Ұ. Есдәулет «Біз түркілерміз». Қазақ әдебиеті, 10 сынып, презентация.
Ұлықбек Есдәулет «Біз түркілерміз» өлеңі
Оқу мақсаттары:
10.1.5.1 - шығармадағы ұлттық құндылықтардың әлемдік тақырыптармен үндестігін ашу;
10.1.3.1 - көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау.
Сабақ мақсаттары:
Өлеңдегі ұлттық құндылықтардың әлемдік тақырыптармен үндестігін ашу; кейіпкерлер жүйесін жинақтау және даралау.
1-тапсырма. Ж.
Берілген сілтеме арқылы Ұлықбек Есдәулеттің «Біз түркілерміз» өлеңінің аудио нұсқасын тыңдап, берілген кестені толтырыңыздар.
https://www.youtube.com/watch?v=yrfVHDKQN0o
Дескрипторлар:
Өлең тақырыбын анықтайды;
Көтерілген мәселені анықтайды;
Ұлттық құндылықтарды анықтайды;
Автор тіліне баға береді.
2-тапсырма. ТЖ
«Әдеби үйірме» әдісі. Әр топ мүшелері рөлдерге бөлінеді және «Біз түркілерміз» өлеңін оқып, рөлдері бойынша тапсырмаларды орындайды. Әр топтан рөлдер бойынша шақырылады, қалғандары толықтырады.
Баяндап беруші – оның міндеті өз көзқарасы тұрғысынан немесе өз ойына сүйене отырып, осы өлеңнің мазмұнын баяндау.
Зерттеуші – оның міндеті (мәтінге байланысты) басты кейіпкердің мінезін немесе басты оқиғаны жан-жақты меңгеру және сипаттау. Сондай-ақ бұл жаңа сөздерді меңгеру және суреттеу немесе өткен тапсырманың қалған бөлігі болуы мүмкін.
Сұрақтар құрастырушы – негізгі оқиғаларды қамтитын немесе өлеңнің жалпы мазмұны бойынша сұрақтар дайындайды. Бастысы, оқушылар сұрақ қоюдың өлшемдерін, төменгі және жоғары деңгейлердің бөлінуі туралы ескерсе болды.
Сілтемелер табушы – оның міндеті өлеңнің тақырыбын, руханилығын ашатын немесе құптайтын кез келген сілтемелерді – белгілі және аздап белгілі афоризмдер, мәтелдер табу.
Бейнелеуші-суреттеуші – оның міндеті өлеңдегі кейіпкерге немесе өлең мазмұны бойынша суреттеу.
Дәнекер – оның міндеті негізгі идеяларды немесе оқиғаларды бүгінгі өмірмен байланыстыру.
Дескрипторлар:
Өлең мазмұнын талдайды;
Рөл бойынша тапсырмаларды орындай алады;
Өз ойларын еркін жеткізеді.
Рефлексия
Бүгін мен . . . білдім.
Мен үшін қызықты болды, себебі . . .
Мен үшін қиындық туындады, ол . . .
Мен тапсырманың барлығын орындадым, өйткені . . .
Мен . . . түсіндім.
Мен . . . сезіндім.
Мен үшін . . . сәтті болды.
Мені . . . таң қалдырды.
. . . менің қолымнан келеді.
Сабақ менің өмірім үшін . . . болды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?