Жәркен Бөдеш «Жалғыз» поэмасы. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, дидактикалық материал. 3


Қосымша ресурс

«Жалғыз» поэмасы – жалғыздық концепциясының шыңы. Жалпы, адам жанының жалқы, шын мәнінде, әр пенденің жалғыз екенін, ешкімнің қайталанбайтын жаратылыс екенін айқындай түседі. Өз замандастарына қойылған ескерткіш сияқты. Туған даласының әр аймағын, әр тасын, замандасының әрқайсысын жалғыз деу арқылы, олардың Жәркен үшін аса қымбат екенін көрсетеді. Өзін жалғыздау арқылы өз болмысын терең тани түседі. Жалғыз адам қашанда ой үстінде болады. Еркіндікке құлаш ұрады. «Жалғыздықты сүймеген адам еркіндікті де сүймейді» (Шопенгауэр). Мүмкін ақынды айналасындағылар шын түсінбегеннен жалғыз.

Жалпы, жалғыздықты кез келген шығармашылық иесі сезінеді. Білетіндердің сөзіне сенсек, адам санасы белгілі бір деңгейге өскенде өзін жалғыз сезіне бастайды. Сол жалғыздықтан қиналғанымен, рухы тынышталады. Баяғы замандағы ғұламалардың елден оқшауланып, бөлек ғұмыр кешулері де сондықтан болса керек.

Бұл поэма қазақы тәмсілмен басталады. «Ғұлама таулардың тұрғыны арқар, құлжаны кәнігі аңшылар күзде, тек қана күзде аулайды. …Қуатты, қоңды шіркіндер мергеннің қақ жүректен көздеп атқан тосын оғы дөп тигенде былайғы аңдар сияқты бірден құлап түсіп, жантәсілім етпейтін көрінеді. …қорғасын оқтың уы денесіне жайылғанша, сағаттап, тәуліктеп жылжымай қарысып тұра береді екен. Мұны аңшылар қауымы «оққа сүйенген жалғыз арқардай» деген тәмсіл арқылы еске алады».

Жәркеннің де жүрегінің сау-тамтығы жоқ. Өмірдегі болмысына қарап, ешкіммен бармақ басты, көз қыстыға бармаған, біреудің ала жібін аттамаған кісі екен деп ойлайсың. Әңгімесін тыңдағанда өзін Жәркен ақын ретінде алып шығатынына сенетін жалғыз серігі жыры екенін түсінесің. Мына қоғамда сенері де, сүйенері де өлеңі. Жалғыз жырға сүйенген шайыр Жәркен деп ойлайсың. Ойлайсың да, жалғыздығының шыңы поэма болғанда, түйіні мына өлең екен дейсің:

«Ұл кетті Ұлытаудан ұлар аулап,Қыз кетті қына теріп, қыр алаулап.Мен қалдым қараша үйдің іргесінде,Жыландай белден соққан бұралаңдап.Ошақтың күлін төккен борпаң жерге,Бозінген түні бойы шығады аунап.Бозайғыр үйірінен адасып қап,Бозбие айдалада жүр алаңдап».

– «Жалғыз» деген поэмаңызды оқып отырып, сол поэмадағы Жалғыз өзіңіз емес пе деген ойға қаламыз... және:

Жалған-ай...

«Жалғызсырау қандай жаман,

Тарпаңның тамырында қан қайнаған.

Адасқан үйірінен құла бие,

Қосылды құландарға қақ жайлаған...» дейсіз... Өзіңізді көп ішінде де жалғыз сезінесіз бе?

– Иа, ол Жалғыз – менмін... Бұл поэманы тұтастай жатқа білетін жас оқырмандарым бар. «Жалғыздық тек Құдайға ғана жарасады» деп айтылады. Жалғыздық барлық адамның басында бар нәрсе. Бұл тек бір ғана адамның басындағы жалғыздық емес, бүкіл әлемдік жалғыздық деп ойлаймын. Шәкәрім де жалғыз болды... Жалғыздықты тек қана оқу керек. Оны мазмұндап, оның жақсылығын айтудың қажеті жоқ деп ойлаймын.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу