Мәңгүрттік. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, дидактикалық материал.
Қазанғаптың өтініші бойынша, оны Ана-бейітке жерлемекші. Сәбитжан оған қарсы, қайдағы бір ертегі бейітке апару, ол үшін ақылға сыйымсыз. Ол жерлеуді тездетіп, қалаға қайтуға асық. Әке өсиеті оны көп қинай қоймайды. Осы сәтте Едігенің көз алдына анасын атқан Мәңгүрт елестейді. Мәңгүрттік Сәбитжанның дүниетанымында орын тепкен. Қазанғапты арулап көмгеннен кейін, Едіге Ана-бейітті тегістеп, оның орнына космодром салатынын естісімен, Ана-бейітті қайткенде де сақтап қалу үшін көзі ашық, оқыған, қалада қызмет ететін, кіммен сөйлесіп, кімге жолығу жолын білетін адам ретінде Сәбитжаннан қол ұшын беруді өтінеді. Оған Сәбитжан былай деп жауап қайтарады:
– Оның бәрі ерте-ерте, ертедегі, ешкі жүні бөртедегі ертек қой, Едеке, түсінсеңші. Бұл арада қазір әлемдік, космостық мәселелер шешіліп жатыр. Ал біз барып әлдебір зират туралы аңыз айтқанымыз жараспайды ғой. Кімге керек ол? Олар үшін ол дегенің – тіфу! Әрі десе, бізді олай қарай өткізбейді де. Әрине, Сәбитжан сөзінде шындық бар. Бірақ мәселе оның бұл іске жүрдім-бардым қарауында, өткен тарихқа немқұрайдылығында жатыр. Оқыған, сауатты Сәбитжанның санасы қарапайым Едігеден көп төмен. Бұл жерде әңгіме кісілік пен білім қайшылығында. Басында Едігенің Сәбитжанмен сөйлесе келе, қылықтарына қарап, интернатта, институтта оқыса да дұрыс адам болмаған екен деген күдігі болса, енді Сәбитжан туралы пікір айқындала түседі.
– Мәңгүртсің сен! Нағыз мәңгүрттің өзісің! – деп ашына күбірледі Едіге Сәбитжанды әрі аяп, әрі ... жек көріп.
«-Құдай-ау, қандай күйге душар қылған сені! – деп сыбырлаған ана мұңлық қайтадан еріксіз аузы кемсеңдеп, ыза мен қайғыға булығып, өзін өзі баса алмай, өксіп-өксіп, үзіліп-үзіліп боздай берді. Ана қайғысы мәңгүртке шыбын шаққан ғұрлы көрінген жоқ.
– Ау, жерінді, суыңды тартып алса мейлі, байлығыңды тартып алса, мейлі, тіпті жаныңды алса да мейлі, - дейді ана үнін шығарып. – Ау, адамның ақыл-ойын тартып алуды қандай қаражүрек ойлап тапты, құдай-ау?! О, құдай, бар екенің шын болса, мұндай сұмдықты жұртқа қалай дарыттың? Жер бетінде басқа сұмдық аз ба еді?»
«Әне, анау Сәбитжанды айт. Титтейінен интернатта да оқыды, институтта да оқыды, түрлі мамандық көтеру курстарын да тамандады. Қазанғап байғұс Сәбитжаным мұқтаждық көрмесін, басқалардан кем болмасын деп тапқан-таянғанының бәрін соның аузына тосты – не шықты? Білімді білуін біледі-ақ. Бірақ жетесіздің аты жетесіз.
Аузынан ақ май ағызсаң да адам болмайды»
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?