М.Мағауин «Шақан - шері» романы. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, дидактикалық материал. 5 сабақ.


Дидактикалық материалдар

Тылсым табиғатта мезгіл мен мекен заңдылығына бағынбайтын еш нәрсе болмас.

Уақыт пен кеңістіктің бірлігін «хронотоп» деп атайды

Уақыт таңбасы кеңістікте белгіленіп көрінеді. Ал кеңістік уақыт арқылы танылып, уақыт арқылы өлшенеді.

Уақыт пен кеңістік ұғымдары әдебиет пен өнерге қатысты үш салаға бөлініп қарастырылады: 1.Реалды (физикалық) уақыт пен кеңістік; 2.Концептуалдық уақыт пен кеңістік; 3.Перцептуалдық уақыт пен кеңістік [2, 11].

Реалды уақыт пен кеңістік бізден тыс объективті түрде болып жатқан құбылыстарда, олардың алмасу, орын ауыстыру өзгешеліктеріне қатысты. Адамзаттың ұғымында олар туралы түсініктің болуы да, болмауы да мүмкін.

Концептуалдық уақыт пен кеңістік – табиғат, аспан денелері, қоршаған орта туралы біздің заманымызда жинақталған ұғымдар. Бұл іс жүзінде реалды уақыт пен кеңістіктің санамыздағы үлгісі болып табылады. Бұған әр халықтың өзінше қолданатын ай, күн, календарлары, мүшел, жыл санау, жыл қайыру ерекшеліктерін жатқызуға болады.

Перцептуалдық уақыт пен кеңістік ұғымы адамдардың сезім-түйсіктерінің, психологиялық суреттерінің өзгеріп отыруымен төркіндес. Мәселен, көркем шығарманың өз ішінде ғана жүріп отыратын уақыт пен кеңістікке қатысты адамдардың көңіл-күйінің өзгеріп отыруы осының айғағы.

«Жолбарыс аулау - қазақтың ата дәстүрі, машықты өнері , - деген ашық аспан астында, алаулы от басында ет жеп, сорпа ішілгеннен соңғы әңгіме-кеңесте Құба-мерген. - Төріне тарғыл жолбарыс ілінбеген үйде найза ұстар ұл тумайды деген бабаларымыз. Ол заманда ұзын аққан Сыр-Дария, қамысты қалың Шу бойы қаптаған қалың жыртқыш екен. Ал Іленің етегінде жыпырлап жүрсе керек. Шұбар шері, тіпті, аң қағып Алатаудың сай-саласына шығып кететін. Күні кеше ғана анау заңғардан - Жасыл көлден балалы жолбарысты өз көзіммен көрдім. Е-е, ол да бір дәурен екен. Жолбарыстың жүрегін жеп, толғағы тарқаған ана мың сан жаудан қайтпайтын қара болат батыр турады екен. Қазіргі қатын немене... тұз, құрт, ашыған көже...Соны көре тұра кейінгі балаға жасықсың, жамансың деп кінә қоямыз».

«Бірақ  өңі боп-боз еді. Зорлана жымиды. - Екпіні сондай қатты екен.  Жылдамдығын айтсаңшы. Найзаны кезеп те үлгермедім... -  Атым ат-ақ еді, -  деді жігіт бұрынғыдан әрмен бозарып. - Қамбардың қара қасқасындай...Жігіттің белін шешіп жібергенде жұрт тегіс ах ұрды. Қызыл қанға боялған күдері шалбардың ауы дал-дұл, жігіттің жамбас тұсы алақандай қызыл қошқыл жара» деген шығарманың шешімінде автор уақыт пен кеңістікті ашық береді ме, әлде кейіпкердің ішікі толғанысы арқылы көрсетеді ме? Осы эпизодта уақыт пен кеңістікті анықтаңыз және оған талдау жасаңыз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу