Ұлттық құндылық – ұлт ұстанымы. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, дидактиқалық материал. 5 сабақ.


Берілген үзінді мен өлеңді оқыңыз.

  • «Тағдыр» романынан үзінді

Демежанның сонан кейінгі бір ұққаны — адам баласына, ел-жұртқа жасаған жақсылық өлмейді екен. Өз еңбегіңнің қарымтасы кейде тірі кезінде қайтпаса да, өлгеннен кейін болса да ағайын жұртың алғыспен еске ала жүреді екен. Бүгінгі Отыншының мына асы — соның бір айғағындай... Бірақ сонда Отыншыға орнатқан ел ескерткіші — осы ас қана болғаны ма? Бүгін жүздеген қой сойылды, ондаған жылқы жығылды. Ішті, жеді, тарады — не бітті? Соның бәрі осы қоныста қала бермей ме? Рас, қалың ел көпке дейін еске ала жүрер. Биыл туған баланың жасын, түсірген келіннің жылын осы Отыншы асымен орайластыра есептер. Бірақ одан не шықты? Қолмен ұстап, көзбен көрерлік тұлдыры жоқ құр сөз ғой бәрі де... Әлде бұл халық ең асыл қоймасын, кейінге қалдырар қазынасын да өзінің сұлу сөзіне, жанылмас жадына сеніп тапсыратын болғаны ма? Бүгінгі асқа сойылған малдың өзімен-ақ Отыншының басына алыстан көз тартатын, алтындаған алып күмбез орнатуға болар еді ғой...

  • Орыс ақыны А.С. Пушкиннің «Ескерткіш» өлеңін оқып, өз сөзіңізбен баяндаңыз.

Exegi monumentum.

Я памятник себе воздвиг нерукотворный,

К нему не заростет народная тропа,

Вознесся выше он главою непокорной

Александрийского столпа.

Нет, весь я не умру - душа в заветной лире

Мой прах переживет и тленья убежит -

И славен буду я, доколь в подлунном мире

Жив будет хоть один пиит.

Слух обо мне пройдет по всей Руси великой,

И назовет меня всяк сущий в ней язык,

И гордый внук славян, и финн, и ныне дикой

Тунгуз, и друг степей калмык.

И долго буду тем любезен я народу,

Что чувства добрые я лирой пробуждая,

Что в мой жестокой век восславил я Свободу

И милость к падшим призывал.

Веленью божию, о муза, будь послушна,

Обиды не страшась, не требуя венца,

Хвалу и клевету приемли равнодушно,

И не оспоривай глупца.

ЖЖ.1-тапсырма. Шығармаларда көтерілген құндылықтарды талдай отырып салысты-

рыңыз.

«Тағдыр» романы

Ортақ құндылықтар

«Ескерткіш»

Дескриптор:

Білім алушы

  • әлемдік тақырыптармен салыстырады;
  • ұқсастығын табады;
  • айырмашылығын ажыратады.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу