Жәркен Бөдеш «Жалғыз» поэмасы. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ:

Қазақ әдебиеті

Қарағанды қ. ХББ НЗМ

Уақыты:

Мұғалімнің аты-жөні: Қырықбаева Ж.Қ.

Сыныбы: 10 T1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Тарау:

Жәркен Бөдеш «Жалғыз» поэмасы

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаты

10.1.1.1 - әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы идеялық мазмұнын түсіну.

10.1.2.1 - әдеби шығарманың жанрлық табиғатын тану;

Сабақ мақсаты

Әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау;

Идеялық мазмұнын түсіну.

Бағалау критерийлері

  • шығарманың мазмұны мен тақырыбын талқылайды;
  • шығарманың сюжеттік-композициялық құрылымына талдау жасап, идеялық мазмұнын түсіндіреді.

Тілдік міндеттер

Білім алушылар істей алады.

Кілт сөздер мен фразалар:

Менің ойымша,_________________________________________

Оны былай түсіндіремін:_________________________________

Оны мына мысалдармен дәлелдеймін.

1._______________________________________________________

2._______________________________________________________

3.________________________________________________________

Ойымды__________________________деп қорытындылаймын.

Құндылықтарды қалыптастыру

Тіл мен мәдениет, тарихтың ортақтығы, ынтымақтастық, құрмет

Пәнаралық байланыс

Тарих, қазақ тілі

АТҚ қолдануы

Таныстырылым

Алдыңғы білімі

Оқушылар алдыңғы сабақта «Жалғыз» поэмасының мазмұнын талдады.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған қызмет түрлері:

Ақпарат көздері

Басы

3 мин

Қызығушылықты ояту

https://www.youtube.com/watch?v=Bp4QU9vftqc

Жәркен Бөдештің өлеңін тыңдап, ондағы астарлы ойды анықтайды. Ойларын ортаға салып, автордың айтпақ болған ойын табады. Сабаққа кіріспе жасайды.

Оқушылар 1-ден 5-ке дейін рет санымен саналып, 5 топқа бөлінеді.

Ортасы

34 мин

Оқушыларға тарау тақырыбы, тілдік дағды мен оқу мақсаттары, бағалау критерийлері таныстырылады. 1 мин

Мағынаны тану кезеңі

Поэмаэпостық жанрдың бір түрі; белгілі бір оқиғаны, адам тағдырын, заман шындығын эпикалық не лирикалық үлгідегі өлеңмен сипаттайтын көлемді поэтикалық шығарма.

Қазіргі поэма жанры тақырып түрлілігімен, дәуір, ұлт рухын беруімен, өткен оқиғаларға өз бағасын айтуымен ерекшеленеді. Жазба әдебиет дамуының өне бойында поэма әдебиеттегі бірден – бір жетекші салаға жатады. Өзінің жанрлық мүмкіндігіне қарай, поэма әр түрлі көркемдік құрылымда, атап айтқанда, сюжетті, сюжетсіз, драмалық, монологтық‑толғаныс түрлеріне жіктеледі. Поэмада көтерілген проблемалар, тақырып пен идея, сюжет пен композиция, кейіпкерлер жүйесі эпикалық кең тынысқа негізделеді.

Сюжет – өзара жалғасқан оқиғалар тізбесі, оқиғаның тұтас желісі.

Композиция (лат. соmpositiо - құрастыру, шығарма) – көркемөнер туындысының құрылымы, оның жанры мен мазмұнына орай құрамдас бөліктерінің тұтастығы. Композиция – құрамдас бөліктері бірлікте ұштастырылған, бір-біріне және жалпы мүддеге бағындырылған мақсатты көркем құрылым.

1-тапсырма ТЖ.

«Әдеби шеңбер» стратегиясы

(Топтар өздеріне ұсынылған шығарманың бөлігімен жұмыс жасайды. Топтағы оқушылардың рөлі анықталып, әркім өз рөлі бойынша зерттеу жүргізіп, креативті постер әзірлейді).

Талқылаушы – шығарманың жанрлық ерекшелігін ажыратады. Поэманың сюжеттік желісі мен композициялық құрылымына талдау жасайды.

Байланыстырушы – поэмадан алынған үзінділерді тарихи шындықпен байланыстырады, үзінділердің идеяны ашудағы орнын анықтайды. Поэмаға арқау болған тарихи шындық және көркемдік шешімге тоқталады.

Топ шешені – поэмаға негіз болған тақырыпты талқылайды, поэмада көтерілген мәселені тақырыппен үндестіріп түйінді ой айтады.

Белгілеуші – авторға шығарма мазмұны негізінде 2 жуан, 2 жіңішке сұрақ дайындайды.

Қорытындылаушы поэмадағы автордың тұлғалық болмысын гуманистік тұрғыдан талдап қорытындылайды.

Әр топтан өз тобының жұмысын таныстырушы өкіл сөйлейді.

Бағалау

Топтар бір-бірінің жұмысын бағалау парағындағы критерийлер бойынша бағалайды.

Критерийлер

Рубрикалар

Төмен

Шығарманың жанрлық ерекшелігін ажыратады. Сюжеті мен композициясына талдау жасайды.

Шығарманың тарихи және көркемдік құндылығын ашады. Мәтіннен нақты мысалдар келтіру арқылы ойларын дәлелдейді.

Постер мазмұнында әр оқушы өз рөлі бойынша зерттеу жүргізіп, ойын креативті береді.

Постерді қорғауда өз ойларын шығарма мазмұнына сүйене отырып, дәлелді түрде сенімді жеткізеді.

«Галереяға саяхат» әдісі

Топтар жұмыстарын «Галереяға» іледі. Барлық постер қорғалып болған соң оқушылар өздеріне ұнаған жұмысқа стикер жапсыру арқылы «Үздік постерді» анықтайды.

2-тапсырма. «Кейіпке кіру» әдісі Ж.

Оқушы автор кейпіне кіріп, топта құрастырған сұрақтарға кезектесіп жауап береді. Шығармадағы негізгі идеяны, астарлы мағынаны, бүгінгі таңдағы өзектілігі жөнінде түйінді ой айтады.

Таратпа қағаз №1

Таратпа қағаз №2

Маркер, А3 парақтары

Бағалау парағы

Соңы

3 минут

Рефлексия

«Табыс сатысы»

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу