Жәркен Бөдешұлы. «Жалғыз поэмасы». Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары. 5


Қысқа мерзімді жоспар

Келісілді

«Қазақ тілі мен әдебиеті» ӘБ жетекшісі

________

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қалың елім, қазағым

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10 Қазақ әдебиеті

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы: Жәркен Бөдешұлы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

10.1.4.1 - көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдану;

10.2.2.1- автор бейнесінің шығармадағы белгілі бір оқиғадағы көрінісін анықтау ;

Сабақ мақсаттары

Өлеңдегі үзінділерді шығармашылық жұмыста қолдану;

Үзінділерден автор бейнесін тауып, мінездеме беру;

Бағалау критерийлері

Үзіндіде көтерілген мәселені талдай отырып, авторға мінездеме береді;

Ұйқас формуласын сақтай отырып, үзіндідегі ойды жалғастыра алады;

Топта бірлікте жұмыс жасай алады;

Дескрипторлар

  • топтық жұмысты бірлікте жасай алады;
  • үзінділерді түсінеді, көтерілген мәселені анықтайды;
  • автор мінездеме бере алады;
  • ұйқас формуласын сақтайды:
  • берілген тармақты одан әрі жалғастырады.

Тілдік мақсаттар

Троп, фигура, әңгіме, өлең, т.б.

 Құндылықтарды дарыту

Құрметтеу: оқушылардың топтық және өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіре отырып, бір-біріне құрметпен қарауға шақыру, білім алу.

Тәрбие: өлеңдегі ақыл-нақылдар арқылы оқушыларды жақсы өмірге шақыру;

Пәнаралық байланыстар

Философия

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Бастапқы білім

Көшпелі алтын

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

7 минут

Ұйымдастыру кезеңдері.

Сәлемдесу. Түгендеу.

Оқушыларға сабақ тақырыбын болжату үшін мақал-мәтелдер беріледі.

Сол арқылы сабақ тақырыбын ашуға тырысады.

Жалғыздық туралы қазақтың мақал-мәтелдері.

Жалғыздың үні шықпас,

Жаяудың шаңы шықпас.

***

Жалғыз ағаш үй болмас,

Жалғыз жігіт би болмас.

***

Жалғыз жаңқа жанбайды,

Жалғыздың ісі оңбайды.

***

Жалғыз ағаш

Орман болмас,

Жалғыз кірпіш

Қорған болмас.

***

Жалғыздың жолы тар,

Жалшының қолы тар.

***

Жалғыз иттің

Үргені білінбес.

Жалғыз кісінің

Жүргені білінбес.

Мұғалім сабақ тақырыбы, оқу мақсаты, бағалау критерийлерімен таныстырады.

Оқушылар «Санамақ» әдісі (1-2-3-4) арқылы 4 топқа бөлінеді.

Сабақтың ортасы

20 минут

10 минут

1-тапсырма.

«Жалғыз» поэмасынан берілген үзінділерді оқып шығып, ондағы мәселені анықтай отырып, автор бейнесін ашыңыздар. Автордың көтерген мәселесіне, ұстанған бағытына сүйене отырып оған мінездеме беріңіздер.

1-топ:

...Жоңғар құмын омбылап, Сары-Арқаға жеткенше –

Қияметтей жол жүрдім.

Өкпемді қарып ыстыққа, жүректі аяз тоңға ұрдым.

Адамша ерлік жасадым, бұралқы иттей болдырдым...

2-топ:

Жыр боп мәңгі жасарға, Абай жалғыз қашанда,

Абай жалғыз болғасын, Екеу емес Мағжан да.

Аспанды бұлт торлайды, жауынсыз жер сорлайды,

Абылай жалғыз болғасын, Бұхар екеу болмайды.

3-топ:

  • Кім жалғыз бұл жалғанда?!
  • Қара жер жалғыз қашанда.

Адамның жетпес ақылы қолдан оны жасарға...

4-топ:

Жалғыздықтан қорықпаймын, топқа, жікке бөлінген,

Құм төбедей өрілген, тобырлардан қорқамын.

Аш бөрідей бүкеңдеп, жортсам, жалғыз жортамын,

Тырналар ұшар тізіліп, бұлдырық ұшар топтанып,

Ал, құстардың тектісі – қырандар жалғыз самғайды,

Жер мен Көкті шарлайды....

Дескриптор:

- Топтық жұмысты бірлікте жасай алады;

- Үзінділерді түсінеді, көтерілген мәселені анықтайды;

- Автор мінездеме бере алады;

2-тапсырма.

Берілген тақырыпқа өлең шығарыңыздар. Бір оқушы бір тармақтан жазып отырып, топ болып 1,2 және соңғы тармақтың ұйқасын сақтау керек.

1-топ: Өмір жалғыз болғасын... 

2-топ: Бір қынаптың ішіне екі қылыш түнемес....

3-топ: Отан жалғыз, от жалғыз....

4-топ: Ортасына мені алып.....

Дескрипторлар:

- Топта бірлікте жұмыс жасай алады;

- Ұйқас формуласын сақтайды:

- Берілген тармақты одан әрі жалғастырады.

Сабақтың соңы

5 минут

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу