Ж.Бөдеш «Жалғыз» поэмасы. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ.
Қысқа мерзімді жоспар
Келісілді ________ |
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тарих тағылымы | Мектеп: | ||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||||||
Сынып: | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Ж.Бөдеш «Жалғыз» поэмасы | ||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 10.2.2.1 - автор бейнесінің шығармадағы белгілі бір оқиғадағы көрінісін анықтау; 10.3.2.1 - көркем шығармадағы көтерілген мәселелердің жаңашылдығына баға беру; | ||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Шығармадағы көтерілген мәселелер арқылы автор бейнесін ашу, поэманың жаңашылдығына баға беру. | ||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Поэмада көтерілген мәселелер арқылы автор бейнесін ашады; Шығарма жаңашылдығына баға береді. | ||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Жалғыз, аққу, торғай, сұңқар, құзғын, Құрманазы, т.б | ||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік, құрмет, ынтымақтастық, еңбек және шығармашылық | ||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Тарих пәні | ||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Презентация, слайдтармен жұмыс жасау дағдысын дамыту. | ||||||||||||||
Бастапқы білім | Жаңа сабақ | ||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||
Сабақтың басы 5 минут | Оқушыларды түгендеу; Кезекшімен жұмыс жүргізу; Сыныптың назарын тақтаға аудару; Сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлерімен таныстыру. Мұғалімнің кіріспе сөзі: «Жалғыз» поэмасы–адам жанының жалқы, шын мәнінде әр пенденің жалғыз екенін, ешкімнің қайталанбайтын жаратылыс екенін айқындай түседі. Өз замандастарына қойылған ескерткіш сияқты. Туған даласының әр аймағын, әр тасын, замандасының әрқайсысын жалғыз деу арқылы, олардың Жәркен үшін аса қымбат екенін көрсетеді. Өзін жалғыздау арқылы өз болмысын терең тани түседі. Жалғыз адам қашанда ой үстінде болады. Еркіндікке құлаш ұрады. Миға шабуыл: 1. Мүмкін ақынды айналасындағылар шын түсінбегеннен жалғыз. Қалай ойлайсыңдар, оқушылар? «Жалғыздықты сүймеген адам еркіндікті де сүймейді» (Шопенгауэр). 2. Шопенгауермен сөзімен келісесіздер ме? Неге? 3. Шығармадағы автордың жалғыз деген тұлғалар жайында не білесіз? | ||||||||||||||
Сабақтың ортасы 15 минут 5 минут 10 минут
2 минут | Берілген үзіндімен танысады; кестені толтырады.
Саралау: тереңдету қағидасы 1-топ. Жалғыздыққа сүйенген, Мен де жалғыз арқармын. Жалғыз өлең дарыса, жүректегі тарқар мұң. Жырдың уы бойыма жайылғанда өлермін, Өзі айтады үкімін келер ұрпақ, келер күн. 2-топ. Қайран, біздің Сары-Арқа сағымнан алтын сапырған. Қайран, біздің Жетісу топырағы құт шақырған. Қайран, біздің Қарақұм дауылы тау көшірген. Қайран, біздің Атырау мұнайын қыздай ұзатып, Ел мерейін өсірген. Солай да, солай десек те, жер-судың бәрі есепте ... Өлуге маған болмайды, Тағдырым шіркін, сондай-ды. Жер қалмады бұл маңда сүйегімді көмерге. Жердің бәрі сатылған. Сатылған жер қат-қабат тікенек сыммен қоршаулы. Құстар да аспан самғаған, балық та суды шарлаған – Сатылып кеткен бәрі де. Қалмағасын сүйем жер, сүйегімді көмерге – Аяқ пен қолым ұйқасып, жүрегім күмбір күй тасып - Қыл қобыздай мөңіреп жарғақ екі құлағым – Санам құстай сілкініп - айналып кеттім өлеңге, айналып кеттім өнерге. 3-топ Жалғыздықтан қорықпаймын, Топқа, жікке бөлінген, құм төбедей өрілген тобырлардан қорқамын. Аш бөрідей бүкеңдеп, жортсам, жалғыз жортамын. Тырналар үшар тізіліп, бұлдырық ұшар топтанып. Ал, құстардың тектісі — қырандар жалғыз самғайды. Жер мен Көкті шарлайды. Тексіз шиебөрілер оннан-бестен ұйлығып жүргенімен қампайып, Бірін-бірі аңдиды, бір-бірінен қорқады. 4-топ Кең аулама ектім мен өз қолыммен түп емен, Түп еменнің түбіне Ай туғанда түнегем. Сол емендей қасқайып тағдырыма қасарып. Сол емендей найқалып, сол емендей түнерем. Кең аулама ектім мен, алма ағашын аласа, Суармаған кешім жоқ. Ұрпақтарым алмасын үзіп-үзіп жесін деп. Кең ауламның ішінен шыңырау құдық қаздым мен, Суы көздің жасындай, іше бергім келеді, сусыным бір басылмай. Кең аулама сыйғасын, құс баулып, ат ұстадым. Дескрипторлар: Мәселені анықтайды; Автор бейнесін аша алады; Мәселенің қазіргі замандағы өзектілігін айтады; Ой қорыта алады. Бағалау: «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы топтар бірін-бірі бағалайды.
Шығармадағы мәселелердің жаңашылдығына баға беру үшін төмендегі сұрақтарға жауап береді. Поэманың басқа поэмалардан ерекшелігі не? Шығарманың жаңашылдығы неде? Поэмады көтерілген мәселелер арқылы автор оқырманға не жеткізгісі келді? Бүгінгі күннің өзекті мәселесі – жердің сатылымына сіз қалай қарайсыз? Жерін сатқан халықты алдағы уақыттағы күні не болмақ? Дескрипторлар; Барлық сұраққа жауап айта алды; Ойын толық, жүйелі жеткізеді. Бағалау: Мұғалім бағалау жүргізеді. | ||||||||||||||
Сабақтың соңы 3 минут | Мені қызықтырды... Мені ойландырды... Маған қиын болды... Мұғалімге ұсыныс... | ||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||
| |||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?