Қ.Жұмаділов «Тағдыр» романы. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары. 3 сабақ.
Пән | Қазақ әдебиеті | |||
Сабақ | 3-сабақ | |||
Күні: | ||||
Сынып: 9Т1 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | ||
Бөлім тақырыбы | Заман, дәуір тұлғасы | |||
Сабақтың тақырыбы | Қ.Жұмаділов «Тағдыр» романы | |||
Сабақ түрі | талдау сабақ | |||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | 10.1.3.1 - көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау | |||
Сабақ мақсаты | Оқушылардың бәрі
Оқушылардың көбі
Оқушылардың кейбірі
| |||
Бағалау критерийлері |
| |||
Тілдік мақсаттар | Ғұн, көшпенділер, Шәуешек, Дәмежан, Диқанбай, Бибі, Жоңғария, Ақ патша, Ши- амбы сөздер мағынасын білу. | |||
Мектеп құндылықтары | Жауапты азаматтық позиция: өзіне патриоттықты қамтиды. Жауапты азаматтар адал, сындарлы әрі белсенді, олар тұтастық, сыни идеялар мен қоғамды дамыту, ұлт пен қоршаған ортаны қорғау үшін пікір алуандығын әкеледі, олар қазақша, орысша және шет тілдерінде сөйлейді. | |||
Осыған дейін меңгерілген білім | 10.1.2.1 - әдеби шығармадағы көтерілген мәселелерді ұлттық мүдде тұрғысынан ашу; | |||
Жоспар | ||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | ||
Сабақтың басы 2 минут 5 минут Сабақтың ортасы 10 минут 10 минут 5 минут 5 минут | Ұйымдастыру Сыныпта психологиялық ахуал орнату.Мұғалім сөзі: Оқушылар тақтадағы қоржынға назар аударыңдаршы, оған не жетіспейді? Иә, өрнек жетіспейді. Ендеше, әркім түрлі түсті өрнектердің ішінен өзіне ұнаған түсін таңдап алсын. Жасыл түсті өрнекті таңдағандарды бүгінгі күнгі сабақта сәттілік күтіп тұр. Ал қызыл түсті таңдаған оқушылар идеяларымен бөліскісі келіп отыр. Сары түс таңдаған оқушылар белсенділік танытады. Көк түсті таңдағандар табанды болады. - Біз Қ. Жұмаділовтің "Тағдыр" романы бойынша жұмысымызды жалғастырамыз. 1-тапсырма 1 минут стратегиясы бойынша оқушылар екі бағанға бір-біріне қарама-қарсы орналасып тұрады. Бірінші бағандағы оқушылар екінші бағандағы оқушыларға бірінші тараудың 1-4 бөлімдерін 1 минут ішінде жеткізе білу керек.Одан кейін екінші минутта екінші бағандағы оқушылар бірінші бағандағы оқушыларға сол тараудың 5-8 бөлімдерін түсіндіруі шарт. Оқушыларды ынталандыру ретінде шығарманы ең үздік таныта білген оқушылардың кеудесіне жұлдызша жапсырылып отырады. Сабақ соңында ең көп жұлдызша жинаған оқушының белсенді екені анықталады. - Сендердің ойларыңша қай оқушы өз ойын жеткізе алмады, қай оқушы орташа, жартылай, жақсы, өте жақсы жауап берді? (Оқушылар ойы тыңдалады) 2-тапсырма Оқушылар шеңбер бойымен отырғызылып, оларға романдағы кейіпкер есімдері таратылады. ( Ши-амбы, Демежан, Бибі, Бабалық, Зеңгі, Керімбай, Балкашин, Дәулетбай, Байсерке, Керей палуан, Мамырбек, Қайыңбай). Олар тараудағы барлық кейіпкерлер образын ашатын үзінділер келтіреді. Үзіндіні оқи отырып, өз сыныныптастарына өзіне түскен кейіпкерге мінездеме бере отырып, кейіпкерді жасырады. Бір оқушы өзіне түскен кейіпкерді жасырып жатқан кезде, қалған оқушылар оқушы сөзін бөлмей, мұқият тыңдауы шарт. - Қай оқушы кейіпкерді толық сипаттай алды? - Қай оқушы белсенділік танытты? Кейіпкерлерлерге талдау жасалып кетеді. Сұрақ: Даралау, жинақтау дегеніміз не?«Тағдыр» романындағы жинақталған образдар мен дараланған образдар галереясын жасаңыздар. «Жағажайдағы доп» cергіту сəті ұйымдастырылады. Оқушылар шеңбер құрып тұрады да, бір-біріне дөңгеленген тоқыма жіпті лақтырады. Тоқыма жіпте жазулар жапсырулы. Оқушы допты қағып алған уақытта оң қолының бас бармағы қандай жазуды басады, сол сұраққа жауап береді. Сұрақтар: Ең ұнаған кейіпкер? Ең таң қалдырған кейіпкер? Ең ұнамаған кейіпкер? (Несімен ұнады, ұнамады, таң қалдырды) | https://kitap.kz/audio-book/tagdyr_qabdesh Қ.Жұмаділов тің «Тағдыр» романы | ||
Сабақтың соңы 3 минут | Рефлексия «Бес саусақ» әдісі Бас бармақ – ерекше күш жұмсалған тапсырма Сұқ саусақ – кіммен ынтымақтастықта жұмыс жасажым. Ортан терек – мен үшін қызықты болды Шылдыр шүмек – мен үшін қиын болды Кішкене бөбек – мен үшін жаңа ақпарат
|
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?