Ш.Мұртаза «Тәуекел той» әңгімесі. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, презентация. 7 сабақ.


Бөлім тақырыбы:

Заман, дәуір тұлғасы

Ш.Мұртаза «Тәуекел той» әңгімесі

Оқу мақсаты: 10.А/И3. Шығармадағы

көркемдегіш құралдар мен айшықтау

амалдарының қызметін талдау

Бағалау критерийі: Шығармадағы

көркемдегіш құралдар мен айшықтау

амалдарының қызметін талдайды.

1-тапсырма

«Ойлан. Жұптас. Бірік» әдісі

Кестені толтырыңыздар.

2-тапсырма

Т.

Үзінділерді оқиға желісі бойынша орналастырыңыздар. Неге осылай орналастырғандарыңызды айтыңыздар.

Бұл үзінділердің градацияға жататындығын дәлелдеңіздер.

Автор оқиғаны қалай дамытты?

«Керімқұлдың ішінде ызғар. Іші уілдейді. Шақпақтың боранындай. Жұрт алдында көңілді көрінген болады. Бірақ көңілі түскір аласапыран. Тыпырши береді. Адамдар оны өзінің алақұйын, алыпқаш мінезіне балап қойды».

***

Керімқұл мына кешкі қапырықтың өзінде жаурағандай қалтырай бастады. Той емес, әлдекімнің жаназасын шығарып жатқандай түтігіп кетті. Бірер конверт түскен қалтасын сипалай береді.

***

Кейбір сәті – өзен жағасында кәуап пісірген жерді торып, әркімнің аузына жаутаң-жаутаң қарап, құйрығын бұлғаңдатып, көздері мөлие қалатын, өмірі бүйірі томпаймайтын, сұрғылт сидаң қаншықты көзге елестеткендей.

***

«Ала көңіл Керімқұл жездесі беріп кеткен конверттің ішінде қанша барын біле алмай, білгісі келіп қипақтап, жұрт көзінше ашып қарай алмай, оңаша шығып та кете алмай, тыпырши берді».

3-тапсырма

Берілген үзіндідегі Керімқұлдың Төрегелді жездесінің жауабы келемежке жата ма әлде мысқылға жата ма? Неге олай ойлайсыздар?

Жанашырдың жақсылығы осындайда сыналады, жездеке. Баяғыда әпкемді қалыңмалсыз алып кетіп едің. Мына бергенің соның есесі ғой деймін,– деп Керімқұл жездесін қағыта күліп алды.

«Оның рас. «Ер мойнында қыл арқан шірімес» деуші еді. Мойнымдағы қарызымнан құтылдым-ау деймін. Енді риза шығарсың. Әпкеңнің қалыңын енді дауламассың.

Рефлексия

Бүгінгі сабақта өте жақсы талданған көркемдегіш құрал немесе айшықтау түрі...

Бүгінгі сабақта түсініксіз талданған көркемдегіш құрал немесе айшықтау түрі...



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу