Шөмішбай Сариевтің шығармашылығы


Қызылордалық ақын-Шөмішбай Сариевтің шығармашылығы
Аннотация
Бұл мақала қазақ поэзиясының көрнекті өкілі,сазгер,зерттеуші ғалым Шөмішбай Сариевтің шығармашылығы мен қазақ әдебиетінде алатын орны жайлы зерттеу еңбегі. Мақаланың басым бөлігі ақынның поэзиясы мен сазгерлігіне арналады. Көзі тірісінде жазып кеткен өлеңдерінің халық арасындағы алатын орны жайлы сөз қозғалады. Теңізде туған сыршыл ақынның тамаша талантымен таныс боламыз.
Аннотация
Данная статья представляет собой исследовательскую работу о творчестве Шмишбая Сариева, выдающегося представителя казахской поэзии, музыканта, исследователя и его месте в казахской литературе. Основная часть статьи посвящена поэзии и музыке поэта. Ходят разговоры о месте написанных им при жизни стихов в народе. Мы познакомимся с чудесным талантом таинственного поэта, рожденного в море.
Аbstract
This article is a research work about the work of Shmishbai Sariev, an outstanding representative of Kazakh poetry, musician, researcher and his place in Kazakh literature. The main part of the article is dedicated to the poet's poetry and music. There is talk about the place of the poems he wrote in his lifetime among the people. We will get acquainted with the wonderful talent of the mysterious poet born in the sea.


Ұлы Қорқыт атаның ізі қалған, қасиетті қобыздың сарыны ескен,бақ-берекесі біте қайнасқан Сыр елі қашаннан хас таланттарды тоғыстырған өнегелі өңір. «Жыр елі» атанған бұл өлкеде алаштан ән оздырып, салған әні қазақ елінің көгінде әуелеген әнші,аузы дуалы шешен, сөз қадірін сезінген сардар ақын, жырымен даланы тербеген жыршы, сан ұрпақты тебіренткен өнер иелері жетерлік. Қаншама дарынды тұлғаларды қанатынан ұшырған Сыр елі бүгінде әдеби-мәдени мұралардың асыл көмбесі болып отыр.
Осы Алаштың анасының қанатынан түлеген таланттың бірі де бірегейі Шөмішбай Сариев. Ол барша жұртқа қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, сазгер ретінде танымал. Сардар ақын Шөмішбай Сариев 1946 жылы Қызылорда облысы, Арал ауданындағы Шөміш станциясында дүниеге келген[1]. Оның өлеңге деген құштарлығы бала кезінен-ақ ақын болып шығуына сара жол салған еді. Өзінің “Бір бала” өлеңінде[https://bilim-all.kz/olen/29129-Bir-bala] [6]:
Бір бала көрінеді Арал жақтан,
Киіктің төлі сынды даламда аққан.
Толқында туғасын ба теңіздің де
Тағдыры сол баланың алаңдатқан-деп тебіренеді. Бұл лирикалық кейіпкер-ақынның өз бейнесі. Осы тармақтарға қарап, оған шабыт сыйлаған да, сара жолды салуына бірден-бір себеп болған да туған жердің, шалқыған теңіздің құдіреті деп түсінуімізге болады. Толқында туған ақын теңіз тағдырына қатты алаңдайды. Және бұл жайында толғаған өлеңдері де аз емес.Солардың бірі 1993 жылы жазылған “Теңіз” атты өлеңінде:[6]
Тартылды теңіз тартылды,
Біртіндеп суы сарқылды.
Шағала қойды шаңқылды,
Қаздары қойды қаңқылды.
Аралдың туған баласы ем,
Ойға да кеттім әртүрлі.
Тартылды теңіз су қашып,
Жайыны жатты туласып.
Жоқтаған қайғы шу басып,
Жанымды менің мұң басып,
Аралдың туған перзенті ем,
Отырмын оймен сырласып- деп теңіз жайына қатты алаңдап,күрсінеді. Бүгінде теңіздің әрбір толқынында Шөмішбай атамыздың ішкі толқынысы мен ой елегі өлең боп өріліп жатыр.
Өлең- өмірдің тылсым сиқырлы,құпиялы да,құдіретті құбылысы.Ақынның әрбір өлеңі адам жанына тыныштық сыйлап жүрегін нұрландырады. Төрт тармақтың ішінен-ақ төрткүл дүниенің рахатын табамыз. Әр шумағы оқырманын жалт қарататын сыршыл сезімге толы. Ол қара өлеңнің құдіретін білетін, поэзия әлеміне толықтан енген, өлеңнің бағасын білетін біртуар ақын. Бұл жайындп ол өзінің “Дүниені жалт қаратсам деп едім” өлеңінде[6]:
Тірлік сыйлар тұз-дәмдерін татамын,
Ойға шолып, бір ғажапқа батамын.
Дүниенің бәрі сондай қарбалас,
Сонда да мен өлең жазып жатамын-деп, дүние қанша қарбаласса да қаламымен қағаз бетін шимайлаудан қайтпайтынын жеткізеді. Себебі, ол өзгелерге жеткізе алмаған ренішін, өкініш-мұңын өлең ғып шығаратын еді. Сонда ғана оның жаны тынышталады.
Қара өлеңді сүйген,жауһар жырдың қадірін білетін ақын жаны нәзік,жүрегі ақ болып келеді. Бұл туралы ақынның жары Жұмагүл Қаженқызы Сариева да өз сұхбатында “– Шөмішбай аға өмірде қандай адам болды?” Деген сұраққа:
“– Ешкімнің көңілін қалдырмайтын адам еді. Өте ақкөңіл, балаларға да жайлы, ағайындарға да қамқор болды. Мысалы, өзін біреу ренжітсе, үйге келгенде байыз тауып отыра алмайды. Ертеңіне телефон шалып, одан кешірім сұрап, түсіністік жасап жатады. Мен сонда: «Ол жерде сенің кінәң жоқ. Қайта сені ашуландырды ғой» десем, ол: «Жоқ, оның жүрегінде бірдеңе қалып қойды. Мен-ақ кешірім сұрап, көңілінің кірбіңін тарқатып жіберейінші. Өйткені біреудің аз да болса маған реніші болса, өлең жаза алмаймын», – деді.. Ешкімнің жүрегіне дақ түсірмей өтті. Мені де құрметтеді. Өзім оны баладай күтіп баптадым” деген болатын[2]. Осыдан-ақ ақын жүрегінің қаншалықты пәк, ешкімге арамдық тілей алмайтын адал екенін көре аламыз.
Толқында туып,теңізде тербелген, асау шабытты ақын бұл күнде өлең сөздерін жазып, қаншама әншілердің бағын ашты десек артық айтқандық емес. Лирикалық жырлары мен өлеңдері көптеген қазақ композиторларының шығармашылығына арқау болды. Шөмішбай Нағашыбайұлы осы күнге дейін 500-ге жуық ән сөздерін жазып[5], халықтың көңілінен шығатын қаншама әндерді киелі сахна төрінде қалықтатты. 1992 жылы «Сүйінші» деген атпен ән өлеңдері жеке жинақ боп басылды.Оның бір топ өлеңдері «Айналдым сенен, Атамекен-ай», «Сәлем саған, туған ел», «Толғау», «Аралдан ұшқан аққулар», «Домбыра», «Жусан исі», «Қазағымның күйлері-ай», «Сарыарқа», «Бозжорға», «Қазақстан», «Дос керек», «Аяулым», «Арайлы Астана», «Аға, сенсің – Алатауым», «Сағынышым – Астана», «Сүйінші», «Асыл ана», «Ғашықтар жыры», «Аққу сенім», «Ойлан, балам», «Сағындым, сағым жылдар», «Қайран уақыт» тағы басқа ән-өлеңдері көпшілік қауым сүйіп айтатын туындыларға айналды.[3][4] Кезінде ғалым, Шөмішбайдың ұстазы, қазақтың біртуар тұлғасы Зейнолла Қабдолов ағамыз: «Әннің ғұмырлы болуы – ол тек сөз мәтініне ғана байланысты, әннің сөзі жақсы болса ғана әнді халық сүйіп айтады, ғұмырлы болады, мен сондай әндердің мәтінін Шөмішбайдың жазған ән-өлеңдерінен көріп, сезінемін, әнге мәтін жазудың шебері», – деп бағалаған еді. Дәл сондай пікірді Қазақстанның Еңбек Ері, әнші Роза Рымбаева да: «Шөмішбайдың өлеңіне жазылған әндер осыдан 30-40 жыл бұрын жазылса да, әлі күнге дейін жаңа жазылған ән секілді, сахнадан түскен жоқ, өзінің өзектілігін, өміршеңдігін сақтап келеді», – деп айтқан. Шөмішбай Сариевтың көп әндерінің алғашқы орындаушысы Роза Қуанышқызы[2]. Әнші «Айналдым сенен, Атамекен-ай», «Сәлем саған, туған ел», «Аралдан ұшқан аққулар», «Домбыра», «Еркеледің сен», «Толғау», «Қазақ елі» тағы басқа көптеген ән-өлеңдерін халыққа кеңінен жеткізіп келеді.
Тағдырдың жазғанына шара бар ма? Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шөмішбай Сариев 75 жасқа қараған шағында қайтыс болды. Оның ұрпаққа қалдырған мұрасы ұшан теңіз.Ақын қазазы қалың қазақ жұртының қабырғасын қайыстырғаны рас! Алайда Оның өлеңдері халық жадында сақталғандықтан, ол мәңгі бізбен бірге өмір сүреді.


Пайдаланылған әдебиеттер:
1.”Өскен өңір” ақпараттың агенттігі https://osken-onir.kz/
2. Қазақстан жазушылары: Анықтамалық – Алматы: “Ан Арыс” баспасы, 2009 жыл – 480 бет. ISBN 978-601-7130-43-5
3. Тұрғынбекұлы С. Шағалалы шалқар: Ақын Ш.Сариев туралы //Егемен Қазақстан. – 1996. – 27 сəуір
4. Қирабаев С. Күнмен бірге тіршілікті оятып..: Ақын Ш.Сариевтің шығармашылығы туралы / С.Қирабаев // Қазақ əдебиеті.- 2010.-12 ақпан
5. Есжанов Т.Əуенін ала туған өлеңдер: Ақын Ш.Сариев туралы бүр үзік сыр //Сыр бойы. – 1999. – 24 тамыз
6. Ақын өлеңдері bilim-all.kz - ақпараттық - танымдық порталынан

Қызылордалық ақын-Шөмішбай Сариевтің шығармашылығы

Аннотация

Бұл мақала қазақ поэзиясының көрнекті өкілі,сазгер,зерттеуші ғалым Шөмішбай Сариевтің шығармашылығы мен қазақ әдебиетінде алатын орны жайлы зерттеу еңбегі. Мақаланың басым бөлігі ақынның поэзиясы мен сазгерлігіне арналады. Көзі тірісінде жазып кеткен өлеңдерінің халық арасындағы алатын орны жайлы сөз қозғалады. Теңізде туған сыршыл ақынның тамаша талантымен таныс боламыз.

Аннотация

Данная статья представляет собой исследовательскую работу о творчестве Шмишбая Сариева, выдающегося представителя казахской поэзии, музыканта, исследователя и его месте в казахской литературе. Основная часть статьи посвящена поэзии и музыке поэта. Ходят разговоры о месте написанных им при жизни стихов в народе. Мы познакомимся с чудесным талантом таинственного поэта, рожденного в море.

Аbstract

This article is a research work about the work of Shmishbai Sariev, an outstanding representative of Kazakh poetry, musician, researcher and his place in Kazakh literature. The main part of the article is dedicated to the poet's poetry and music. There is talk about the place of the poems he wrote in his lifetime among the people. We will get acquainted with the wonderful talent of the mysterious poet born in the sea.

Ұлы Қорқыт атаның ізі қалған, қасиетті қобыздың сарыны ескен,бақ-берекесі біте қайнасқан Сыр елі қашаннан хас таланттарды тоғыстырған өнегелі өңір. «Жыр елі» атанған бұл өлкеде алаштан ән оздырып, салған әні қазақ елінің көгінде әуелеген әнші,аузы дуалы шешен, сөз қадірін сезінген сардар ақын, жырымен даланы тербеген жыршы, сан ұрпақты тебіренткен өнер иелері жетерлік. Қаншама дарынды тұлғаларды қанатынан ұшырған Сыр елі бүгінде әдеби-мәдени мұралардың асыл көмбесі болып отыр.

Осы Алаштың анасының қанатынан түлеген таланттың бірі де бірегейі Шөмішбай Сариев. Ол барша жұртқа қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, сазгер ретінде танымал. Сардар ақын Шөмішбай Сариев 1946 жылы Қызылорда облысы, Арал ауданындағы Шөміш станциясында дүниеге келген[1]. Оның өлеңге деген құштарлығы бала кезінен-ақ ақын болып шығуына сара жол салған еді. Өзінің “Бір бала” өлеңінде[https://bilim-all.kz/olen/29129-Bir-bala] [6]:

Бір бала көрінеді Арал жақтан,Киіктің төлі сынды даламда аққан.Толқында туғасын ба теңіздің деТағдыры сол баланың алаңдатқан-деп тебіренеді. Бұл лирикалық кейіпкер-ақынның өз бейнесі. Осы тармақтарға қарап, оған шабыт сыйлаған да, сара жолды салуына бірден-бір себеп болған да туған жердің, шалқыған теңіздің құдіреті деп түсінуімізге болады. Толқында туған ақын теңіз тағдырына қатты алаңдайды. Және бұл жайында толғаған өлеңдері де аз емес.Солардың бірі 1993 жылы жазылған “Теңіз” атты өлеңінде:[6]

Тартылды теңіз тартылды,Біртіндеп суы сарқылды.Шағала қойды шаңқылды,Қаздары қойды қаңқылды.Аралдың туған баласы ем,Ойға да кеттім әртүрлі.Тартылды теңіз су қашып,Жайыны жатты туласып.Жоқтаған қайғы шу басып,Жанымды менің мұң басып,Аралдың туған перзенті ем,Отырмын оймен сырласып- деп теңіз жайына қатты алаңдап,күрсінеді. Бүгінде теңіздің әрбір толқынында Шөмішбай атамыздың ішкі толқынысы мен ой елегі өлең боп өріліп жатыр.

Өлең- өмірдің тылсым сиқырлы,құпиялы да,құдіретті құбылысы.Ақынның әрбір өлеңі адам жанына тыныштық сыйлап жүрегін нұрландырады. Төрт тармақтың ішінен-ақ төрткүл дүниенің рахатын табамыз. Әр шумағы оқырманын жалт қарататын сыршыл сезімге толы. Ол қара өлеңнің құдіретін білетін, поэзия әлеміне толықтан енген, өлеңнің бағасын білетін біртуар ақын. Бұл жайындп ол өзінің “Дүниені жалт қаратсам деп едім” өлеңінде[6]:

Тірлік сыйлар тұз-дәмдерін татамын,Ойға шолып, бір ғажапқа батамын.Дүниенің бәрі сондай қарбалас,Сонда да мен өлең жазып жатамын-деп, дүние қанша қарбаласса да қаламымен қағаз бетін шимайлаудан қайтпайтынын жеткізеді. Себебі, ол өзгелерге жеткізе алмаған ренішін, өкініш-мұңын өлең ғып шығаратын еді. Сонда ғана оның жаны тынышталады.

Қара өлеңді сүйген,жауһар жырдың қадірін білетін ақын жаны нәзік,жүрегі ақ болып келеді. Бұл туралы ақынның жары Жұмагүл Қаженқызы Сариева да өз сұхбатында– Шөмішбай аға өмірде қандай адам болды?” Деген сұраққа:

“– Ешкімнің көңілін қалдырмайтын адам еді. Өте ақкөңіл, балаларға да жайлы, ағайындарға да қамқор болды. Мысалы, өзін біреу ренжітсе, үйге келгенде байыз тауып отыра алмайды. Ертеңіне телефон шалып, одан кешірім сұрап, түсіністік жасап жатады. Мен сонда: «Ол жерде сенің кінәң жоқ. Қайта сені ашуландырды ғой» десем, ол: «Жоқ, оның жүрегінде бірдеңе қалып қойды. Мен-ақ кешірім сұрап, көңілінің кірбіңін тарқатып жіберейінші. Өйткені біреудің аз да болса маған реніші болса, өлең жаза алмаймын», – деді.. Ешкімнің жүрегіне дақ түсірмей өтті. Мені де құрметтеді. Өзім оны баладай күтіп баптадым” деген болатын[2]. Осыдан-ақ ақын жүрегінің қаншалықты пәк, ешкімге арамдық тілей алмайтын адал екенін көре аламыз.

Толқында туып,теңізде тербелген, асау шабытты ақын бұл күнде өлең сөздерін жазып, қаншама әншілердің бағын ашты десек артық айтқандық емес. Лирикалық жырлары мен өлеңдері көптеген қазақ композиторларының шығармашылығына арқау болды. Шөмішбай Нағашыбайұлы осы күнге дейін 500-ге жуық ән сөздерін жазып[5], халықтың көңілінен шығатын қаншама әндерді киелі сахна төрінде қалықтатты. 1992 жылы «Сүйінші» деген атпен ән өлеңдері жеке жинақ боп басылды.Оның бір топ өлеңдері «Айналдым сенен, Атамекен-ай», «Сәлем саған, туған ел», «Толғау», «Аралдан ұшқан аққулар», «Домбыра», «Жусан исі», «Қазағымның күйлері-ай», «Сарыарқа», «Бозжорға», «Қазақстан», «Дос керек», «Аяулым», «Арайлы Астана», «Аға, сенсің – Алатауым», «Сағынышым – Астана», «Сүйінші», «Асыл ана», «Ғашықтар жыры», «Аққу сенім», «Ойлан, балам», «Сағындым, сағым жылдар», «Қайран уақыт» тағы басқа ән-өлеңдері көпшілік қауым сүйіп айтатын туындыларға айналды.[3][4] Кезінде ғалым, Шөмішбайдың ұстазы, қазақтың біртуар тұлғасы Зейнолла Қабдолов ағамыз: «Әннің ғұмырлы болуы – ол тек сөз мәтініне ғана байланысты, әннің сөзі жақсы болса ғана әнді халық сүйіп айтады, ғұмырлы болады, мен сондай әндердің мәтінін Шөмішбайдың жазған ән-өлеңдерінен көріп, сезінемін, әнге мәтін жазудың шебері», – деп бағалаған еді. Дәл сондай пікірді Қазақстанның Еңбек Ері, әнші Роза Рымбаева да: «Шөмішбайдың өлеңіне жазылған әндер осыдан 30-40 жыл бұрын жазылса да, әлі күнге дейін жаңа жазылған ән секілді, сахнадан түскен жоқ, өзінің өзектілігін, өміршеңдігін сақтап келеді», – деп айтқан. Шөмішбай Сариевтың көп әндерінің алғашқы орындаушысы Роза Қуанышқызы[2]. Әнші «Айналдым сенен, Атамекен-ай», «Сәлем саған, туған ел», «Аралдан ұшқан аққулар», «Домбыра», «Еркеледің сен», «Толғау», «Қазақ елі» тағы басқа көптеген ән-өлеңдерін халыққа кеңінен жеткізіп келеді.

Тағдырдың жазғанына шара бар ма? Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шөмішбай Сариев 75 жасқа қараған шағында қайтыс болды. Оның ұрпаққа қалдырған мұрасы ұшан теңіз.Ақын қазазы қалың қазақ жұртының қабырғасын қайыстырғаны рас! Алайда Оның өлеңдері халық жадында сақталғандықтан, ол мәңгі бізбен бірге өмір сүреді.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.”Өскен өңір” ақпараттың агенттігі https://osken-onir.kz/

2. Қазақстан жазушылары: Анықтамалық – Алматы: “Ан Арыс” баспасы, 2009 жыл – 480 бет. ISBN 978-601-7130-43-5

3. Тұрғынбекұлы С. Шағалалы шалқар: Ақын Ш.Сариев туралы //Егемен Қазақстан. – 1996. – 27 сəуір

4.  Қирабаев С. Күнмен бірге тіршілікті оятып..: Ақын Ш.Сариевтің шығармашылығы туралы / С.Қирабаев // Қазақ əдебиеті.- 2010.-12 ақпан

5. Есжанов Т.Əуенін ала туған өлеңдер: Ақын Ш.Сариев туралы бүр үзік сыр //Сыр бойы. – 1999. – 24 тамыз

6. Ақын өлеңдері bilim-all.kz - ақпараттық - танымдық порталынан



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу