Өлең - сөздің патшасы «Болыс болдым, мінеки» өлеңі. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, қосымша материал.


Тапсырма: Үзіндіден кейіпкер бейнесі мен заман көрінісін сипаттауда қолданылған көркемдегіш құрал түрлерін зерттеп, автор идеясын танытудағы орнына баға беріңіздер .Үзіндіде көрініс тапқан мәселені анықтап, оның бүгінгі замандағы көрінісіне салыстырмалы түрде талдау жасаңыздар.

Дескриптор:

  • кейіпкер бейнесі мен заман көрінісін сомдаудағы тілдік құралдарды (кемінде 3-5) түрін анықтайды;
  • мағынасын ашып, автор идеясын танытудағы орнына баға береді;
  • үзіндіден көрінісі тапқан негізгі мәселені анықтайды;
  • анықталған мәселенің бүгінгі күндегі көрініс табуына дәлелді түрде салыстыру жасайды.

1-топ

Болыс болдым мінеки,

Бар малымды шығындап.

Түйеде қом, атта жал

Қалмады елге тығындап.

Сөйтсе - дағы елімді

Ұстай алмадым мығымдап.

Күштілерім сөз айтса,

Бас изеймін шыбындап.

Әлсіздің сөзін салғыртсып,

Шала ұғамын қырындап.

Сыяз бар десе жүрегім

Орнықпайды суылдап.

Сыртқыларға сыр бермей,

Құр күлемін жымыңдап.

Жай жүргенде бір күні,

Атшабар келді лепілдеп:

«Ояз шықты, сыяз бар»,

«Ылау» деп, «үй» деп дікілдеп.

Сасып қалдым, күн тығыз,

Жүрек кетті дүпілдеп.

Тыңтұяқ күнім сүйтсе де,

Қарбаңдадым өкімдеп.

Старшын, биді жиғыздым:

«Береке қыл» деп, «бекін» деп,

«Ат жарамды, үй жақсы

Болсын, бәрің күтін» деп.

Қайраттанып халқыма

Сөз айтып жүрмін күпілдеп:

«Құдай қосса, жұртымның

Ақтармын осы жол сүтін» деп,

Қайраттысып, қамқорсып,

Сайманымды бүтіндеп...

2-топ

Тапсырма: Үзіндіден кейіпкер бейнесі мен заман көрінісін сипаттауда қолданылған көркемдегіш құрал түрлерін зерттеп, автор идеясын танытудағы орнына баға беріңіздер .Үзіндіде көрініс тапқан мәселені анықтап, оның бүгінгі замандағы көрінісіне салыстырмалы түрде талдау жасаңыздар.

Дескриптор:

  • кейіпкер бейнесі мен заман көрінісін сомдаудағы тілдік құралдарды (кемінде 3-5) түрін анықтайды;
  • мағынасын ашып, автор идеясын танытудағы орнына баға береді;
  • үзіндіден көрінісі тапқан негізгі мәселені анықтайды;
  • анықталған мәселенің бүгінгі күндегі көрініс табуына дәлелді түрде салыстыру жасайды.

Оңашада оязға

Мақтамаймын елімді,

Өз еліме айтамын:

«Бергенім жоқ,- деп,- белімді».

Мақтанамын кісімсіп,

Оязға сөзім сенімді.

«Көрсеттім» деймін, ымдаймын

Кәдік қылар жерімді.

Сөз көбейді, ұлғайды,

Мақтанның к... көрінді.

Қазақты жеген қайратты «ер»,

Ұрынды да берінді.

Әрлі - берлі тартысып,

Ісі арамы жеңілді.

Алқыны күшті асаулар

Ноқтаға басы керілді.

Үлкен - кіші ақының

Бәрі сөз боп терілді.

Қайрауы жеткен қатты би

Қайрылып нетсін көңілді.

Өз малым деп қойған мал

Иесіне берілді.

Ақылы жандар қамалап,

Кептірді сонда ерінді.

Арызшылар көбейді,

Болыстың к... шөмейді,

Қайтсін байғұс демейді.

Бір кептірмей терімді,

Күн батқанша шабамын

Әрлі - берлі далпылдап.

Етек кеткен жайылып

Ат к... не жалпылдап.

Оязға жетсін деген боп,

Боқтап жүрмін барқылдап.

Кейбіреуге таяғым

Тиіп те кетті бартылдап.

Пысықтың көбі бұғып жүр,

Беттесе алмай шаңқылдап.

Ашылып омырау, күн ыстық,

Қойын кетті алқылдап.

Елі жөнді болыстар

Мақтанып жүр тарқылдап.

Күлкісі жақсы қарқылдап,

Үні бөлек сартылдап.

Сөйлесе кетсе бір жерде,

Ағыны қатты аңқылдап.

Оязға кірсе, өзгеден

Мерейі үстем жарқылдап.

Елің бұзық болған соң,

Ояз жатыр шартылдап.

Табаныңнан тозасың,

Құр жүгіріп тарпылдап.

3-топ

Тапсырма: Үзіндіден кейіпкер бейнесі мен заман көрінісін сипаттауда қолданылған көркемдегіш құрал түрлерін зерттеп, автор идеясын танытудағы орнына баға беріңіздер .Үзіндіде көрініс тапқан мәселені анықтап, оның бүгінгі замандағы көрінісіне салыстырмалы түрде талдау жасаңыздар.

Дескриптор:

  • кейіпкер бейнесі мен заман көрінісін сомдаудағы тілдік құралдарды (кемінде 3-5) түрін анықтайды;
  • мағынасын ашып, автор идеясын танытудағы орнына баға береді;
  • үзіндіден көрінісі тапқан негізгі мәселені анықтайды;
  • анықталған мәселенің бүгінгі күндегі көрініс табуына дәлелді түрде салыстыру жасайды.

Антұрғанмын өзім де,

Бір мінезбен өтпеймін.

Момындық күшті екенін

Көрсем - дағы, күтпеймін.

Сыяздан соң елімді

Қысып алып кетпеймін.

Әуелде к... бос кәпір,

Мықтыға не қып беттеймін?

Жуанды қойып, жуасты

Біраз ғана шеттеймін.

Ояз бардағы қылықты

Ояз жоқта етпеймін.

Кәкір - шүкір, көр - жерді

Пайда көріп ептеймін.

Мынау арам, тентек деп,

Еш кісіні теппеймін.

Өзімдік бол деп ел жиып,

Құрастырып, септеймін.

Бұзақының бүлігін

«Жақсы ақыл» деп, «құп» деймін.

Сүйегім жасық, буын бос,

Біраз ғана айлам бар.

Айлам құрсын, білемін –

Болыстықтың жолы тар.

Қайтіп көмек болады

Антұрған өңкей ұры - қар?

Көргенім әлгі, ойлашы,

Ұят, намыс, қалды ма ар?

Ендігі сайлау болғанда,

Түсе ме деп тағы шар,

Бұл күніме бір күні

Боламын ғой деймін зар.

Ақыл айтар туғандар,

Бұл сөзімді ойлаңдар.

Кәтелешке көбейді,

Сөгіс естіп, тозды ажар.

Мынау елді ұстарлық

Кісі емеспін, кел, құтқар!

Қолдан келмес қорлыққа

Неге болдым мұнша іңкәр?

Ел жайылды, жетпей ме,

Оязға да бір хабар?

4-топ

Тапсырма: Үзіндіден кейіпкер бейнесі мен заман көрінісін сипаттауда қолданылған көркемдегіш құрал түрлерін зерттеп, автор идеясын танытудағы орнына баға беріңіздер .Үзіндіде көрініс тапқан мәселені анықтап, оның бүгінгі замандағы көрінісіне салыстырмалы түрде талдау жасаңыздар.

Дескриптор:

  • кейіпкер бейнесі мен заман көрінісін сомдаудағы тілдік құралдарды (кемінде 3-5) түрін анықтайды;
  • мағынасын ашып, автор идеясын танытудағы орнына баға береді;
  • үзіндіден көрінісі тапқан негізгі мәселені анықтайды;
  • анықталған мәселенің бүгінгі күндегі көрініс табуына дәлелді түрде салыстыру жасайды.

Тағы бүйтіп кеттің деп

Қозғау салар, қолға алар.

Қатты қысым қылған соң,

Басым сотқа айналар.

Кірлі болып түскен соң,

Көрген күнім не болар?

Өзіне мәлім, тентектер

Өз бетімен не табар?

Қағаз берер, қарманар,

Аяғында сандалар.

Бұрынғыдай дәурен жоқ,

Ұлық жолы тарайды.

Өтірік берген қағаздың

Алды - артына қарайды.

Өз қағазы өз көзін

Жоғалтуға жарайды.

Тауып алып жалғанын,

Қылмысыңды санайды.

Өзі залым закүншік

Танып алды талайды,

Көрмей тұрып құсамын

Темір көзді сарайды.

Оқушының аты-жөні

Рубрика

Бағалау критерийлері

төмен

орта

жоғары

Шығармадағы көркемдегіш құралдардың түрі мен қызметін талдайды.

Шығармадағы негізгі мәселелердің бүгінгі күндегі қөрінісіне баға береді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу