Қ.Жұмаділов «Тағдыр» романы. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, таратпа материал. 5 сабақ.


Сәйкестендіру

1)риторикалық сұрау

2)шендестіру

3)қайталау

4)параллелизм

1-

2-

3-

4-

5-

А)сөз тіркестерін дағдылы синтаксистік қалыптан гөрі өзгешелеу ораммен, айрықша айшықпен құру

Ә) бір-біріне уқсас құрылымды сөйлемдер мен сөз тіркестерінің, формалас сөйлем мүшелерінін қабаттаса қатар қолданылуы. 

Б)Ал жылы орныңды суытқанда қайда барасың?

В) Жақсы да болса қарағым,

Жаман да болса қарағым.

5)айшықтау

Г) Қатыны семіз, ері арық, Иесі семіз, аты арық,

Тұз жұтынан сақтасын

2-тапсырма:

Берілген үзінділерден айшықтауларды (риторикалық сұрау, шендестіру, параллелизм, қайталау) анықтаңыз, қолданысын талдаңыз.

айшықтау

мысалы

қызметі

риторикалық сұрау

шендестіру

параллелизм

қайталау

1-топ

Енді бұларды арт жақтағы қалың топ күтіп тұр еді. Әке құшағынан босап, шешелер қауымына қалай жетті солай, Демежан мен Бибі тасып төгілген мейір-шапағаттың мол теңізіне кірді де кетті. Екеуі алдымен мама қаздай мамырлаған Ажар бәйбішенің құшағына бір-бір сүңгіп шыққан. Сонан кейін-ақ кезекте тұрған шешелер мен жеңгелер, аға-бауырлар ортаға алып, қаумаласып әкетті. Көл-көсір ыстық ықылас, сабасынан асқан сағыныш. Бұлар бейне жер түбінен келген адамдар секілді. Жеңгелері жастай қала жағалап кеткен Демежанды «Төре бала» деп атайтын-ды. Тәңірім-ау, көптен ұмыт болып кеткен осы бір аяулы сөзді қайтадан естудің өзі қандай қымбат еді?!.

Жастардың жарастықты әзіліне былайғы жұрт мәз болып күлісіп жатыр. Кешікпей үлкен үйге дастарқан жайылып, қымыз құйыла бастаған. Бұл күнде жасы елуден асып, еті ауырлап, толыса түскен Ажар бәйбіше бір ауылдың анасындай, қолы ашық, дастарқаны мол, аса байсалды кісі еді. Керімбайдай ел ағасынын қатал мінезінен, ашу-айбарынан ығысқан жұрт, көбінесе, осы Ажардың төңірегіне үйіріле беретінді. Күйеуінің бойынан табыла бермейтін кейбір қасиеттерді осы бәйбішесі толықтырып, жамап-жасқап, бүтіндеп отыратындай еді. Аппақ шатырдай кимешек-шаршысына өмірі қылау түспейтін, қызыл күрең қатипа камзолының екі өңірінде қапсырмалы күміс түймелер үймелеген, екі қолының салалы саусақтары алтын жүзіктерге толы Ажардың қазіргі сәні де жұрттан өзгеше. Әке-шеше арасындағы қыс пен жаздай осы бір кереғарлықты тағы бір рет есіне алған Демежан анасының әлі де әжім айғыздай қоймаған нұрлы жүзінен көз алмай ұзақ қарап отырды. Өзінің де анасын шын қатты сағынғанын енді сезіне бастаған.

2-топ

– Е, тәйірі, Барлықтың қалың қатпар қойнауы мен бүкіл Өбісін, Жараудың қоғасы мен қияғын сұр қазыдай кертіп жеген малдың қылшығы қисаятын ба еді. Алты ай қыс бойында Майлық ағаң бел шешіп ұйықтады ма екен?! «Ел иесі — Керімбай болғанда, мал иесі — Майлық» дегенді осы ел тегін айтып жүр дейсің бе? — деп бір кетті.

– Биыл көктемгі жайылым-өрісті де молынан қамтып, біздің ауылдың төбесін көрмесе адасып кететіндей итіне қонатын біраз ағайынды бұл төңірекке жолатпай отырмын, — деп тағы шалқыды. Бұрын тек Керімбай зәңгінің буына мас болып, қырып кете жаздап жүретін Майлық енді оған Демежанның буы қосылғанда, тіпті аспандай түсіп, жуық арада жерге қонатын түрі жоқ еді. Соны сезген Ажар бәйбіше осы тұста сөзге араласып: 

– Жә, жетер... Шаршап келген баланың миын ашытпай қоя тұрсайшы, бар болғыр, — деп қайнысын тыйып тастады. Сонан соң Демежанға бұрылды да: — үлкендер күтіп қалған шығар, енді қонақ үйге бар, балам...

Демежан осы жайларды қарапайым тілмен ұғынықты етіп, қысқаша баяндап бергенде, ақсақалдар мәселенің байыбына енді барғандай, бастарын изектесіп отырып қалды.

– Е-е, біз тек бетінен қалқып, бер жақтан қайтып жүр екенбіз ғой. Біздікі әшейін «екі түйе сүйкенсе, ортасында шыбын өледі» дегеннің кері десейші, — деді Сымайыл ырғала түсіп. — «Қасапшыға мал қайғы, қара ешкіге жан қайғы». Құрбандыққа байланған қара лақ қанша тыпырласа да, пышаққа ілінбей қоя ма?!.

3-топ

Арғынның сөзін Тіленшінің Алшынбайы ұстағанда, Найманның сөзін Құлдың Отыншысы ұстап, екі жүйрік тіл мен жаққа ерікті берген екен деседі. Екеуі алғаш жолыққанда, Алшынбай әдейі Найман биін ықтырып алғысы келіп:

– Мына басы бармақтай, құлағы жарғақтайың кім еді? — депті Отыншыны жорта танымағансып. Сонда Отыншы жұлып алғандай:

– Басым бармақтай болса сұңқар шығармын, құлағым жарғақтай болса тұлпар шығармын. Ал мына тұз түйген келсап бастанған жалпақ сары, тазың кім болады? — деген екен...

Демежан үндеген жоқ, атын тебініп үлкендердің соңынан ілесе берді. Әкесінің бұл асқа өзін неге ертіп әкелгенін енді ғана пайымдай бастаған. Бар ғұмыры күрес-тартыспен өткен сұңғыла әке көзінің тірісінде баласын ел келесіне араластырып, баулығысы келеді екен. Дос қайсы, жау қайсы, болашақ бақталасы кімдер, біле берсін дейді осы бастан. Сонымен бірге

әкенің арғы түкпірінде жат жұртқа өзінің ер жетіп қалған ұлын көрсетіп, Керімбайдың мұнымен бітпейтінін, өзі өлсе артында өсіп келе жатқан жеткіншегі, жас бөлтірігі бар екенін сездіру мақсаты да жоқ емес сияқты. Оңайшылықпен ашылмайтын, танылмайтын, қос қыртыс қалтарысы қандай көп бұл үлкендердің?! Демежан соған таңданады... Дегенмен әкесінің жанағы сөзіне бұл түгелімен ұйып, қосыла қоймады. Егер мұнын болашақта алысатын, аңдысатын «жаулары» — бүгін Отыншыны бірге жоқтап, қатар қайғырып отырған өз ағайындары, өз руластары болса, онда бұл тіршілікте не мән қалады?

4-топ

– Е-е, «Кеден кеден болды, кедергі неден болды» дейтін емес. О баста тағдырдың жазуы солай болса, одан асып біз қайда барамыз? Қазақтың қонысын малының өрісі билейтін қашан да. Сол малдың соңынан ілесіп көше-көше, темір ноқтаны басымызға қалай киіп алғанымызды өзіміз де білмей қалыппыз ғой. Өз билігіміз өзімізде тұрса, бір сәрі. Біз үшін патшалар билік айтып жатқанда, біз не деуіміз керек?—деп сәл бөгеліп барып: — Барар бағытым, Қағбам сонда ғой деп батысқа көшер едім. Ал бірақ Төртуыл келіп жайласын деп, жайлауы мен қыстауын дайындап отырған кім бар? Маған салсаңдар, Тарбағатайдың құт дарыған күнгейін тастап, ешқайда ауа көшер жайым жоқ, жараңдар...

Бұдан ары «дауыс» айтушылар бүгін келген қонақтарды санамалап, тілге тиек етісті. Көп айтты, көп жылады деп сөкпесін халайық. Отыншыдай есіл ер арамызда енді жоқ, қайтып келмес, белгі бермес алыс сапарға аттанды. Бірақ әкелері өлгенмен, сол әкені көре қалғандардың көзі тірі, қатары бүтін. Кеше жорық жылдарында үзенгі қағысқан Құрман қажыдай інісі, Сымайылдай сырласы келіп отырғанда, Еңседей ел ағасы, Мамырбектей манабы марқұмның орнына келіп құран оқығанда, мұнда айтпаған зар-мұңдарын кімге барып айтады? Тағы кімге шағады? Енді артында қалған жас ұрпақ, қатар-құрбысы, ел-жұрты аман болсын. Көңілге соны медеу тұтып, сабыр сақтамасқа амал не?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу