Ұлттық құндылық – ұлт ұстанымы. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары. 5 сабақ.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Ұзақ мезімді жоспар бөлімі: Заман, дәуір тұлғасы | Мектеп: Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Козбагарова Б.М. | |||||||||||
Сынып 10 T1 | Қатысқан оқушылар саны: Қатыспағандар | |||||||||||
Сабақ тақырыбы | Ұлттық құндылық – ұлт ұстанымы | |||||||||||
Сабақтың мақсаттары | 1.5.1 шығармадағы ұлттық құндылықтардың әлемдік тақырыптармен үндестігін ашу | |||||||||||
Бағалау критерийлері | Шығармадағы ұлттық құндылықтардың әлемдік тақырыптармен үндестігін талдайды | |||||||||||
Тілдік дағдылар | Жыл санауды айтулы оқиғалармен байланыстыру, жаңылмас жады | |||||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | Әдеби эссе жазу | |||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Құрмет, адамгершілік | |||||||||||
Пәнаралық байланыс | Ұлттық педагогика, тарих, орыс әдебиеті | |||||||||||
АКТ-ны қолдану | Осы сабақ барысында оқушылар интербелсенді тақтаны пайдаланады | |||||||||||
Жоспар | ||||||||||||
Жоспарлана тын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер (төменде келтірілген жазбаларды жоспарланған әрекеттермен алмастырыңыз) | Дереккөз-дер | ||||||||||
Сабақтың басы 5 минут | Ұйымдастыру кезеңі.
1. Александр Сергеевич Пушкин (6 маусымның 1799, Мәскеу, Ресей — 10 ақпанның 1837, Санкт-Петербор, Ресей) — Ресей ақыны, классикалық орыс әдебиетінің негізін салушы. Александр Сергеевич Пушкин – орыстың ұлы ақыны. Оның өмірі мен өнерпаздық жолы азаттық, адамгершілік идеялары үшін аянбай күресу жолы болды. Сөз өнерін дәуірінің озат тілек-мақсаттарымен ұштастыра білуі оған әдебиетте тың жол табуға, бүкіл елдің, орыс халқының әдебиетін жаңа арнаға бұрып, әдебиетті жаңаша дамытып, еркендетуіне мумкіндік берді. Пушкин сан алуан жанрлық түрлерді еркін меңгерді. Әр қилы лирика өлең, поэма, әңгіме, повесть, тарихи роман, өлеңмен жазылған роман, ұсақ та, кесек те драмалық шығарма - міне, осылардың қайсысын қолға алса да, ол үлкен көркемдік шеберлік танытты. Сол дәуірдегі орыс әдебиетінің Пушкин араласпаған, ол қол тигізбеген, үлкен ықпал жасамаған, елеулі із қалдырмаған бірде-бір саласы болған жоқ. Осынша қыруар еңбегін ол небәрі 20 жылдай уақыт ішінде атқарып шықты.2. «Тағдыр» романы кейіпкері Отыншы Суреттер бойынша сабақтың мақсатына болжам жасату. «Жақсының аты өлмейді, ғалымның жазған хаты өлмейді» деген нақылды суреттермен байланыстырып әңгімелеңіз. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру, талдау, оқу нәтижелерін анықтау. | |||||||||||
Сабақтың ортасы 35 минут | Мағынаны тану
Демежанның сонан кейінгі бір ұққаны — адам баласына, ел-жұртқа жасаған жақсылық өлмейді екен. Өз еңбегіңнің қарымтасы кейде тірі кезінде қайтпаса да, өлгеннен кейін болса да ағайын жұртың алғыспен еске ала жүреді екен. Бүгінгі Отыншының мына асы — соның бір айғағындай... Бірақ сонда Отыншыға орнатқан ел ескерткіші — осы ас қана болғаны ма? Бүгін жүздеген қой сойылды, ондаған жылқы жығылды. Ішті, жеді, тарады — не бітті? Соның бәрі осы қоныста қала бермей ме? Рас, қалың ел көпке дейін еске ала жүрер. Биыл туған баланың жасын, түсірген келіннің жылын осы Отыншы асымен орайластыра есептер. Бірақ одан не шықты? Қолмен ұстап, көзбен көрерлік тұлдыры жоқ құр сөз ғой бәрі де... Әлде бұл халық ең асыл қоймасын, кейінге қалдырар қазынасын да өзінің сұлу сөзіне, жанылмас жадына сеніп тапсыратын болғаны ма? Бүгінгі асқа сойылған малдың өзімен-ақ Отыншының басына алыстан көз тартатын, алтындаған алып күмбез орнатуға болар еді ғой...
Exegi monumentum. Я памятник себе воздвиг нерукотворный, К нему не заростет народная тропа, Вознесся выше он главою непокорной Александрийского столпа. Нет, весь я не умру - душа в заветной лире Мой прах переживет и тленья убежит - И славен буду я, доколь в подлунном мире Жив будет хоть один пиит. Слух обо мне пройдет по всей Руси великой, И назовет меня всяк сущий в ней язык, И гордый внук славян, и финн, и ныне дикой Тунгуз, и друг степей калмык. И долго буду тем любезен я народу, Что чувства добрые я лирой пробуждая, Что в мой жестокой век восславил я Свободу И милость к падшим призывал. Веленью божию, о муза, будь послушна, Обиды не страшась, не требуя венца, Хвалу и клевету приемли равнодушно, И не оспоривай глупца. ЖЖ.1-тапсырма. Шығармаларда көтерілген құндылықтарды талдай отырып салыстыру.
Дескриптор: Білім алушы
Бағалау: Өзара бағалау арқылы орындалады. Ж. 2-тапсырма. Неліктен дана халқымыз «Жақсының аты өлмейді, ғалымның жазған хаты өлмейді» деп айтқан? Әлемдік және романдағы құндылықтарды байланыстырып, бес минуттық эссе жазыңыз. Дескриптор: Білім алушы
«Еркін микрофон» әдісімен өз жұмыстарың таныстырады. Бағалау: «Маған ұнаған эссе» | http://www.magister.msk.ru/library/pushkin/poetry/pu0748.htm | ||||||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Рефлексия
Үйге тапсырма: Романдағы өзге де құндылықтарды әлемдік құндылықтармен үндестігіне мысалдар іздестіру. | |||||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | ||||||||||
Оқушыларға көбірек қолдау көрсету мақтау сөздерін айтамын, қабілеттері одан әрі шыңдау үшін көшбасшылық қасиеттерін дамытамын, күрделі тапсырма беремін. | Оқушылардың сабақты қаншалықты меңгергенін кері байланыс арқылы анықтаймын. | Ұлттық педагогика, тарих, орыс әдебиеті пәндерімен байланысы бар. Қауіпсіздік ережелері сақталады (сергіту жаттығулары, ойындар). Құрмет, адамгершілік құндылықтары қалыптасады. | ||||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| |||||||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?