Ш.Айтматов «Ғасырдан да ұзақ күн» романы. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, дидактикалық материал.


Тапсырма:

Сандар

Кейіпкерлер өмірінде қандай сандар орын алады? Маңыздылығы.

Сөздер

Қандай бейнелі сөздер кейіпкерді ашуға көмектеседі? Не себепті олай ойлайсыз?

Адамдар

Кейіпкерлердің ерекшеліктері неде? Автордың образ берудегі көркемдік тәсілі қандай?

Көңіл- күй

Кейіпкерлердің көңіл-күй тұрақтылығы\тұрақсыздығы. Қандай қорытынды жасауға болады?

Табиғат

Кейіпкер мен табиғат арасындағы байланысты анықтаңыз.

Әрекет

Кейіпкердің тығырықтан шығу жолындағы әрекеті қандай? Оның мәнін түсіндіріңіз.

Дыбыстар

Кейіпкер тағдырына қатысты шығармада қандай дыбыстар кездеседі?

Көзқарас

Кейіпкердің көзқарасы қай тұстардан анық көрінеді?

Қосымша материал:

Қаламгер алуан мінезді, түрлі тағдырлы адамдар бейнесін, іс-әрекетін не үшін суреттейді? Өмір, қоғам сырын көркем бейнелі таныту үшін. Демек, көркем бейне- қаламгер үшін көркем таныту құралы.

Адам тағдырларын, олардың жақсылық үшін күресін, жамандық пен жақсылық, арман үшін арпалысуын, мақсаттарына жеткен-жетпегенін суреттей отырып, қаламгер өмір сырын, өмір философиясын таныта алады. Яғни, әр кейіпкер белгілі бір танымдық, көркемдік-эстетикалық мағына-мәнге ие. Бұл толыққанды көркем, яғни типтік бейнеге қатысты тұжырым, талап-шарт.

Кейіпкерлерді тип, яғни, типтік тұлға немесе эпизодтық, екінші кезектегі бейне деп бөлу оның жасалуына, адамдық болмысының танылуына танымдық, эстетикалық-көркемдік деңгейіне байланысты.

Ең алдымен, мұндай толыққанды бейненің екі қырымен ерекшеленетінін білуіміз керек. Олар көркем бейненің жекелік (жалқылық) және жалпылық қырлары.

Бейненің жалқылық (жекелік) қыры дегеніміз қаламгердің оны өзгеге ұқсамайтын, тек өзіне ғана тән мінез, іс-әрекет, танымымен даралай білуі. Құнанбай, Сәлмен, Жарасбай, Тәңірберген, Итбай... Әрқайсысы өзіндік мінез, іс-әрекеті, айла-құлығы, тағдыры жағынан өзгеге ұқсамайтын оқшау бейнелер.

Кейіпкердің жалпылық қыры оның жекелік қырынан туындайтын, осы сипатымен сабақтасып жатқан ерекшелігі. Құнанбай өз тобынан-табынан қанша асып туған ақылды, айлаға бай жан, билеуші топтың көшбасшысы, Әуезов оны осындай жекелік қырларымен жарқыратып көрсеткен десек те, оны өзінің әлеуметтік тобынан бөлектемейтін, қайта тонның ішкі бауындай байланыстырып-жақындататын ортақ жайлар да жетерлік. Ол қанша өз табының көсемі, тежеусіз биліктің иесі десек те, түптеп келгенде Құнанбай мақсаты, көзқарасы жағынан солармен үндес, мүдделес, ауыз жаласары да, кей-кейде билікке таласары да сол топ екенін көреміз. Қодар мен Қамқаны жазалау алдында Құнанбайдың жалпы көпшілікпен емес, осы өз үзеңгілестерімен бірде (бату, бірде тату болса да) ақылдасып-кеңесуі оның осы топпен жақындығын, осы билеуші топтың адамы екенін танытады. Демек, Құнанбай бейнесінің жалпы қыры дегеніміз оның жекелік мінезі, іс-әрекеті, мақсаты арқылы жалпы билеуші топқа тән психология, әдет, әрекет, мүдденің танылуы.

Көркем бейненің жекелік және жалпылық қырларының байланыс-бірлігі осы.

Әрине, көркем бейненің шыңы – тип, типтік тұлға дейміз. Өйткені тағдыр-талайы, күресі суреттелген бейненің бәрі типтік дәрежеде таныла бермейді. Белинский айтқандай шынында да, «талантты жазушының әрбір образы – тип, «таныс-бейтаныс». Типтік бейне күрделі адамдық болмысы, алуан қырымен, арман-ойы, толғаныстарымен, іс-әрекетімен жан-жақты көрініп, дараланған тұлға. Ол үшін бейне шығармада суреттелген негізгі оқиғалардың жуан ортасында көрініп, тартыс барысында өзінің адамдық барша жақсылы-жаманды мінезімен, іс-әрекетімен әр қырынан танылуы қажет. Екіншіден, тип белгілі бір әлеуметтік топтың, ортаның өкілі ретінде алынып, бейнеленгендіктен, оның әрекетімен ой-толғаныстарынан өзі өкілі болып саналатын ортаның, қауымның шындығы, психологиясы, арман-аңсары аңғарылып тұруы, осылай суреттелуі міндетті. Бұл типтік тұлғаның жиынтық бейне екендігін көрсетеді.

https://lektsii.org/14-75611.html

«Боранды бекетте» тіршілігі қызу қайнап жатқан әлдебір бірнеше кеңістіктер бар сияқтанады: Боранды бекеті, Сарыөзек, ел, Жер планетасы мен оның төңірегіндегі ғарыш. Осы кеңістіктердің тоғысында жазушы қаламынан бас кейіпкер Боранды Едігенің образы туады.  Едіге Жангелдин – қырық жыл бойына Сарыөзек тысына шығып көрмеген, соғыстың бар азабы мен қазасын көрген қарапайым темір жол жұмысшысы. Айтматов

ХХ ғасырдағы адамзат басына түскен барлық ауыртпалықты, қайғы-қасіретті осы Едігенің бойына жинақтап береді.

           Едіге дүниежүзілік соғыстың жан шарпыған сұрапыл отын кешті, контузия алды, туылғанын көрмей жатып ұлынан айырылды, барар жер басар тауы қалмаған шақта өмір жолында Қазанғапты кездестірді. Қазанғаппен иық тіресе отырып, сұрапыл соғыстың өзінен он есе ауыр тиген соғыстан кейінгі жылдардың жоқшылығын көрді. Ал басына ақ түсіп, белі бүгіле бастаған шағында өмірінің мүмкін ең күрделі әрі азапты сынағына тап болды: өткенін еске алып, әлдебір баға беру. Сонымен, «Боранды бекет» романдағы «шынайы» кейіпкерлердің тұрмыс кешкен орны. Бұл мекенде олар ғұмырларының ащы-тұщысын бастарынан өткерді. Бекет – Әбутәліп, Едіге мен Қазанғаптай қаһармандардың отбасыларының тарихы мен шым-шытырыққа толы хикаяттары орын алған мекен. Ең маңыздысы осы Борандыда аталған кейіпкерлердің, мүмкін болса, бүтіндей адам баласының басын біріктіретін, олардың өткенін, бүгінгісі мен келешегін бір арнаға тоғыстыратын «жан еңбегі» өткізілді. Сондықтан да романда уақыт элементі көркемдік тұрғыдан күрделеніп берілген – мәңгүрт трагедиясы, Раймалы трагедиясы, соғысқа дейінгі оқиғалар мен Әбутәліп өмірі. Романның алғашқы беттерінен бастап, Едігенің ішкі дүниесінде, жалпы осы бас кейіпкердің төңірегінде автор уақыттың үш түрін өрбітеді: авторлық ой болашаққа қарай, Едіге осы шақта қалса, оның ой-толғаныстары өткенге бағытталады. Осы үш бағыт романның соңғы жолдарында дүниенің ақыры бейнесінде тоғысады. «...Дүние әлем жалын боп қирап, аспан төңкеріліп төбеге түскендей болды... Қарапайым ғана тірі жандар – адам, түйе, ит үшеуі есінен танып, аулаққа безіп барады. Үрейден есі шыққан бейшаралар алапат жалынның жарығына аяусыз жанып бара жатқандай қараңғыдан қайта-қайта жарқ-жұрқ етіп көрініп, бір-бірінен айырылып қалудан қорқып, бірге зытып барады...» [1]

       Романда орын алған негізгі фантастикалық элементтер: Едігенің түлкіні көз жұмған Қазанғаптың рухы қонған жануар деп пайымдауы, ғарыштағы орбиталық станцияда орын алатын оқиғалар, Найман Ана, түйелер туралы аңыздар. Осылардың үшеуін сәйкесінше осы шақ, келер шақ және өткен шақ деп бағалауға болады. Айтматов осы негізгі үш элементтер арқылы өз туындысында уақыт пен кеңістікті астастырып, қиыстырып, романның бүкіл желісін күрделендіреді. Бұлардың шығармада алып тұрған орнына асыра сілтеп баға беру мүмкін емес.

http://group-global.org/ru/node/27253



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу