Шаймардан Құсайынов «Томирис» драмасы. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары. 5 сабақ.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4. Заман, дәуір тұлғасы | Мектеп: Атырау қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Алипова А.З. | ||||||||||||
Сынып: 10 Т1 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | |||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Шахмардан Құсайынов «Томирис» драмасы. | ||||||||||||
Сабақтың мақсаты | 10.2.4.1 - көркем шығармадағы көтерілген мәселелерге талдау жасау арқылы өзіндік пікірін қосып, шығармашылық жұмыс (әңгіме, өлең, әдеби және еркін тақырыптарға шығарма) жазу. | ||||||||||||
Бағалау критерийлері | Білім алушы:
| ||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Тұмар билеген замандағы тарихи оқиғаларды айқындайтын тарихи сөздерді қолдану | ||||||||||||
Сабақта қамтылатын құндылықтар | Азаматтық позиция мен құрмет | ||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Қазақстан тарихы | ||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Оқушыларға берілетін тапсырмалар үшін презентация қолданылады. | ||||||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | Шахмардан Құсайынов «Томирис» драмасы. | ||||||||||||
Жоспар | |||||||||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | |||||||||||
Басы 15 минут | Оқушыларға
Қызығушылығын арттыру. «Тыңдалым триадасы» әдісі Оқушылар үш-үштен топтарға бөлінеді, олардың екеуі бір-біріне қарама-қарсы тұрады (шешен, тілші), үшіншісі (хатшы) бөлек тұрып сыртынан бақылап тұрады. Шешен – мәселеге қатысты өз пікірін білдіреді немесе комментарий айтады. Тілші – сұрақ қойып, түсінгісі келеді. Хатшы – әңгімені тыңдау барысында белгілеп отырады, әңгіме аяқталысымен баяндама ұсынады. Оқушылар рөлдерін ауыстырып, жалғастыра алады. «Тыңдалым триадасында» талқыланатын сұрақ:
|
| |||||||||||
Ортасы 20 минут | «РАФТ» әдісі. Оқушылар ұсынылған рөлдің біреуін таңдап, нақты аудиторияға арнап, форманы сақтай отырып, жазба жұмысын орындайды. Р – рөль А – аудитория Ф – форма Т – тақырып
Ж Оқушылар жеке отырып, жазба жұмысын орындайды. Бағалау. Қасындағы жұбымен жұмыс дәптерлерін алмастырып, жұмысына комментарий жазу ұсынылады. Дескриптор
| ||||||||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Кері байланыс.- Томирис патшайымның бойында қазіргі қазақ қызына үлгі боларлық қандай қасиеттер бар? /Оқушылардың өз ойлары тыңдалады./ Үйге тапсырма: Шахмардан Құсайыновтың «Томирис» драмасын мұқият оқып, Томирис патшайымға арнап өлең жазу. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды