file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Қазақ киносы мен театрының қазіргі келбеті. Дулат Исабеков «Әпке» драмасы. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары.


САБАҚ:

Мектеп: Семей қаласы ФМБ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Нурпеисова Е.Б.

Сынып: 10

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Қазақ киносы мен театрының қазіргі келбеті.

Дулат Исабеков «Әпке» драмасы

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

10.1.5.1 мәтіннен автордың көзқарасын (негізгі ойын) негіздейтін аргументтерді талдай отырып, астарлы ойды анықтау

 Сабақтың мақсаттары

Шығармадан келтірілген нақты мысалдар арқылы автор көзқарасын түсіну, астарлы ойды анықтау, сол арқылы автор шеберлігін тану.

 Жетістік критерийлері

Үзінділердің астарлы ойын анықтау арқылы шығарманың негізгі идеясын түсінеді.

Кейіпкерлер жан-дүниесі, олдардың сөзі, сезімі арқылы автор көзқарасын түсінуге тырысады.

Мәтіннен келтірілген нақты мысалдар арқылы, жазба жұмыстары арқылы өз ойларын негіздеп, дәлелді жеткізуге тырысады.

Тілдік мақсаттар

Драма- (гр. Dramo –әрекет)- әдебиеттің эпос, лирика сынды үш тегінің бірі.

Осыған дейін меңгерілген білім

драмалық шығарманы тыңдау, шығармада көтерілген жалпыадамзаттық мәселені айқындау

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер (төменде келтірілген жазбаларды жоспарланған әрекеттермен алмастырыңыз)

Дереккөздер

Сабақтың басы

4 минут

Қызығушылықты ояту.

Сабаққа назар аударту үшін мынадай сұрақтарға жауап берулері сұралады:

1.Қамажай өзінің інілері мен сіңлісінің болашағы үшін басын бейнетке тігіп, бар қиындыққа төзеді. Мұның сыры неде?

2.Анасының аманатын орындады ма?

3.Адамның бақыты дегеніміз не ?

4.Пьесадағы қай кейіпкер ерекше ұнады ? Себебі?

5. «Бақыт деген-жеңіс немесе жеңіске апарар күрес» кімнің сөзі?

6.Драмалық шығарма дегеніміз не ?

Сабақтың ортасы

10 минут

5 минут

Қызығушылықты ояту

«Сен-мен»4 мин.

Бірінші оқушы бір басты кейіпкердің сипатына байланысты сын есім айтады, екінші оқушы сын есімді қатыстырып сол кейіпкер туралы сөз тіркесін айтады. Біріншіоқушы басты кейіпкерлердің біріне қатысты бір сөйлем айтады, келесіоқушы сол оқушының ойын қолдап немесе қарсы пікір айтып, аргумент келтіреді.

Топқа бөлу басты кейіпкерлер аттары жазылған қағаздарды тарату арқылы 4 топқа бөлу

( Қамажай,Темірбек, Омар, Нәзила)

Көркемдік деталь (бөлшек, бедер-белгі) - мағыналық, көркемдік мәні бар ұсақ ерекшелік, сөз болып отырған нәрсенің жекелеген сипат-белгілері. Әншейінде оп-оңай көзге түсе бермейтін өзгешеліктерді байқағыштықтан, көрегендіктен туындайды, сондықтан ол өмір қүбылысының әр түрлі нәрсенің ерекшелігін сондай-ақ адамның бойындағы қандай да бір қасиет- сипатты дәл тауып, бейнелеп беру шеберлігін танытады. Кейіпкердің мінезіндегі, кескін-келбетіндегі, іс-әрекеті мен сөйлеу мәнеріндегі немесе шығарманың сюжеттік желісіндегі, композициялық құрылысындағы жекелеген ерекшеліктер немесе суреттеменің, баяндаудың дәлдігін, нақтылығын арттыра түсетін әр түрлі бояу-нақыштар - міне, осылардың қай-қайсысын да Көркемдік деталь ретінде алып карауға болады. Мұхтар Әуезов "Абай жолы" роман-эпопеясында жас Абайдың Тоғжанға деген ыстық сезімін суреттегенде қолданылатын портреттік деталь - қыздың бейнесін оның шолпысының сылдыры арқылы әсерлі елестетуі. Шолпы әуелі жиі сылдырлап, аздан соң баяулай бастап, тағы біраздан соң анда-санда бір ғана шылдыр ете түсіп ұзап барады. Абай өз жүрегінің аттай тулап соққан дүрсілін естіді. Шолпы үнін сол басып барады. Өзгеше ыстық, кымбат шолпы ең соңғы рет бір шылдыр етті де, білінбей кетті.

Деталь - көркем шығармада белгілі бір мағыналық, идеялық-эмоциялық жүк көтеріп тұрған көркемдегіш құрал. Ол бірер сопы сөз, сурет-деректеме арқылы берілуі мүмкін. Детальда аз ғана сөз суретке айналып, оқырманды әсерлі сезімге белейді, шындықтық ой-қырын ашады, яғни шындыққа жанасымды келеді. Мысалы, эпопеяда келіні Қамқа қайтыс болған күйеуінің түсіне кіргенін айтып толқығанды, атасы Қодар: «Түс шіркін жұбаныш па, тәңір-ай» деп қысқа қайырады. Бірақ бұл жай ғана айтылған сөз емес, қыр елінің қатыгез тұрмысынан хабар бөретін деталь Мұның соңы Қамқа мен Қодардың ажалымен бітеді («Қайтқанда»).[1]

Мәтіннен қандай үзінді келтіруге болады?

Оқушылар жауап береді.

Мәселен, көрші әйелдің, Қабеннің сөздерінен Қамажайдың өмірлік мақсатын байқауға болады.

Қабен:Бірнеше күн бойы жолыңды тосқанымда маған арнағаның бір-аұ сағат болғаны ма? Біраз жүре тқрсақ қайтеді?

Қамажай:Жоқ, мен болмасам, кішкентайымыз ұйықтамайды.

Қабен:Ал... менің әлгі сөзіме сол күйі жауап бермедің ғой.

Қамажай:Қабен .. ол... ол қиын сияқты. Бір сағатқа қиып тастап кете алмай тұрған інілерімді өмір бақи қалай қиямын. Мен... мен олардың әпкесі емеспін, анам көз жұмған сәттен бастап мен оларға ана болғанмын. Саған үйлену керек... Ал маған інілерім мен сіңлімді тәрбиелеу керек.

Тапсырма 1.

Оқушылар берілген үзінділердегі көркемдегіш құралдарды тауып, олардың шығармаға әсерін айтады.

(Мұғалім кейіпкерлер мінезі айқын көрінетін, шығармадағы астарлы ойды, автор көзқарасын ашатын үзнділерді теріп, оқушыларға ұсынады)

Тапсырма 2.

Берілген кестеге драмадағы көркемдеуіш құралдарды тауып орналастыру (3 мысалдан )

р/с

Көркемдеуіш құралдар

мысалдар

1

Теңеу

2

Эпитет

3

Метафора

4

Метонимия

5

Синекдоха

Дескриптор:

  • Үзіндіден троптың түрлерін таба алады.
  • Олардың қолдану мақсатын, шығармаға әсерін түсіндіре алады.

Концептуалдық кестемен жұмыс.

Тапсырма. Келесі үзінділерді оқып, кестені толтыру.

Дескриптор:

  • Кейіпкер бейнесін ашуда көркемдегіш құралдардың маңызын түсінеді.
  • Автор көзқарасы мен өз көзқарасын анық түсініп, айқын жеткізе алады.

(Тапсырма. Төменде берілген 6 үзіндіден табады).

Кейіп-кер

Алынған үзінді, автордың сөзі

Көркемдегіш сөздер

Көрінетін қыры , талдау

Дескриптор:

1. Шығарманың мазмұнын біледі.

2. Жауап беруде тапқырлығы басым

3. Пікірін жан-жақты жеткізе алады.

Бағалау критерийлері бойынша жұппен бағалайды.

Сабақтың соңы

10 минут

Кері байланыс.

3+2+1

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Тапсырманы орындаған балаларды қолдап отырамын, қабілетті оқушыларға шығармашылық тапсырма беріледі.

Жетістік критерийі арқылы және өзара бағалулары бойынша

Тарих

Техникалық құралдарды пайдаланбаймын.

Презентация

Ынтымақтастық, құрмет

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 29 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу