Ш.Мұртаза «Тәуекел той» әңгімесі. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары. 7 сабақ.


 

САБАҚ:

Мектеп: Атырау қаласы ХББ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім тақырыбы

Ш.Мұртаза «Тәуекел той» әңгімесі

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

10.А/И3. Шығармадағы көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарының қызметін талдау

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар

  • көркемдегіш құралдардың қызметін талдайды;

Көптеген оқушылар

  • айшықтау амалдарының қызметін талдайды;

Кейбір оқушылар

  • көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарының қызметін талдайды.

Бағалау критерийлері

  • Шығармадағы көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарының қызметін талдайды.

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология: эпитет, теңеу, гипербола, градация, мысқыл.

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: Сидаң бойлы, сіріңке қоңыр реңді, бурыл шашты; егде тартқан жас; Ер мойнында қыл арқан шірімес; Мойнымдағы қарызымнан құтылдым-ау деймін.

Пәнаралық байланыс

Қазіргі заман тарихы

Мектеп құндылықтары

  • Жауапты азаматтық позиция: өзіне патриоттықты қамтиды. Жауапты азаматтар адал, сындарлы әрі белсенді, олар тұтастық, сыни идеялар мен қоғамды дамыту, ұлт пен қоршаған ортаны қорғау үшін пікір алуандығын әкеледі, олар қазақша, орысша және шет тілдерінде сөйлейді.

Осыған дейін меңгерілген білім

Ш. Мұртазаның «Тәуекел той» әңгімесіндегі авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын айқындады.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың

басы

3 минут

Оқушылар сабаққа ұйымдастырылады.

Оқу мақсаты таныстырылады.

Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескриптор

оқушы

Шығармадағы көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарының қызметін талдайды.

1

көркемдегіш құралдарды анықтайды

қызметін талдайды

2

үзінділерді ретімен орналастырады

градацияны дәлелдейді

автор қолданысын дәлелдейді

3

көркемдегіш құралды ажыратады

өз ойын дәлелдейді

Сабақтың

ортасы

7 минут

1 минут

16 минут

2 минут

7 минут

2 минут

1-тапсырма

«Ойлан. Жұптас. Бірік» әдісі

Ж/ЖЖ/С. Берілген үзіндіні пайдаланып, кестені толтырыңыздар.

Оқушылар кестені жеке толтырады, жұптасып жауаптарын салыстырады, келесі жұптармен немесе сыныпқа өздерінің жауаптарын ұсынып, бірге талдайды.

Шығармадан үзінді

Сидаң бойлы, сіріңке қоңыр реңді, бурыл шашты Керімқұл ақ костюм, ақ көйлек, қара галстук тағып алып, егде тартқан жасына қарамай, ұшқыр аттай лыпылдап, жайраңдап, құрметті меймандардың алдынан шығып, аймаласып, құшақтасып, құрмет көрсетіп- ақ жүр.

Эпитет

Теңеу

Гипербола

Бағалау.

2-тапсырма

Т.

  • Үзінділерді оқиға желісі бойынша орналастырыңыздар. Неге осылай орналастырғандарыңызды айтыңыздар.
  • Бұл үзінділердің градацияға жататындығын дәлелдеңіздер.
  • Автор оқиғаны қалай дамытты?

***

«Керімқұлдың ішінде ызғар. Іші уілдейді. Шақпақтың боранындай. Жұрт алдында көңілді көрінген болады. Бірақ көңілі түскір аласапыран. Тыпырши береді. Адамдар оны өзінің алақұйын, алыпқаш мінезіне балап қойды».

***

Керімқұл мына кешкі қапырықтың өзінде жаурағандай қалтырай бастады. Той емес, әлдекімнің жаназасын шығарып жатқандай түтігіп кетті. Бірер конверт түскен қалтасын сипалай береді.

***

Кейбір сәті – өзен жағасында кәуап пісірген жерді торып, әркімнің аузына жаутаң-жаутаң қарап, құйрығын бұлғаңдатып, көздері мөлие қалатын, өмірі бүйірі томпаймайтын, сұрғылт сидаң қаншықты көзге елестеткендей.

***

«Ала көңіл Керімқұл жездесі беріп кеткен конверттің ішінде қанша барын біле алмай, білгісі келіп қипақтап, жұрт көзінше ашып қарай алмай, оңаша шығып та кете алмай, тыпырши берді».

Бағалау.

3-тапсырма

Берілген үзіндідегі Керімқұлдың Төрегелді жездесінің жауабы келемежке жата ма әлде мысқылға жата ма? Неге олай ойлайсыздар?

– Жанашырдың жақсылығы осындайда сыналады, жездеке. Баяғыда әпкемді қалыңмалсыз алып кетіп едің. Мына бергенің соның есесі ғой деймін,– деп Керімқұл жездесін қағыта күліп алды.

«Оның рас. «Ер мойнында қыл арқан шірімес» деуші еді. Мойнымдағы қарызымнан құтылдым-ау деймін. Енді риза шығарсың. Әпкеңнің қалыңын енді дауламассың.

Бағалау.

https://kitap.kz/book/1894/read#epubcfi(/6/2[id1]!/4/2/2/1:0)

Ш. Мұртаза «Тәуекел той» әңгімесі

Сабақтың соңы Рефлексия

2 минут

  • Бүгінгі сабақта өте жақсы талданған көркемдегіш құрал немесе айшықтау түрі...
  • Бүгінгі сабақта түсініксіз талданған көркемдегіш құрал немесе айшықтау түрі...

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу