Ш.Айтматов «Ғасырдан да ұзақ күн» романы. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары.


САБАҚ:

Мектеп: Атырау қаласы ХББ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім тақырыбы

Аңызбен өрілген көркем сөз

Ш.Айтматов «Ғасырдан да ұзақ күн» романы

Сабақтың түрі

Талдау сабағы

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

10.3.3.1 - шығарманың идеясын жалпыадамзаттық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

Шығармадағы жалпыадамзаттық құндылықтарды анықтайды;

Көптеген оқушылар:

Шығармадағы жалпыадамзаттық құндылықтарды талдайды;

Кейбір оқушылар:

Шығармадағы жалпыадамзаттық құндылықтарды өзіндік көзқарас тұрғысынан талдайды;

Бағалау критерийі

Шығармадағы жалпыадамзаттық құндылықтарды анықтайды, талдау жасайды.

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология: рухани дүние, материалдық құндылық, заңдылықтар, жалпыадамзаттық құндылық, ұрпақтар көзқарасының алшақтығы, тұтастық

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: бұл туындыда, автор, жазушы, оқырман, шығармада, суреткер, бейне, образ

Пәнаралық байланыс

Өзін-өзі тану

Мектеп құндылықтары

Өмір бойы білім алу: таным, талант, сыни тұрғыдан ойлау арқылы білімге деген сүйіспеншілікті қалыптастыру. Оқушылардың өз бетімен білім алуына қажетті дағдыларды қалыптастыру.

Осыған дейін меңгерілген білім

Алдыңғы біліммен байланыстыру:

«Бес қадам» әдісі

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

7 минут

Ұйымдастыру:

-оқушылардың сабаққа қатысын тексеру;

- сабақ мақсатымен таныстыру;

«Бес қадам» әдісі

Е, Қ, Ү, С, Ә,О, З, Б

Оқушы әр қадамды басқан сайын дыбыстар өзгертіліп тұрады, берілген сұраққа сол дыбыстан бастап, жауап беруі керек.

  • Сіздің ойыңызша кім басты кейіпкер?
  • Оны өзгелерден ерекшелейтін қандай қасиеті бар?
  • Бұл кейіпкер туралы қандай тұжырым жасар едіңіз?
  • Таңдаған кейіпкеріңізді басқа өзіңіз оқыған шығармадағы қандай кейіпкерге ұқсатар едіңіз?

Келесі қысқартуларды қолданыңыз:

МН =Мұғалімге арналған нұсқаулық

МЖ = Мұғалім жасаған

ӨД = өзге дерек көздері

Сабақтың ортасы

15 минут

20 минут

Т.Оқушылар топпен зерттеу жүргізеді. Мұғалім шығарманы топтың санына қарай бөліктерге бөліп ұсынады.

Т. Пирамидалық талқылау

Топ мүшелері өз пікірін жеке жазып әкеліп, пирамида бөлігіне орналастырады. Өзара топта талқылап, ойларын толықтырады, сыныпқа таныстырады.

-Шығармада көрініс тапқан қандай құндылықтарды көре алдыңыз? Себебін түсіндіріңіз.

-Сәбитжан мен Едігенің ортасындағы қарама-қайшылықтарды талдай отырып, ұрпақтар көзқарастарының алшақтығы туралы ойыңызды жазыңыз.

-Шығармада астарлап берген қоғам шындығы қандай? Бұл шығарманың негізгі идеясы бола ала ма?

- Шығармадан рухани дүние мен материалдық құндылыққа қандай мысалдар келтірер едіңіз? Ойыңызды дәлелмен жеткізіңіз.

Дескриптор:

құндылықтарды ажыратады;

ұрпақтар көзқарасының алшақтығын талдайды;

шығармадағы астарлы ойды табады;

рухани дүние мен материалдық құндылыққа мысалдар келтіріп, ойын дәлелді жеткізеді.

Ж. әдеби эссе жазу

Романдағы рухани дүние мен материалдық құндылықтардың астасып, өз заңдылықтарымен дамуы арқылы тұтас дүниенің бейнеленуін өз көзқарасыңызбен талдап, әдеби эссе жазыңыз. (Сөз саны -200-250 сөз)

Дескриптор:

рухани дүние мен материалдық құндылықты ажыратады;

өзара байланыстырады;

өзіндік көзқарас тұрғысынан талдайды;

әдеби эссе жазады.

С = барлық сынып

Т = топтық жұмыс

ЖЖ = жұптық жұмыс

Ж = жеке жұмыс

Тәж = оқушы тәжірибесі

К = мұғалімнің көрсетуі

Ф = формативті бағалау

МЖ

Сабақтың соңы

3 минут

Рефлексия:

Рефлексия. «Ең...»

Ең қиын тапсырма-

Ең қызықты тапсырма-

Ең тиімді тапсырма-

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу