Мәңгүрттік аңыз. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, дидактикалық материал.
Аңыз фабуласы.
(Алдын-ала жазылып әкелінген парақтан бір оқушы оқиды.)
Әлім елінде Достан деген әрі бай, әрі батыр кісі болған. Сол кісінің басынан мынандай оқиға өтіпті:
Достан бала жігіт кезінде түрікмендер мен әлімнің арасындағы бір соғыста қолға түсіп, шешесі қазақ бір түрікмен қыздың көмегімен қыз екеуі бірге қашып, Сырдарияның төменгі ағысына келіп, суға түседі. Суға түсіп, кідірген жерінде қыз баланы жолбарыс жеп кеткен. Достан ауылына келіп үйленіп, 15 ұлды болған. Түрікмен елінде тұтқында бірге болған, қашыруға көмектескен жолдасы бірнеше жылдан кейін Достанды іздеп келіпті. Ауылын аралатып, шығарып салып тұрғанда досы:
— Достан, осы сенің де өкінішің бар ма?-деп сұрапты.
— Өкінішім неге болмасын?! Мен он бес жасымда Түрікменнің қолына түсіп, қолына түскен балалардың басына шіре байлап, бәрін мәңгүртке айналдыратын жерінде шешесі қазақ Түрікменнің қызы келіп: «Сен ертеңге қалма, ертеңге қалсаң, мәңгі бақи мәңгүрт болып қаласың, сондықтан бүгін түнде қашуың керек,- деп , өте жүйрік ат әкеліп берді.Сонымен екеуміз берге қашып, елге енді жеттім ау дегенде, сол қызды айдың жарығында жолбарыс жеп кетті.Сол өкініш емес пе? Олан артық қандай өкініш керек?! – депті мұңайып.»
Мәңгүрт жасау оқиғасы
(Алдын-ала жазылып әкелінген парақтан бір оқушы оқиды.)
«…… Көзді ашып жұмғанша, алты тұтқынның шашы алынды. Шаш алғыштар қанжарларын сүртіп, қындарына салды.Жаңа ғана шашы алынған көк құйқа бастар айнадай жалтырайды, жазғы күннің жылы шуағы шекелерін қыздырып, маужыратып алып барады… Алты тұтқынның көздері ақ тайлақтың терісіне үймелеген көп түрікменде. Күнге шағылысқан ақ қанжарлар сыр-сыр етеді, жаңа ғана көлдей боп жайрап жатқан ақ теріні үзім-үзім қып турап жатыр. Қанжары жалақтаған жас жігіттер кесіп алған терілерін анадайда жер тізерлеп, тұқшыңдасып, әлденені малшылап отырған екі шалдың алдына тастайды. Манадан бері білектерін сыбанып, әзер тұрған мосқал еркектер алты баланы құлақтан тартып шөкелетіп жерді бұқтырды. Алты жігіттің қолындағы теріні алып, тұтқындардың басына жапты.Әлі ылғалы кеппеген жып-жылы тері жаңа ғана шашы алынған жылтар басқа жабыса кетті…Қолдары жып-жып еткен мосқал еркектер терінің жиегін шыр айнала бүрмелеп қойған көн тартпаны шірене тартып, сықситып таңып тастады.Жаңа ғана дені жайылып отырған бастар қайтадан зіл тартты. Жылы тері шекелерін солқылдатып сорып ала жөнелді. »
http://www.kekilbayev.kz/lib/kuy
Ә.Кекілбаев «Күй» повесі
«-Құдай-ау, қандай күйге душар қылған сені! – деп сыбырлаған ана мұңлық қайтадан еріксіз аузы кемсеңдеп, ыза мен қайғыға булығып, өзін өзі баса алмай, өксіп-өксіп, үзіліп-үзіліп боздай берді. Ана қайғысы мәңгүртке шыбын шаққан ғұрлы көрінген жоқ.
– Ау, жерінді, суыңды тартып алса мейлі, байлығыңды тартып алса, мейлі, тіпті жаныңды алса да мейлі, - дейді ана үнін шығарып. – Ау, адамның ақыл-ойын тартып алуды қандай қаражүрек ойлап тапты, құдай-ау?! О, құдай, бар екенің шын болса, мұндай сұмдықты жұртқа қалай дарыттың? Жер бетінде басқа сұмдық аз ба еді?»
Ш.Айтматов «Боранды бекет»
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?