«Ұлы даланың дара ұстазы»

Мақала
«Ұлы даланың дара ұстазы»

Тәуелсіздікке ұмтылыс жан алып, жан беретін күреспен қатар, рухани өміріне айрықша ықпал еткен ағартушылардың отарлау саясатына қарсы идеялық күресімен де ерекшеленеді. Солардың ең ірі өкілдерінің бірі, ұлтымыздың ұлықты ұстазы – Ыбырай Алтынсарин деп білеміз. Ы.Алтынсариннің қазақ ұлты үшін орны бөлек: қазақ педагогикасының негізін қалаушы, ұлы ағартушы, білім ісінің ұйымдастырушысы, фольклорист, ақын-жазушы, журналист. Ы.Алтынсариннің педагогикалық мұрасын, методологиясын саралау оны басқа этнопедагогикалық жүйелермен салыстыруды
Ы.Алтынсарин – ұлт патриоты, тәлімгер-санаткері, халық қызметшісі болды. Ұлы даланың шартарабына саңқылдап естілген ұлттың ұранындай, келешектің тұлғасын өнер-білімге ынтызар еткен рухтың жанартауындай, таудың таза кәусарындай «Кел, балалар, оқылық!», «Өнер-білім бар жұрттар» дейтін классикалық шығармалары – ұлттық сана, тіл, мәдениет тарихындағы баға жетпес байлық еді. Ол «Бір Аллаға сыйынып», «Өнер-білім бәрі де, Оқуменен табылған», «Оқу білген адамдар, Май тамызған қылыштан…» деп, тіреу болар, сүйеу болар оқудың мәнісін ыждағаттайды, содан соң, «өнер-білім бар жұрттардың» өнегесінен үйренейік, «Біз де бекер жатпалық!» бәйгеге түсіп, бақ сынайық, қатардан, саптан қалмайық, сол үшін сендерге батамды бердім дейді
Тұңғыш қазақ педагогы — Ыбырай Алтынсарин екі түрлі ірі мəселені алдына басты мақсат етіп қойды: біріншісі — мектеп ашу, бала оқыту, жалпы халықты ағарту жұмысы; екіншісі — халықтың ой-санасын жаңалыққа қарай бейімдеу жолындағы тəрбиелік істері.
Ол кезде надандыққа белшесінен батып жатқан елді оқуға шақыру, мәдениеттілікке үндеу айтарлықтай тарихи іс еді. Сол бір тарихи кезеңде әлеуметтік мәні зор үлкен іс, ауыр жүкті арқалаған адамның бірі Ыбырай Алтынсарин болды.
Өмірдегі сарқылмайтын мол байлық – білім екендігін айта келіп, білімге адамның қолы жету үшін ерінбей оқу, қажымай еңбек ету керектігін түсіндірді. Есті бала мен ессіз баланы қарама –қарсы қойып, жастарға кімнен үлгі алып, кімнен безу керектігін көрсетті.
Алтынсарин мейілінше қиын жағдайда жұмыс істеді, талай бөгеттерге кездесті. Өтірік арыз, «Жаптым жала, жақтым күйенің» неше түріне жолықты. Бірақ ол күрестен қажыған жоқ. Әсіресе, оның келешекке сенімі зор болды. Аңсаған армандарын өзі орындай алмаса, болашақ жастар орындайды деп білді. Елді қараңғыдан жарыққа шығаратын жастар, тек қана жастар деген қорытындыға келді. Өзін қоршаған қараңғылық, надандықтарды шеней келіп:
«Біз надан боп өсірдік,
Иектегі сақалды,
«Өнер жігіт көркі» — деп,
Ескермедік мақалды.
Біз болмасақ сіз барсыз,
Үміт еткен достарым,
Сіздерге бердім батамды» — деді.
Ыбекең мейлінше қиын жағдайда жұмыс істеді. Талай бөгеттерге кездесті. Өтірік арыз, «Жаптым жала, жақтым күйенің» неше түріне жолықты. Бірақ ол күрестен қажыған жоқ. Əсіресе оның келешекке сенімі зор болды. Аңсаған армандарын өзі орындай алмаса да, болашақта жастар орындайды деп білді.
Ыбырай Алтынсарыұлы қазақ жастарын оқуға үндеумен қатар, адамгершілікке, достыққа, еңбекке, жігерлілікке, халқын сүюге, қысқасын айтқанда, «адам» деген ардақты есімді ақтай алатын кісі болып шығуға үндеді. Ол жастарға бала кезінен бастап дұрыс тəрбие бергенде ғана бұл міндеттерді іске асыруға болатындығын жақсы ұғынды. Сондықтан Ыбырай өзінің оқытушылық, ақындық, жазушылық, аудармашылық жұмыстарын осы мақсатқа бағындырды.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇

Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу