туралы мәліметтерді табу.

«Айтарым бар» әдісі.

Оқушылар бейнебаяннан көрген мәліметтерін пайдалана отырып, мына сұраққа жауап береді:

  • Қазіргі кездегі тойлар туралы не айтасыздар?

Бүгінгі сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттары хабарланады.

https://www.youtube.com/watch?v=ntjm1LbPfEk

нағашылар әні

Ортасы

10 минут

3 минут

2 минут

20 минут

Мағынасын ашу

1-тапсырма.

Екі түрлі жанрдағы мәтінді оқып, «той» сөзінің мағынасын ашатын көркемдегіш тәсілдерді табу.

1-мәтін

Үйлену тойы — жігіттің некелесуіне байланысты өз үйінде ұйымдастыратын той-думаны. Мұны кейде келін түсіру тойы деп те атайды. “Үйлену” деген атау еркектің әйел алып үйлі болуына, жеке түтін түтетіп, отау тігуіне байланысты қалыптасқан. Дәстүрлі қазақ қоғамында ұзатылатын қызға міндетті түрде отау (киіз үй) тігіп беретін, яғни жігіт әйел алып, неке құрумен бірге үйлі болып бөлінетін. Оның барысында тойшылар рухын, көңіл-күйін көтеретін бәсеке, сайыстар, сауық думандар өткізілген. Ата-ана екі жасты үйлендірмес бұрын жігіт қалыңдықты туыстық араға жеті ата салып іздестіруін, жастарының ерекшелігін ескеріп отырған. Үйлену тойы алдында құда түсіп, сырға салып, жаушы жіберген.  Құдалар бір-біріне есік көрсеткен. Қалың малын алып, жасауын берген. Қыз ұзату тойынан кейін Үйлену тойы, яғни келін түсіру тойы өткізілген. Ауыл әйелдері жасаулы көштің алдынан шашу шашып қарсы алған. Кімде-кім көш бастар түйенің бұйдасын қабылдап алып ауылға жетектеп енсе, “мұрындық апа” атанып, тиісті сыйлығын алған. Ауыл адамдары жүкті түсіріп, ақ отауды әке үйінің оң жағына тігеді. Мұнда жас отау шаңырағын көтеруге балалы-шағалы, төңірекке жақсы атағы жайылған салиқалы ана таңдалады. Отау дайын болған соң, ауыл шетінде хабар күтіп тұрған келінді шымылдықпен бүркемелеп, ана-енесінің үйіне түсіреді. Жас келінді босағадан оң аяқпен аттатқызып, үш рет сәлем бергізеді. Ошақтағы отқа май құю рәсімі жүргізіледі. Келінді қарсы алған қыз-келіншектерге түрлі сыйлықтар (жүзікбілезік, т.б.) үлестіріледі. Қонақтарға табақ тартылып, ақсақалдар бата бергенде ақ отауға сыбаға жіберіледі. Жас келін оны сәлем етіп қабылдайды. Беташардан соң сауық-сайран басталады. Тойдан соң құдаларға киіт кигізіп, ат мінгізіп құрметпен шығарып салады.

2-мәтін

«Тойын жасап бір әулет жатыр бүгін»

Ғабиден Қожахмет

Бөлеп нұрға әнімен айлы аспанды,Шырқатып жұртқа бүгін тойбастарды.Қуанышқа кенелген бір әулеттеТағы да, міне, үлкен той басталды.Той деген баба арманы, жұрт біледі,Ұрпақ қой - қашанда анық ұлт тірегі.Бір әулеттің жанды да ізгі арманы,Қабыл болды тағы бір жұп тілегі.Бабасы кеткен кеше бір ел қылып,Айтады ұрпағына ақ тілеуді жұрт.Сол әулеттің ендігі жалғастығыСалмақты боп көрінер күйеу жігіт.Тұрған дәмін шаттықтың татып бүгін.Олар үшін алмасын уақыт тыным.Көреді ел де бұл тойда қалыңдықтыңКүлімдеген жүзінен бақыт нұрын.Алғаннан соң рұқсатын сенен ұлың,Үлкендік дейтін алдан келеді ұғым.Ата-ананың бірі енді ата болып,Ал біреуі атанды ене бүгін.Заманынан сіңірген нақылды мың,Жарасады жасқа анық ақыл, білім.Міне, сондай қос перзент қол ұстасып,Тойын жасап бір әулет жатыр бүгін.Той деп ұлы мақсатты қойғанда нық.Өнерліден асаба сайланды анық.Айтылады әзіл де, ән де бүгін,Тек осынау шаттықты тойға арналып.Бойдақ күннің ұласып жар-жарға әні,Бүгін тағы бір жұптың жанған бағы.Болсын тойың, тойларың тойға ұласып,Орындалсын ғашықтар армандары!

Дескриптор:

  • Екі түрлі жанрдағы мәтінді оқиды.
  • Ш.Мұртазаның «Тәуекел той» әңгімесімен салыстырады.
  • «Той» сөзінің мағынасын ашатын көркемдегіш тәсілдерді табады.

Қосымша мәлімет!

Әдеби сын –  өмір шындығы мен әдеби шығармадағы көркем шындық арақатынасын саралап, көркем шығарманы әдеби тұрғыдан бағалайтын шығармашылық  Әдеби сынның басты ерекшелігі: қазіргі әдебиеттің жай-күйін қарастыруында, әдеби мұраларды бүгінгі заман тұрғысынан пайымдауында. Сан қырлы өмір оқиғаларының көркем әдебиетте қалайша көрініс тапқандығын анықтап отырады. Әдеби сында берілген баға – сол кезеңдегі әдеби процестің үні. Онда пікірлер қайшылығының кездесуі заңды да. Әдеби сын көркем шығармашылыққа дер кезінде үн қосып, сыр-сипатын айқындайды, баға беріп, пікір білдіреді.

2-тапсырма.

Қалыптастырушы бағалау

Ш.Мұртазаның «Тәуекел той» әңгімесін қазіргі қоғамдағы шынайы өмірмен салыстыра отырып, «Бір күндік тойдың мың күндік өкпесі бар» деген тақырыпта әдеби сын жазу. Әдеби сын көлемі – 100 сөз.

Дескриптор:

  • Ш.Мұртазаның «Тәуекел той» әңгімесін қазіргі қоғамдағы шынайы өмірмен салыстырады.
  • «Бір күндік тойдың мың күндік өкпесі бар» деген тақырыпта әдеби сын жазады.

Бағалау.

Оқушылар жазған әдеби эсселерін бір-бірімен алмасып оқиды. «Ең үздік әдеби сын» деген номинация бойынша үздік жазылған үш жұмысты жариялайды.

Презентация

http://bilim-all.kz/olen/4480-Toiyn-zhasap-bir-aulet-zhatyr-bugin

https://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%AE%D0%B9%D0%BB%D0%B5%D0%BD%D1%83_%D1%82%D0%BE%D0%B9%D1%8B

https://kk.wikipedia.org/wiki/%D3%98%D0%B4%D0%B5%D0%B1%D0%B8%D0%B5%D1%82_%D1%81%D1%8B%D0%BD%D1%8B

Сабақтың соңы

5 минут

Кері байланыс.

  • Ш.Мұртазаның «Тәуекел той» әңгімесі мен «Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар» деген мәтел мағынасының ұқсастығы қандай?

Үйге тапсырма: Ш.Мұртаза «Тәуекел той» әңгімесіндегі тұрақты тіркестерді табу.

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Саралап оқыту сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.Оқушылардың жеке қабілет ерекшеліктерін ескере отырып, тапсырманы саралап (дифференциация) даярлаймын. Жұптық жұмыста оқушылар бір-біріне қолдау көрсетіп,т кейін жеке-жеке әдеби сын жазады.

Бірнеше тапсырмаларды жоспарлау кезінде олардың бір-бірімен байланысты болуына баса назар аударамын. Мысалы, бірінші тапсырмада жазылымалды ақпарат берілсе, келесі тапсырма әдеби сынға қысқаша түсінік беріладі. Келесі тапсырмада әңгіменің жазылу барысына әдеби сын жазады..

Қазақ тілі мен Қазақстан тарихы пәндерімен байланыс бар.

Өмір бойы білім алу, ынтымақтастық, құрмет құндылықтары көзделеді.

Оқушылардың партада дұрыс та ыңғайлы отыруы, т.б. Презентация мен бейнебаяндар интерактивті тақтадан көрсетіледі.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Оқушылар Өмір бойы білім алу, ынтымақтастық, құрмет құндылықтарыныңмаңызына көңіл бөле отырып, бұрынғы мен қазіргіні салыстырып, сыни тұрғыдан баға береді. Оқушылар Ш.Мұртазаның «Тәуекел той» әңгімесінің мазмұнын саралап, әдеби сын тұрғысынан баға береді.

Тапсырмаларды орындауда ынтымақтаса жұмыс жасады. Жұптық жұмыстан кейінгі жасалған жеке жұмыс өз нәтижесін көрсетті. Тапсырмаларды орындауда оқушылар уақытты дұрыс пайдалана алды. Сабақ өтуде оқушылар әңгіме қазіргі өмірдің ұқсастығын таба білді. Әдеби сын жазудың қиындығын түсінді.

Жалпы баға

Ең жақсы өткен екі дүниені атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1: Екі түрлі жанрдағы мәтін мен әңгімені салыстыру.

2: Қазіргі мен өткен өмірдің салт-дәстүрлеріне байланысты талқылауы.

Қандай екі дүние сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізуші еді? (оқытуға және үйренуге қатысты)

1: «Суреттер галереясы» бойынша ауызша сөйлету.

2: Той туралы мақал-мәтелдерді еске түсірту.

Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы қандай ақпаратты алдым?

Шетел әдебиетіндегі осы тақырыпқа ұқсас шығарманы салыстырту.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу