file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Ұ. Есдәулет «Біз түркілерміз». Қазақ әдебиеті, 10 сынып, қосымша материал.


Оқу мақсаты:

10.1.5.1 - шығармадағы ұлттық құндылықтардың әлемдік тақырыптармен үндестігін ашу.

1-тапсырма. Ж.

https://www.youtube.com/watch?v=yrfVHDKQN0o

Берілген сілтеме арқылы Ұлықбек Есдәулеттің «Біз түркілерміз» өлеңінің аудио нұсқасын тыңдап, берілген кестені толтырыңыздар.

Өлеңнің тақырыбын анықтаңыз

Көтерілген мәселені анықтаңыз

Ұлттық құндылықтардың әлемдік тақырыптаптармен үндестігін ашыңыз

Автордың тіліне баға беріңіз.

 Дескрипторлар:

  • Өлең тақырыбын анықтайды;
  • Көтерілген мәселені анықтайды;
  • Ұлттық құндылықтарды анықтайды;
  • Автор тіліне баға береді.

Оқу мақсаты:

10.1.3.1 - көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау.

2-тапсырма. ТЖ

«Әдеби үйірме» әдісі. Әр топ мүшелері рөлдерге бөлінеді және «Біз түркілерміз» өлеңін оқып, рөлдері бойынша тапсырмаларды орындайды. Әр топтан рөлдер бойынша шақырылады, қалғандары толықтырады.

Баяндап беруші – оның міндеті өз көзқарасы тұрғысынан немесе өз ойына сүйене отырып, осы өлеңнің мазмұнын баяндау.

Зерттеуші – оның міндеті (мәтінге байланысты) басты кейіпкердің мінезін немесе басты оқиғаны жан-жақты меңгеру және сипаттау. Сондай-ақ бұл жаңа сөздерді меңгеру және суреттеу немесе өткен тапсырманың қалған бөлігі болуы мүмкін.

Сұрақтар құрастырушы – негізгі оқиғаларды қамтитын немесе өлеңнің жалпы мазмұны бойынша сұрақтар дайындайды. Бастысы, оқушылар сұрақ қоюдың өлшемдерін, төменгі және жоғары деңгейлердің бөлінуі туралы ескерсе болды.

Сілтемелер табушы – оның міндеті өлеңнің тақырыбын, руханилығын ашатын немесе құптайтын кез келген сілтемелерді – белгілі және аздап белгілі афоризмдер, мәтелдер табу.

Бейнелеуші-суреттеуші – оның міндеті өлеңдегі кейіпкерге немесе өлең мазмұны бойынша суреттеу.

Дәнекер – оның міндеті негізгі идеяларды немесе оқиғаларды бүгінгі өмірмен байланыстыру.

Дескрипторлар:

  • Өлең мазмұнын талдайды;
  • Рөл бойынша тапсырмаларды орындай алады;
  • Өз ойларын еркін жеткізеді.


Толық нұсқасын 29 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу