Ш.Мұртаза «Тәуекел той» әңгімесі. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, қосымша материал. 20 сабақ.
Идея (гр. іdea – түсінік, елес, бейне) –
1) ой, түпкі ой;
2) бір нәрсенің (мысалы, көркем, ғылыми, саяси шығарма) негізгі ойы;
3) теориялық жүйенің, логикалық құрылымның, соның ішінде дүниетанымның негізінде жатқан анықтаушы түсінік;
4) нәрсе немесе құбылыс жөніндегі жалпы түсінік.
Шерхан Мұртазаұлы Мұртаза (2 қыркүйек 1932 жыл, Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Талапты ауылы − 8 қазан 2018 жыл, Алматы) — жазушы, қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1984), Қазақстанның халық жазушысы (1992). Дулат руының Шымыр тармағынан.
М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген (1955). 1955 — 56 жылы Қазақ мемлекет көркем әдебиет баспасында, 1956 — 60 жылы “Лениншіл жас” (қазіргі “Жас алаш”), 1960 — 63 жылы “Социалистік Қазақстан” (қазіргі “Егемен Қазақстан”) газеттерінде тілші, әдеби қызметкер, редактор, 1970 — 72 жылы “Жазушы” баспасы жанындағы Балалар мен жастар әдебиеті бас редакциясының және “Жалын” альманахының бас редакторы, 1972 — 75 жылы “Жұлдыз” журналының бас редакторы, 1975 — 80 жылы Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының 2-хатшысы, 1980 — 89 жылы “Қазақ әдебиеті” газетінің бас редакторы, 1989 — 92 жылы “Егемен Қазақстан” газетінің бас редакторы, 1989 жылдан-«Егемен Қазақстан» республикалық газетінің редакторы. «Қазақстан» мемлекеттік телерадиокомпаниясының төрағасы. 1990 жылдан - Ұлттық саясат, мәдениет және тілді дамыту жөніндегі комитет мүшесі. 1994 жылдан - Мәдениет, баспа, бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық бірлестіктер жөніндегі комитет мүшесі, Мәдениет, баспа, бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық бірлестіктер жөніндегі комитеттің мәдениет, әдебиет және өнер бөлімдік комитетінің төрағасы. ҚазКСР Халық депутаты (1990-1993). ҚР Жоғарғы Кеңесінің (1994-1995), ҚР Парламенті Мәжілісінің 2-ші шақырылым (1999-2004)депутаты.1992 — 94 жылы “Қазақстан” мемлекет телерадио компаниясының төрағасы қызметтерін атқарды. 12, 13-шақырылған ҚР Жоғ. Кеңесінің, 2-шақырылған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болды. Сондай-ақ ол ҚР Президенті жанындағы Ұлттық кеңестің мүшесі. 1995 жылдан - шығармашылық жұмыспен айналысуда. 1996 жылдан - «Егемен Қазақстан» газетінің қызметкері.
«Құрмет белгісі», «Отан» ордендерімен марапатталған (1999). «Қара алқа» романы үшін ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығының (1978); Қазақстандық Лениндік Коммунистік Жастар Одағы, Жалпыодақтық Лениндік Коммунистік Жастар Одағы, «Тарлан» тәуелсіз сыйлықтарының лауреаты (2000). ҚазКСР мәдениетіне Еңбек сіңірген қызметкері. Қазақстанның Халық жазушысы (1992). Қырғыз Республикасының Халық ақыны.
Хоббиі - төс белгілер және асықтар жинау.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?