Мәңгүрттік аңыз. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары.


Пән:

Қазақ әдебиеті

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім тақырыбы

Аңызбен өрілген көркем сөз

Ш.Айтматов «Боранды бекет» романы

Сабақтың тақырыбы

Мәңгүрттік аңыз

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

10.3.4.1 - шығарманы идеялық жағынан мазмұндас туындылармен салыстыра отырып, әдеби сын жазу

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • Шығармалардың идеялық мазмұнына талдау жасайды;

Көптеген оқушылар:

  • Оқиға желісі мен кейіпкер іс-әрекеттерін салыстырады;

Кейбір оқушылар:

  • Шығармалардың идеялық мазмұнына әдеби сын жазады.

Бағалау критерийлері

Шығармалардың идеялық мазмұнын салыстырады;

Әдеби сын жазады;

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология: ана, тұтқын, мәңгүрт, Сарыөзек, ақ інген, бесік жыры

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: ана жүрегі, үзілмеген үміт, жауыздық, ақыл-есінен айырылған

Мектеп құндылықтары

Ынтымақтастық: өзіне жағымды қатынастарды дамыту, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастыру және сындарлы көзқарасты дамыту, өзара қарым-қатынастар құрған кезде сыни ойлай білу

Осыған дейін меңгерілген білім

10.2.2.1 - шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысы айқындау;

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың

Басы

8 минут

Ұйымдастыру.

Оқушыларға оқу мақсаты мен бағалау критерийі (дескриптор) таныстырылады.

«Мендік пікір» арқылы Ш.Айтматовтың «Боранды бекет» романынан алған әсерін жеткізу

(Таяқшаларға жазылған есімдерді атау арқылы 12 оқушының пікірі тыңдалады)

  • Мені қинағаны…
  • Мені түңілдіргені…
  • Мені жұбатқаны…
  • Мені өкіндіргені…
  • Мені үрейлендіргені…
  • Мені сүйсіндіргені…
  • Мені қуантқаны…
  • Мені қайраттандырғаны…
  • Менің тілегім…
  • Мені қызықтырғаны…
  • Біздің түйгеніміз:

Слайд

Суырма таяқшалар

Сабақтың

ортасы

10 минут

15 минут

5 минут

Оқушылар «Боранды бекет» романындағы Найман – Ана бейітінің аңызы мен «Күй» повесіндегі аңызға талдау жасайды.

Т. Блум таксономиясы бойынша талдау.

БІЛІМ. Мәңгүрттік деген не?

ТҮСІНУ. Адамды Мәңгүртке айналдырудың жолдарын шығарма идеясына сүйене отырып түсіндіріңіз.

ҚОЛДАНУ. Бүгінгінің мәңгүрттері кімдер болуы мүмкін?

АНАЛИЗ. Шығармадағы кейіпкер бейнелеріне талдау жасаңыз.

СИНТЕЗ. Мәңгүрттіктің әлеуметтік дерт екенін тұжырымдаңыз.

БАҒАЛАУ. Мәңгүрттіктен қалай құтылуға болады?

«Әдеби шеңбер» құрып талқылайды.

Топтық бағалау.

Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы.

Суреттелген басты оқиға – дұшпандық жазаның ең ауыр, сұмдық түрі – мәңгүрт жасау аңызы.

Жауласқан елдер тарихында, мәңгүрттік немесе мәңгүрт жасау – ежелден бар нәрсе.

Төл әдебиетімізге «Мәңгүрт» сөзін алғаш 28 жасында алып келген Қазақстан жазушысы – Әбіш Кекілбайұлы.

— Мен мәңгүрттік туралы аңызды бірнеше адамнан естідім. Бұл – өзі түрікмендермен арадағы шапқыншылықта көп болған жағдай. Маған ол әңгімені айтқан  — Қазақстан жазушысы Ә.Нұрпейісов,- дейді жазушы.

Мәңгүрт сөзінің арғы түбі мәңгіруден шыққан.

«Мәңгүрттік - әдебиеттегі, қоғамдағы өзекті мәселе» тақырыбында әдеби сын жазу.

Еркін микрофон.

Оқушылар өз қалауы бойынша жазған эсселерін оқиды, бір –біріне кері байланыс береді.

http://www.kekilbayev.kz/lib/kuy

Ә.Кекілбаев «Күй» повесі

«Мәңгүрттік сана» ұғымын Ш.Айтматов «Боранды бекет» романында әлемдік деңгейде өзекті мәселе етіп көтерді (1980). Ал мәңгүрттік ұғымы ел арасында бұрыннан болғанымен, алғаш қазақ әдебиетінде бұл мәселені 28 жасында көтерген - Ә.Кекілбаев. Қаламгердің «Күй» повесі 1967 жылы «Жұлдыз» (№12) журналында жарияланды.

Сабақтың

Соңы

2 минут

Рефлексия

3-2-1

Өзіңіз жақсы түсінген 3 мәселе

Қиындық туғызған 2 мәселе

Туындаған 1 сұрақ



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу