Ш. Мұртаза «Бесеудің хаты» драмасы. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, қосымша материал. 5 сабақ.
2-тапсырма.
Мақсаты - Ш. Мұртаза «Бесеудің хаты» драмасында көтерілген мәселелерге талдау жасау;
Кестені толтырыңыз.
№ | Үзінді | Астарлы мағынасы | Менің көзқарасым |
1 | Күләнда. Қарақшылар! Босатыңдар әкем мен шешемді! Арсыздар! | Қария адамдарды байлап тастау – адам құқығын бұзудың өрескел формасы. Осы арқылы автор шенеуліктердің қарақшылық әрекетін әшкерелейді. | |
2 | Әжібай (қылжақтап) Бетіңнен бір сүйгізсең, мен босатамын. | Лауазымды тұлғаның мәдениетінің төмен деңгейін ашады. | |
3 | Күләнда. Құдай-ау, Кеңес өкіметі орнында ма, жоқ па? Мына қарақшылар қайдан шыққан? | Әділдік орнатпақшы үкіметтің осында адамдарға билік беріп қойғанына сенбеу. Мүмкін еместігін көрсету. | |
4 | Бурабай. Мен соттың өкілімін. Айтқаныма көнсең — босатамын. | Өз қызметтік міндетін асыра пайдалану. Билікті жабайы жеке мүддесіне қызмет еткізу. | |
5 | Әжібай Ойбай, құдай ұрды! (тұтығьт). Го-го-го-ло-щекин! | Өзінен жоғары тұрған билік өкілінен қатты қорқу. | |
6 | Голощекин (сақ-сақ күліп). Вот дикари! Айттым ғой бұлар жабайылар деп. | Болып жатқан сорақылықтарға жеңіл қарау, оған араласпау. Ұлтты менсінбеу. | |
7 | Құрамысов. Иә! Рас айтасыз, Филипп Исаевич, үшеуі бір қызға таласып жатыр... | Мансап үшін өз ұлтына қарсы шығатын сатқын. | |
10 | Не себептен Қазақстандағы ашаршылық халықтың 49% қырғандай осынша өрескел түрде өтті деп ойлайсыз? | Ашаршылықтың өрескел түрде өтуіне өз ұлтымыздың арасынан шыққан рухани азғындаған мансапқұмарлар себеп болды. Ұжымдастыруға сырттан емес іштегі қызыл әскер тартылды. Қазаққа қазақты қарсы қойған саясатты көрмеген көрсоқырлар. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?