Ұ. Есдәулет «Біз түркілерміз» өлеңіндегі көтерілген мәселе. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, дидактикалық материал.


Ұ.Есдәулет «Біз түркілерміз»

Біз - түркілерміз... Біз - түркілерміз! Көк аспандай жарқылдап, күркірерміз, Көк аспанның бұлтындай сілкінерміз, Көк бөріден туғанымыз рас болса, Көк тәңірден қуат ап, бір түлерміз. Кеудемізді билеген асқақ арман, Тарихымыз дастан боп таста қалған, Тірсегіміз тілінген кездерде де Жан жүректі жерім жоқ жасқа малған. Жұтып қойған ғасырлар өктем үнін, Айға қарап ұлыған көк бөрімін. Атқа мінсем кетемін аруақтанып, Арасында желік бар ет-терінің. Атқа мінсем кетемін айбаттанып, Қылыш көрсем кетемін қайраттанып. Ғасырлардың бетіне қалқып шыққан, Біздің халық - бұ да бір қаймақ халық! Намысымдай ешкімге таптатпаған, Түркістанның күмбезі асқақтаған. Бабаларым жатыр ғой бата беріп, Аруақтар аманатын ақтап бағам. Көк тәңірден көңілге нұр тілерміз, Көк аспандай әлі де күркірерміз. Көк бөрілі көк байрақ көкке шықса, Қай дұшпанның алдында іркілерміз? Біз - түркілерміз! Біз - түркілерміз!! Біз - түркілерміз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу