Жәркен Бөдешұлы. Жалғыз (поэма). Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Келісілді

«Қазақ тілі мен әдебиеті» ӘБ жетекшісі

________

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тарих тағылымы

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Жәркен Бөдешұлы. Жалғыз (поэма)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдану

 Сабақ мақсаттары

Берілген үзінділер арқылы креативті жазба жұмысын орындау

 Жетістік критерийлері

Шығарма идеясын түсінеді;

Тақырыбын анықтайды;

Талабына сай креативті мәтін жазады;

 Құндылықтарды дарыту

Құрмет, патриотизм, ынтымақтастық,

Пәнаралық байланыстар

Әдебиеттану, қазақ тілі

 АКТ қолдану дағдылары

Бастапқы білім

«Бесеудің хаты» Ш. Мұртаза

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

7 минут

Бейнебаянды тыңдап, сабақ тақырыбын болжайды. Өзінің тыңдаған кезде алған әсері туралы суреттейді.

Сабақ тақырыбы айтылып, оқу мақсаты, сабақ мақсаты мен критерийлер таныстырылады.

Сынып саналу реті бойынша үш топқа бөлінеді.

https://www.youtube.com/watch?v=DO34RGI2Pqc

Сабақтың ортасы

7 мин

8 мин

15 мин

1-тапсырма.

Топтар алдымен поэма мазмұнымен танысып шығып, тақырыбы мен идеясын анықтайды. Идеясына байланысты өз пікірлерін білдіреді. Сюжеттік - композициялық талдау жасайды.

Тақырыбы:

Идеясы:

Оқиғаның басталуы:

Оқиғаның байланысуы:

Оқиғаның дамуы:

Оқиғаның шиеленісуі:

Оқиғаның шарықтау шегі:

Оқиғаның шешімі:

2-тапсырма.

«Пирамидалық талқылау»

1. Негізгі кейіпкер, тақырып. 1 сөз не сөз тіркесі

2. Тақырыпты ашу (жасы, мінезі, сапасы, сырт тұлғасы) 2 сөз не сөз тіркесі

3. Оқиға орны (қоғамдық ортасы, оқиғалар қайда өтеді?)

4. Мәселе тарихы

5. Бірінші оқиға (көтерілген мәселелер)

6. Екінші оқиға (кейіпкерге не болды? Қоршаған орта ықпалы)

7. Үшінші оқиға (мәселені шешу үшін жасалған әрекеттер туралы)

8. Шешімі. 8 сөз не сөз тіркесі

1. _____

2. _____ _____

3. _____ _____ _____

4. _____ _____ _____ _____

5. _____ _____ _____ _____ _____

6. _____ _____ _____ _____ _____ _____

7. _____ _____ _____ _____ _____ _____ _____

8. _____ _____ _____ _____ _____ _____ _____ _____

3-тапсырма. Берілген үзінділермен таныса отырып, шығармашылық жазба жұмысын орындау.

«РАФТ» стратегиясы

1-ТОП.

Жоңғар құмын омбылап, Сары-Арқаға жеткенше –

Қияметтей жол жүрдім.

Өкпемді қарып ыстыққа, жүректі аяз, тоңға ұрдым.

Адамша ерлік жасадым, бұралқы иттей болдырдым.

Өмір сүрдім дегенім - тырағай тірлік, тірі егес.

Тек өлген соң боламын құбылмалы құр елес.

Алабөтен тағдырым

Такламакан шөліндей жазы ыстық, қысы аяз.

Қабірімнің басына сексеуіл өсер, гүл емес ...

Жалғыздыққа сүйенген, Мен де жалғыз арқармын.

Жалғыз өлең дарыса, жүректегі тарқар мұң.

Жырдың уы бойыма жайылғанда өлермін,

Өзі айтады үкімін келер ұрпақ, келер күн.

2-ТОП.

Ұшқыр қиял, кемел ой, шіреніп тартқан жебедей,

Дарияға салған кемедей тілім де жалғыз, ділім де.

Қатыгез қатал ғасырдың тепкісіне шыдаймын.

Ашынған даусым жетсе екен құлағына Құдайдың ...

Төбең көкті тіреген, ағашың құстай түлеген –

Алатау, сен де жалғызсың.

Көгілдір нілге шыланған, Күнікей қыздай сыланған –

Көкшетау, сен де жалғызсың.

Қазынасы қат-қабат, арулары ақ тамақ –

Қаратау, сен де жалғызсың.

Алтынын бұлттай көшірген, бұғысын ұлдай өсірген –

Алтай, сен де, жалғызсың.

Шекарасы темірден, байлығы мұнай, көмірден,

Ақыны бұлттай егілген Жайыртау, сен де жалғызсың.

Патшаның алтын тағындай, адамзаттың бағындай,

Хан-Тәңірі, сен де жалғызсың!

Таңғажайып ертектей, еңіреп туған еркектей –

Тарбағатай, сен де жалғызсың.

Кешір, мені, тауларым, жалғыз-жалғыз болғасын,

Қосылмайды бастарың. Араласпайды тастарың ...

3-ТОП.

Кең аула.

Шексіз кеңістік.

Қанатты жыр - менде бар,

емеспін нөсер жауынға, найзағайға, желге зар.

Кең аулама ектім мен өз қолыммен түп емен,

Түп еменнің түбіне Ай туғанда түнегем.

Сол емендей қасқайып тағдырыма қасарып.

Сол емендей найқалып, сол емендей түнерем.

Кең аулама ектім мен, алма ағашын аласа,

Суармаған кешім жоқ.

Ұрпақтарым алмасын үзіп-үзіп жесін деп.

Кең ауламның ішінен шыңырау құдық қаздым мен,

Суы көздің жасындай, іше бергім келеді,

сусыным бір басылмай.

Кең аулама сыйғасын, құс баулып, ат ұстадым.

Көрмейін деп тірідей бұл жалғанның қыспағын.

Құс болғасын қолымда, ат болғасын астымда,

місе тұтпай ауламды –

Шықтым дала, тас қырға.

Апанынан осылай ұзап шығып жортады екі ұртын майларға –

Қасқыр екеш, қасқыр да.

Рөл

Аудитория

Форма

Тақырып

Оқырман

Жалғыздық

Хат

Мен сенің болғаныңды қаламаймын

Тапсырмалар орындалып болған соң, топтар жетістік критерийлеріне сүйене отырып, бірін – бірі бағалайды.

Жетістік критерийлері:

  • Шығарма идеясын түсінеді;
  • Тақырыбын, сюжеттік құрылымын анықтайды;
  • Талқылау пирамидасын толтырады;
  • Талабына сай креативті мәтін жазады;

Сабақтың соңы

3 минут

Рефлексиялық эссе. Оқушылар келесі сұрақтарға жауап бере отырып, сабақта туындаған ойларын тізбектейді:

-Алдымен біз ... деп ойладық...

-Одан кейін мына проблемаға тап болдық...

-Проблеманы шешу үшін біз ... жасадық.

-Бұдан біз ... көрдік.

-Демек, бұл мынаны ... білдіреді

-Сонымен біз ... деген шешімге келдік.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу