Заман, дәуір тұлғасы. Қ.Жұмаділов «Тағдыр» романы . Қазақ әдебиеті, 10 сынып, презентация. 1 сабақ.
Ой қозғау
Суреттерде кімдер бейнеленген?
Олар туралы не білесіңдер? Суреттерден қандай әсер алдыңдар?
Оқу мақсаты:
10.1.1.1 - әдеби шығарманың сюжеттік-композициялық құрылысын талдау арқылы идеялық мазмұнын терең түсіну;
Бағалау критерийлері:
Әдеби шығарманың сюжеттік-композициялық
құрылысын талдау жасайды;
Сол арқылы идеялық мазмұнын терең түсінеді.
1-қадам: «Тағдыр» романының «Жол торабы» тарауының 1-4 бөлімдерін шолып оқып, болжам айтыңыздар.
Осы бөлімдердің сюжеттік-композициялық құрылымын алдымен жұпта, топта талқылайды. Басқа топтағылармен бірігеді, бір-біріне түсіндіреді.
2-қадам: танысқан бөлімге сай тапсырмалар:
Шығарма оқиғасы жайлы .(ашық, жабық) 2 сұрақ құрастырады.
Шығарма кейіпкерлерінің іс-әрекетінен 2 мысал келтіреді.
3. Басты кейіпкерге 2 сөйлеммен мінездеме береді.
4. Композициялық құрылымды анықтау.
3-қадам: көркем шығарманың «Жол торабы» тарауының қалған бөлімдеріне шолу жасай отырып, жұбымен талқылайды.
Тапсырма.
Шығарманы сюжеттік құрылымына талдаңыздар:
Басталуы - романдағы кейіпкерлермен, оқиға өтетін жермен, сол кезеңді анықтайды.
Байланысы – оқиғаның болуына себепші болған ойды анықтайды.
Дамуы - шығармадағы негізгі оқиға қалай, қайдан өрбігенін анықтайды.
Шиеленісуі – қай жерде шиленісіп, ширыға түскенін анықтайды.
Шарықтау шегі – әбден шегіне жеткенін анықтайды.
Шешімі – немен аяқталды, шешімі қандай болғанын анықтайды.
Тапсырма
Өздерің оқыған бөлім бойынша көтерілген негізгі мәселені анықтаңыз, сол арқылы шығарма идеясының себебін түсіндіріп 2,3 сөйлеммен жазады.
Рефлексия
Ең.....
Ең....
Ең....
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?