М.Мағауин «Шақан - шері» романы. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, презентация. 5 сабақ.


Аңызбен өрілген көркем сөз

М.Мағауин «Шақан - шері» романы

Оқу мақсаты:

10.2.1.1 - әдеби шығарманың композициясын уақыт пен кеңістік тұрғысынан талдау;

Бағалау критерийі:

Шығарманы уақыт тұрғысынан талдайды

Шығарманы кеңістік тұрғысынан талдайды

«Уақыт» және «кеңістік» сөздеріне ассосация жасаңыздар. Тапсырмаңызды шығарма сюжеті мен оқу мақсатымен байланыстырып айтыңыздар.

Мәтінді оқыңыз.

Оқыған мәліметіңізді суретпен байланыстырып айтыңыз.

1-топ.Шығарманың экспозициясы мен оқиғаның басталуындағы автор бейнелеген уақыт пен кеңістікті талдаңыздар. Талдау барысында автордың уақыт пен кеңістікті берудегі мықты жақтарын айтыңыздар.

2- топ. «Жолбарыс аулау - қазақтың ата дәстүрі, машықты өнері , - деген ашық аспан астында, алаулы от басында ет жеп, сорпа ішілгеннен соңғы әңгіме-кеңесте Құба-мерген. - Төріне тарғыл жолбарыс ілінбеген үйде найза ұстар ұл тумайды деген бабаларымыз. Ол заманда ұзын аққан Сыр-Дария, қамысты қалың Шу бойы қаптаған қалың жыртқыш екен. Ал Іленің етегінде жыпырлап жүрсе керек. Шұбар шері, тіпті, аң қағып Алатаудың сай-саласына шығып кететін. Күні кеше ғана анау заңғардан - Жасыл көлден балалы жолбарысты өз көзіммен көрдім. Е-е, ол да бір дәурен екен. Жолбарыстың жүрегін жеп, толғағы тарқаған ана мың сан жаудан қайтпайтын қара болат батыр турады екен. Қазіргі қатын немене... тұз, құрт, ашыған көже...Соны көре тұра кейінгі балаға жасықсың, жамансың деп кінә қоямыз».Берілген үзіндідегі уақыт пен кеңістікті анықтаңыздар. Автор уақыт пен кеңістіктің қай түрін қолданған? Оны қолданудағы ерекшелігі қандай?

3-топ.

Шығармада Шақан Шерінің жолбарыс аулауы, жолбарыспен жекпе-жекке шығу туралы сюжеттерінде автор уақыт пен кеңістікті қалай береді? Уақыт пен кеңістік оқырманға қандай ой салады?

4-топ. «Бірақ өңі боп-боз еді. Зорлана жымиды. - Екпіні сондай қатты екен. Жылдамдығын айтсаңшы. Найзаны кезеп те үлгермедім... - Атым ат-ақ еді, - деді жігіт бұрынғыдан әрмен бозарып. - Қамбардың қара қасқасындай...Жігіттің белін шешіп жібергенде жұрт тегіс ах ұрды. Қызыл қанға боялған күдері шалбардың ауы дал-дұл, жігіттің жамбас тұсы алақандай қызыл қошқыл жара» деген шығарманың шешімінде автор уақыт пен кеңістікті ашық береді ме, әлде кейіпкердің ішікі толғанысы арқылы көрсетеді ме? Осы эпизодта уақыт пен кеңістікті анықтаңыз және оған талдау жасаңыз.

Бағалау критерийі:

Уақыт пен кеңістікті анықтайды

Шығармадағы уақыт пен кеңістікке талдау жасайды

Кері байланыс.

Мықты жағы

Әлсіз жағы

Мүмкіндіктер

Қауіп-қатер

Рефлексия

Сізге мақсат түсінікті болды ма?

Тапсырманы орындау сізге қиындық тудырды ма? Неге?

Сіз бұл мақсатты жетілдіру үшін не істей аласыз?

Осы мақсат бойынша тапсырманың қандай болғанын қалайсыз?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу