«Біз түркілерміз» және «Мен қазақпын». Қазақ әдебиеті, 10 сынып, дидактикалық материал.
Ұ.Есдәулет «Біз – түркілерміз»
Біз - түркілерміз... Біз - түркілерміз! Көк аспандай жарқылдап, күркірерміз, Көк аспанның бұлтындай сілкінерміз, Көк бөріден туғанымыз рас болса, Көк тәңірден қуат ап, бір түлерміз. Кеудемізді билеген асқақ арман, Тарихымыз дастан боп таста қалған, Тірсегіміз тілінген кездерде де Жан жүректі жерім жоқ жасқа малған. Жұтып қойған ғасырлар өктем үнін, Айға қарап ұлыған көк бөрімін. Атқа мінсем кетемін аруақтанып, Арасында желік бар ет-терінің. Атқа мінсем кетемін айбаттанып, Қылыш көрсем кетемін қайраттанып. Ғасырлардың бетіне қалқып шыққан, Біздің халық - бұ да бір қаймақ халық! Намысымдай ешкімге таптатпаған, Түркістанның күмбезі асқақтаған. Бабаларым жатыр ғой бата беріп, Аруақтар аманатын ақтап бағам. Көк тәңірден көңілге нұр тілерміз, Көк аспандай әлі де күркірерміз. Көк бөрілі көк байрақ көкке шықса, Қай дұшпанның алдында іркілерміз? Біз - түркілерміз! Біз - түркілерміз!! Біз - түркілерміз!!!
Жұбан Молдағалиев «Мен қазақпын»
Мен – қазақпын мың өліп, мың тірілген.Жөргегімде таныстым мұң тіліменЖылағанда жүрегім, күн тұтылып,Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.Мен – қазақпын, ажалсыз анамын мен,Құрсағыма сыйдырам даланы мен.Пәк сәбимін бесікте уілдеген,Дәуірлермен құрдаспын, данамын мен.Мен – жігітпін, айқасқа, сынға асықпын.Жүрегі бар кеудемде шын ғашықтың.Жанартаудай жойқынмын жұлқынғанда,Шарықтасам, қыран боп шыңға шықтым.Мен – қара көз сұлумын, сайтан қызбынСайрай қалсам, тілімнен бал тамғыздым.Сүйер болсам, өмірдей өле сүйдім,Қас батырмен қайрасқам балтам жүзін.Осындай боп, білмеймін, кімнен тудым.Бәлки қайсақ, бәлки бір ғұннан тудым.Деп шатыпты біреулер «күннен тудым».Жоқ, сірә, мен қара құл, күңнен тудым.Руым көп солардың аттарындай,Мінезім бар таулардың қатпарындай.Ән-жырым бар бабалар хаттарындай,Әжімім бар бейнеттің таптарындай.Қаза тапқан солдаттай ізгі өлімнен,Қалалар да өтіпті түз белінен.Қаңқалары табылып жатыр қазірСоғыстар мен жорықтар іздерінен.О замандас, соларға бір қараңыз:Әр кірпіші, әр тасы бір қора аңыз.Өлгендерді тірілтіп, өмірлі етіп,Өшкендерді табатын бір ғана біз.Мирасы ма, мұра ма аз ба со да?Алынбайды алтындай қазбаса о да.Тереңім көп, тұңғиық тарихым көп,Жылдар көші том-томдап жазбаса да.Жаза алмадым, қайтейін, хат білмедім.Білдім, бірақ, найза мен аттың белін.Ат үстінде ұмыттым кедейлікті,Ат үстінде өлсем мен шатпын дедім.Жетпеген жоқ ғылымға зеректігім,Сезбеген де емеспін керектігін.Қала бердім жарыққа жол таба алмай,Қараңғыға тас батып ер екпінім.Кейін білдім жердің де шар екенін,Өз өлшемі, өз шегі бар екенін.Көк өгіз деп көтеріп тұрған соны,Ысырап боп жүріпті «бәрекелдім».Ұзақ ұйықтап тұмса түз бесігінде,Естімеппін Архимед есімін де.Жерді үйіру қиялы былай тұрсын,Жемісі де тимепті несібеме.Танытпады надандық Сократты,Гомерді де көп ғасыр тоқыратты.Көзім басыр болса да, ойым көргішМен де ақын ем өзіндей сол бір қарттың.Келсе ғой далама бұрын олар,Коперниктер, Джордано Брунолар!..Қапы кетті қаншама ұл-қыздарым,Бағы жанса, солардың бірі болар.Арылмады басымнан замана – түн,Үйіп-төгіп жазмыш жаманатын.Европадан жетпіс жыл соң оқыдым«Коммунистік манифест» ғаламатын.Соң оқыдым, талайдан бұрын ұқтым,Түннен күнге күрт басып бұрылыппын.Бір бөлшегі болғаным қандай бақытРоссиядай, Лениндей ұлылықтың!Ал бүгін ше? Бүгін мен азаматпын,Жаза алатын, ғылымды қаза алатын,Жаза алатын дүниелік дастандарды,Жаза алатын тарихқа қазақ атын.Атымның да кеше ғой танылғаны,Оған дейін не таңба таңылмады?Солар жайлы ойлансын ұрпағымыз –Шолпан қызы, шапақты таң ұлдары,
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?