Шаймардан Құсайынов «Томирис» драмасы. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

4. Заман, дәуір тұлғасы

Мектеп: Атырау қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Алипова А.З.

Сынып: 10 Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Шахмардан Құсайынов «Томирис» драмасы.

Сабақтың мақсаты

10.1.5.1 - шығармадағы ұлттық құндылықтардың әлемдік тақырыптармен үндестігін ашу.

Бағалау критерийлері

Білім алушы:

  • Шығармадан ұлттық құндылықтарды анықтайды;
  • Ұлттық құндылықтардың әлемдік тақырыптармен үндестігін ашады:

Тілдік мақсаттар

Тұмар билеген замандағы тарихи оқиғаларды айқындайтын тарихи сөздерді қолдану

Сабақта қамтылатын құндылықтар

Азаматтық позиция мен құрмет

Пәнаралық байланыс

Қазақстан тарихы

АКТ қолдану дағдылары

Оқушыларға берілетін тапсырмалар үшін презентация қолданылады.

Осыған дейін меңгерілген білім

Шахмардан Құсайынов «Томирис» драмасы.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Басы

5 минут

Қызығушылығын арттыру.

Тақтадан Томиристің суреті көрсетіліп, оқушыларға патшайым туралы ақпарат ұсынылады.

«Шын-жалған» әдісі. Оқушылар жұбымен ақылдаса отырып ақпараттың шын немесе жалған екенін анықтайды. Дәлел келтіреді.

  • Томирис- (грек. Τόμυρίς, көне парс. Tahm-Rayiš, көне иран.: Tahmirih — "Батыл") деген мағына білдіреді;
  • Томирис ж.ж.с.д. 570-520 аралығында өмір сүрген;
  • Томирис күнгей түркі сақ халықтарының байырғы заманда ел билеген атақты әйел патшаларының бірі
  • Массагет халқының байырғы заманда ел билеген атақты ханшайымы;
  • Абылай ханның атақты кеңесшілерінің бірі болған;
  • Кенесарының қарындасы Бопай ханыммен ажырамас құрбы болған;
  • Ахемен әулетінен шыққан, "төрт құбыланың тұтас билеушісі" атанған парсының әйгілі патшасы Кирдің (ж.ж.с.д. 558-530.) әскерін жеңген.

https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A2%D2%B1%D0%BC%D0%B0%D1%80_%D1%85%D0%B0%D0%BD%D1%88%D0%B0

Ортасы

3 минут

8 минут

15 минут

Мағынасын ашу.

Томирис патшайымның қысқаша өмірбаянымен танысқан оқушылар оның бейнесіне қатысты сөздер мен сөз тіркестерін ұсынады.

Мысалы: мұқалмайтын рух, әділдікті аңсаған, отансүйгіш, табандылық, қайсарлық, намысшылдық, шексіз ерлік;

  • «Томирис» драмасында қандай ұлттық құндылықтар көрініс тапты? Шығармадан үзінділер келтіріп, пікіріңізді дәлелдеңіз.

ТЖ Оқушылар https://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%96%D0%B0%D0%BD%D0%BD%D0%B0_%D0%B4%E2%80%99%D0%90%D1%80%D0%BA сілтемесі бойынша Жанна д'Арк туралы ақпарат жинақтайды. Топта жинақтаған ақпаратты саралайды, маңызды деп тапқан тұстарын белгілейді.

Топтық тапсырма

1-топ.

Тұмар ханшайымның ел басқарудағы ерекшелігіне талдау жасаңыз. /Тарихи деректер арқылы/

2-топ.

«Томирис» драмасында көрініс тапқан ұлттық құндылықтарды анықтап, шығармадан дәлелдер келтіріңіз.

3-топ.

Тұмар ханшайымның атынан бүгінгі ұрпаққа монолог жолдаңыз (ауызша).

4-топ.

«Томирис» драмасындағы ұлттық құндылықтардың көрінісі мен Жанна д'Арк ерлігінің арасындағы үндестікті анықтаңыз. Венн диаграмма жасаңыз.

Бағалау. «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі

https://egemen.kz/article/164910-tumar-qyzdynh-tori

https://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%96%D0%B0%D0%BD%D0%BD%D0%B0_%D0%B4%E2%80%99%D0%90%D1%80%D0%BA

Сабақтың соңы

5 минут

Кері байланыс.- Томирис патшайымның бейнесі ұлттық құндылықтарды сақтауға қаншалықты әсер етеді? /Оқушылардың өз ойлары тыңдалады./

Үйге тапсырма:

Шахмардан Құсайыновтың «Томирис» драмасын мұқият оқып, Томирис патшайымның атынан монолог жазуға дайындалу.

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау, берілетін уақыт, қолданатын дерек көздеріне байланысты бөліп оқыту. Бөліп оқыту сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады. Топтағы оқушылардың жеке қабілет ерекшеліктерін ескере отырып, тапсырманы саралап (дифференциация) даярлау.

Бірнеше тапсырмаларды жоспарлау кезінде олардың бір-бірімен байланысты болуына баса назар аударамын. Мысалы, бірінші тапсырмада ақпарат берілсе, келесі тапсырманы сол алған ақпараттарды қолдануға құрамын.

Қазақстан тарихы пәнімен пәнаралық байланыс.

Азаматтық позиция, құрмет құндылықтары көзделеді.

Оқушылардың партада дұрыс та ыңғайлы отыруы, т.б. ескеріледі.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Оқушылар азаматтық позиция, құрмет құндылықтарының маңызына көңіл бөле отырып, бұрынғы мен қазіргіні салыстырып, сыни тұрғыдан баға береді. Оқушылар Шахмардан Құсайыновтың «Томирис» драмасын оқып, онда көрініс тапқан ұлттық құндылықтарды талдайды. Тапсырмаларды орындауда ынтымақтаса жұмыс жасады. Жеке, жұпта, топта жасаған жұмыс түрлері де өз нәтижесін көрсетті. Тапсырмаларды орындауда оқушылар уақытты дұрыс пайдалана алды. Сабаққа кері байланыс жасауда өмірмен байланыс тығыз болды.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу