М.Мағауин «Шақан - шері» романы. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, дидактикалық материал. 1 сабақ.
Оқушылар түрлі-түсті таяқшаларды алу арқылы үш топқа бөлінеді.
Қызығушылықты ояту:
Тапсырма.
Тапсырма. Берілген үш шығарма үзінділерін оқи отырып, үшеуіне де ортақ ғаламдық деңгейдегі өзекті мәселелерді төмендегі берілген кестеге түсіріңіз.
Шығарма атауы | Көтерілген мәселе | Ғаламдық тақырыптағы өзекті мәселелер |
Көксерек | ||
Шақан шері | ||
Қызыл кітап |
Шығармадан үзінділер
1- мәтін. « Көксерек әңгімесінен » үзінді
Маңайы қасқырдың ойнағы. Жас шөптер басылып, тапталып қалған. Жақындағы қарағандарда қасқырдың ақ жүндері көрінеді. Қыстан қалған түбіті кәзір де әр жерде сөйтіп жүлынып қалып жүр. Індердің орта жерінде екі қалың сасыр шайқалып өсіпті. Қазір соның түбінде қысқы жүні әбден түлеп болмаған ақ қасқыр жатыр. Баурында кішкентай көк күшіктері қыбырлайды. Ертеңіне түсте жат иіс шықты, алыстан әлдеқандай дабырлаған дауыстар естіліп, жақындап келе жатты. Күшіктерді жоталарынан тістелеп, індерге тығып-тығып тастап, ақ қасқыр қараған ішіне кірді.Ін үстіне мүйіз тұяқтар тасырлап дүбірлетіп келді, айқай-дабыр молайды. Бірі үстіне бірі келіп, жиын көбейді. Жерге ат үстінен тастаған ағаштар сарт-сарт түсіп жатты. Ін аузына екі аяқтылар жыбырлады. Көргіш көздер ін түбіне қадалды. Күшіктер бірі үстіне бірі үйіліп, баурын көтеріп қыбырлай алмай, жақын жерде жатыр еді.Жып-жылы мықты тұсаулар мойнынан, жотадан ұстап бар күшікті сыртқа алып шықты. Жеті күшіктің бесеуін көздеріне қарап отырып өлтірді де, екі кішкенесін тірі қалдырды. Кетерде бұның біреуінің тірсегін қиып қалдырды да, екінші біреуін - ең кенжесін алып жүріп кетті. Қалған жалғыз күшікті тістелеп алып, екі қасқыр жоқ болды. Ін қаңырап қалды...
2- мәтін. « Шақан шері » романынан үзіндіАрқадан қайтқан жаз еді. Өте сәтті жаз. Шақан Іленің етегін ұялы қаншырдан тазартқан. Табу оңай. Аңду оңай. Атып түсіру тіпті оңай. Қайткенде де жолбарыс перісі Шақан – Шері үшін машықты кәсіп. Содан соң саяқ арландарының соңына түсті. Серік іздеген қаншырдың мауыққан үнімен аңырай шақырады. Баспадан қорғасын оқпен тосып алады. Тіпті, жолбарыстың терісін сыпыруға ерінетін болды. Жаңа қалаға екі-үшеуін апарып, оқ-дәріге молыққан соң артық жұмыс көре бастаған.Ал, Шақан өз тірлігінен таймады - жолбарыс әулетіне қарсы жанкешті соғысын одан әрі жалғастырды. Іленің басынан өтіп, Шелектің бойымен, Шарынның шатқалын сүзді – қан жайлау, қаптаған ел, қаншама жұрттың көзіне түсіп, шаршап,шалдығып, бос оралған. Бірақ нәтижесіз емес – Жетісуда жолбарыс әулеті тек Іленің етегінде ғана қалғанына анық көзі жетті. Әйтседе дарияның таудан құлаған тармақ, салаларын түгендей кеткісі келді. Сол оймен Күртіні өрледі.3- мәтін. « Қызыл кітап » поэмасынан үзінді
Қызыл түлкі даланың көрігі еді.
Жаға болып ол енді «керіледі».
Бөкебаймен бүркеулі анау қалпақ —
Қалпақ емес —
Қақпан боп көрінеді.
Тымырсығы-ай!
Қалада жел еспейді.
Жел есетін бұл жайлау емес дейді.
Анау киім ілгішке көзім түссе,
Бұғылардың мүйізі елестейді.
Ойран салған сайғақтың өрісіне
Қауіптірек сібірдің бөрісінен
Кейбіреулер
Сыйлайды саудагерге
Папка жасап ақбөкен терісінен.
Хайуанатқа жасаған қиянатың —
Бауырыңа жасаған опасыздық!
Бағалау критерийі | Тапсырма № |
| |||||
|
Кері байланыс.
- Сабақта алған 3 маңызды ақпарат
- Қиындық келтірген 2 мәселе
- Сабақта ұнаған 1 аспект
Үйге тапсырма: «Шақан шері» романын оқу
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?