Ш.Айтматов «Боранды бекет» романы. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары.


Пән:

Қазақ әдебиеті

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім тақырыбы

Аңызбен өрілген көркем сөз

Сабақтың тақырыбы

Ш.Айтматов «Боранды бекет» романы

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

10.1.4.1 - көркем шығармалардан алған үзінділерді ғаламдық тақырыптағы өзекті мәселелермен байланыстыру;

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • Шығарма үзіндісінен мәселелерді анықтайды;

Көптеген оқушылар:

  • Мәселені талдайды;

Кейбір оқушылар:

  • Ғаламдық тақырыптағы өзекті мәселелермен байланыстырады.

Бағалау критерийлері

Шығарма үзіндісін ғаламдық тақырыптағы өзекті мәселемен байланыстырады.

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология: адам мен табиғат, құл, мәңгүрт, қамқорлық

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: адамдар бауырластығы, қуыс кеуде, адамдық парыз

Мектеп құндылықтары

Ынтымақтастық: өзіне жағымды қатынастарды дамыту, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастыру және сындарлы көзқарасты дамыту, өзара қарым-қатынастар құрған кезде сыни ойлай білу

Осыған дейін меңгерілген білім

10.1.3.1 - көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау;

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың

Басы

5 минут

Ұйымдастыру.

Оқушыларға оқу мақсаты мен бағалау критерийі (дескриптор) таныстырылады.

«Мәселелер тізбегі»

Оқушыларға стикер таратылады. Әр оқушы стикерге шығармадағы мәселені жазып, тақтаға жапсырады. Ең өзекті мәселені анықтайды. Өзіндік пікір білдіріп, талдайды.

Слайд

Сабақтың

ортасы

10 минут

20 минут

3 минут

Т.

«Журналистік сұрақтар»

«Адамды қастерлей білу - қай заманда болсын қоғамның негізгі мәселесі» тақырыбы бойынша журналистік сұрақтар құрастырады.

Топ ішінде алты сұрақ талқыланады:

Кім?

Не?

Қайда?

Қашан?

Неге?

Қалай?

Берілген сұрақтар негізінде шығармадан үзінді келтіреді. Әр топтан бір ұтымды дәлел келтіреді.

Кері байланыс: «Ең..»

Мұғалім оқушыларға үзінділер ұсынады. Жазушының қөзқарасын, түйіндеген идеялық ойларын 6 қырынан тұжырымдайды.

а) обьективтілігі;

ә) шынайылығы;

б) толықтығы;

в) өзектілігі;

г) құндылығы;

ғ) түсініктілігі.

«Эйдос –конспект»

Жасау жолдары:

  • Үзіндідегі мәселеге (ойға) назар аудару;
  • Негізгі кілт детальдарды анықтау;
  • Осы шығармаға (цитаталарға) байланысты сурет салу;
  • Цитаталарға пікір жазу;

Кері байланыс. «Сәтті жұмыс»

Сұрақтар тізбегі

А3 форматты қағаздар, маркерлер, стикерлер

Мәтін үзінділері жазылған қима қағаздар

Сабақтың

Соңы

2 минут

Рефлексия

3-2-1

Өзіңіз жақсы түсінген 3 мәселе

Қиындық туғызған 2 мәселе

Туындаған 1 сұрақ



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу