Мұхтар Мағауин «Шақан шері» романындағы авторлық идея. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ.


Қысқа мерзімді жоспар

Келісілді

«Қазақ тілі мен әдебиеті» ӘБ жетекшісі ___________________________________

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Аңызбен өрілген көркем сөз

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Мұхтар Мағауин «Шақан шері» романындағы авторлық идея

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Анализ және интерпретация

10.2.2.1. Шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын айқындау

 Сабақ мақсаттары

Шығармадағы автор идеясын анықтау арқылы өмір шындығымен байланыстыру

Бағалау критерийлері

Көркем мәтіннің авторлық көзқарасын анықтайды;

Авторлық идеяның шындыққа жанасымдылығын сараптайды.

 Тілдік мақсаттар

автор көзқарасы, тарғыл тонды, шор қорғасын т.б.

 Құндылықтарды дарыту

 

- Қазақстандық патриотизм және әлемдік азаматтық;

- жаңашылдық;

- ғылыми ілгерілеушілікке қызығу;

- ұлттық рухани жаңғыру

 Пәнаралық байланыстар

экология, психология

 АКТ қолдану дағдылары

Аудио, видео құрылғылар

Бастапқы білім

Мұхтар Мағауиннің «Бір атаның балалары» повесімен таныс

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Ұйымдастыру кезеңі:

Қызығушылықты ояту/Тақырыпты болжату

https://www.youtube.com/watch?v=n6t-e2XgSwo

бейнематериал арқылы сабақ тақырыбына шолу жасайды.

Зерттеу сұрақтары

  • Жолбарыстардың адамдарға шабуыл жасауына түрткі болған нәрсе не?
  • Осы мәселенің соңы немен аяқталуы мүмкін?

ОМ, сабақ мақсаты, бағалау критерийлері таныстырылады.

Слайд 1

Слайд 2

Сабақтың ортасы

15 минут

жинақтауға 5 минут

10 минут

2 минут

1-тапсырма. Т.Кубизм стратегиясы

Білу: Автордың «Шақан Шері» романын жазуға себеп болған жағдайлар.

Шығарманың бұлай деп аталуы нені меңзейді?

Түсіну: Жазушы бас кейіпкерлерді қалай сипаттады?

Қолдану: Шығарманың өздеріңе ұнаған жерінен монолог әзірлеңіздер.

Талдау: Автор «Кенет өзін осы жолға түсірген жалмауыз жолбарыс көз алдына келді. Балаға шапқан, әйелді шайнаған кезі емес. Өлім сәті. Өлгеннен соңғы бұтарлап шабылған сәті. Артқы аяққа шор болы байланған қорғасын оқ. «Жолбарыс өз бетімен кісіге тимейді!» Құба мерген айтқан. Қара батыр айтқан. Атабек ақсақал айтқан. Өзі де көрді. Сонда жалмауыз кек қуғаны ма? Бір жыртқыштың кінәсін тарғыл тонды барлық шеріге артыпты. Содан не тапты?», - деп нені айтқысы келіп отыр?

Жинақтау: “Ортада қаламсап” стратегиясы бойынша “Шын жүректен шыққан сөз”айдарымен шығармадағытүйінді ойды жинақтап, ойтолғау жазу

Бағалау: Осы шығарманы оқи отырып автордың адами құндылықтары мен шығармада ұстанған идеясы қандай деген ой туындады?

Ж/Т. Оқушылар 10 қысқа сөйлеммен шығарма сюжетін жазады. Оқушылар 1 минут ішінде шығарма сюжетін қайталамай, кібіртіктемей және мүдірмей рет-ретімен қояды.

Қалыптастырушы бағалау

Дескрипторлар

  • Шығарманы детальді түсінеді;
  • Зерттеу сұрақтарына топта талқылай алады.

2-тапсырма. С.

«Шеңбердегі сұрақтар»

1.Оқушылардың парталарын дөңгелетіп орналастыру

2.Оқушыларға тақырыптың мазмұны бойынша сұрақтар жазуға арналған ұсақ қағаз қиықтарын таратып беру

3.Оқушылар қағаздарына сұрақтар жазады, бұл жерде сұрақтың деңгейінің өте күрделі немесе өте жеңіл болып кетпеуін ескертеді.Мысалы:

  • Жазушы шығармасына арқау болған тақырып не?
  • Автордың оқиғаны баяндау мәнері.
  • Автор өзі көтерген мәселені қаншалықты аша білген?
  • Шақан шері мен жолбарысқа деген көзқарасы.
  • Жазушы Шақанның жолбарысқа деген көзқарасын қалай суреттеді?
  • Автор осы шығармадағы көтерген тақырып арқылы ғаламдық мәселені көтере алды ма?

4.Сұрақтарды шеңбердің ортаңғы аймағына лақтырады.

5.Барлығы орындарынан тұрып ортада жатқан сұрақтарды алады.Кезегімен немесе қалаулары бойынша сұрақтарға жауап береді.

Дескрипторлар

  • Шығарманы түсінеді;
  • Сұрақтар құрастырады;
  • Өз жауаптарын ұсынады.

Мұғалімнің топтарды ауызша комментарийлер арқылы бағалауы

Слайд 3

https://vk.com/wall-52205638_6848

Шақан шері романы

Слайд 3

Слайд 4

Сабақтың соңы

3 минут

Кері байланыс/Рефлексия

Егер мен автор болсам... (оқиға былайша болар еді)

Үйге тапсырма: «Маугли» мультфильмін көру

Слайд 5

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу